Мұхтар Омарханұлы
Әуезов – Ұлы
жазушы, қоғам
қайраткері, ғұлама
ғалым, Қазақстан Ғылым
академиясының
а
кадемигі
(1946), филология
ғылымдарының
докторы,
профессор (1946), Қазақ
КСРO-нің еңбек сіңірген
ғылым қайраткері
ӨМІРБАЯНЫ
Ол қазіргі Шығыс
Қазақстан
облысының Абай
ауданы жерінде
189
7 жылы жиырма
сегізінші қыркүйекте
туған.
Мұхтар атасының
қолында өскен. Атасы
Әуез бен әжесі
Дінасылдың
тәрбиесінде болған бала
Мұхтардың алғаш
сауатын ашушы да
атасы.
Алғашқыда1908 жылы
Семейдегі
Камалиддин хазірет
медресесінде оқып, одан
кейін орыс мектебінің
дайындық курсына
ауысады. 1910
жылы Семей қалалық бес
кластық орыс қазына
училищесіне оқуға
түсіп, соңғы класында
оқып
жүргенде «Дауыл» атты
алғашқы шығармасын
жазады.
Училищені 1915 жылы
аяқтап, Семей қалалық
мұғалімдер
семинариясына
түседі. Семинарияда оқып
жүріп Шәкерім
Құдайбердіұлының
«Жолсыз
жаза» дастанының
негізінде «Еңлік –
Кебек» пьесасын
жазып, оны 1917 жылы
маусым айында
Ойқұдық деген жерде
сахнаға шығарады.
1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі
орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ
бөлімінің меңгерушісі және«Қазақ тілі» газетінің ресми
шығарушысы болып тағайындалады. 1926 жылы жаз
айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның
материалдары негізінде жазылған «Әдебиет
тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып
шығады. 1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс
Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал
жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар
негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы
заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта
Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды
әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.
«АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫ
«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге
әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» –
қазақтың көркем прозасын классикалық
деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне
көркемдік қуат әкелген үздік туынды.
Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ
халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық
қырынан энциклопедиялық деңгейде
жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың
«Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік
деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік
шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген
жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл романэпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл
түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы
шығарма ретінде де танылды.
Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай»
(1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы болып
табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан
тұратын; 1952, 1956) романын жазды. Онда қазақ
халқының этнографиялық, діни, жалпы мәденитанымдық дәстүрлері: жаз жайлауға
көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі
мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс
сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат
көріністері, т.б. бәрі бар. Роман-эпопеяның
танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен
мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор
болды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай»
романы үшін жазушыға 1949 жылы КСРО
Мемлекеттік сыйлығы беріліп, төрт томдық
«Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен
кейін ол 1959 жылы Лениндік
сыйлықтың лауреаты атанды.Эпопея дүние жүзі
халықтарының бір жүз он алты тіліне
аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті
кітапханасы» топтамасында екі том болып
басылды.
ӘУЕЗОВТЫҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫ
Әуезов қаламынан 30-дан аса
драмалық шығарма туды. Жеке
пьесалардың варианттарын
қоссақ, 50-ден асады. Әуезов
драматургиясында жанрлық
формалардың бәрін қамтыған.
Онда трагедия да, комедия да, драм
а да бар. Әуезов кейбір
шығармаларын бірігіп жазған. Олар:
Л. Соболев («Абай»),
С.
Мұқанов («Ақан - Зайра»),
Ғ.
Мүсірепов («Қынаптан қылыш»), Ә.
Тәжібаев
(«Ақ қайың»), Ә.
Әбішев («Намыс
гвардиясы»), «Октябрь үшін»
пьесасының материалдары Жетісу қазақтарының революцияға
келеді.
Әуезовті әдебиетке «Еңлік - Кебек» алып
келді. Шығарма өзегі - эпостық материал.
Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді
дәстурлердің бірі. Әуезовтің «Еңлік - Кебегі»
1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері
сахна тілімен сөйлейді. Автор өзінен бұрынғы
мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы көркемдік тамаша табыс.
Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов
пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше
көрініс қысқарды. Аса терең, мәнді
шығарманың бірі - «Түнгі сарын». Бұл - қазақ
драматургиясында реализмнің орныққанын
көрсеткен туынды. Мұнда көркемдік шешім
ақындық идеалмен тығыз байланысты. Таптық
тартыс шығармада жай схема түрінде
емес, адам тағдырлары арқылы бейнеленеді.
«Түнгі сарын» - қазақ драматургиясында
жағымды кейіпкерлер проблемасын шешкен
туынды. «Октябрь үшін», «Тартыс»
пьесаларында Әуезов реалистік драма
жасаудың түрлі-түрлі құралдарын
пайдаланған.