1. «Ұстаз ұлы тұлға»
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік
жүгін арқалап келеміз» деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұстаздарға
зор жауапкершілік жүктеп отырғаны баршамызға тайға таңба басқандай
белгілі. Өйткені бүгінгі жаһандану заманында дамудың биік көкжиегінен
көрінгісі келген кез-келген мемлекеттің өсіп- өркендеуінің, бәсекеге
қабілетті болуының ең басты ошағы-ұстаз берген білімде. Барлық ғалым
да, шахтер де, президент те, инженер де осы ұстаздың тәлімімен алға қарай
қадам басып, талай биіктерді бағындырған. Ұстаз деген менің ойымша,
шәкірттің білімін шыңдаушысы, білімнің биігіне қанат қағып, талай
асуларды бағындыру жолындағы шәкіртінің демеушісі әрі қолдаушысы
деп ойлаймын. Осындай өмірден өз орныңды табуға жол бастайтын, үлгі-
өнеге, ақыл-кеңес беретін жанашыр ұстаздың болуы мен үшін үлкен
бақыт. Менің түсінігімдегі ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы
тұнған өнеге, ой-өрісі биік, жүрегі жылы қөңілі дарқан адам. Мен алғаш
2011 жылы колледж табалдырығын аттағаннан-ақ маған ақ көңіл
мінезімен көзге түскен сыпайы жан ол- Мектепова Лиза апай. Менің ол
кісіге алғысым шексіз. Бізді білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбиесін
бойымызға сіңіру жолында аянбай еңбек етіп, келе жатқан Лиза апайды
ерекше бір ықыласпен атағым келеді. Біз қуанған кезде және мұңайғанда
жанымыздан табылып, анамыздай бізді аялаған, әрқашан біздің
жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүреді. Әлемнің
екінші ұстазы атанған ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фара-би «Адамға ең
әуелі білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас
жауы» деген емес пе! Әрбір адам білім нәрімен сусындамас бұрын
тәлім-тәрбиеден өтеді. Лиза апай үнемі өз сабағын бастамас бұрын
2. студенттерге яғни болашақ педагогтарға әрдайым тәлім- тәрбиемен бағыт
бағдар беріп отырады. Сонымен қатар апай әріптестерінің ортасында
оразан зор беделге ие жан. Бір дауыс көтермей өзін сыйлата білетін
Лиза апайды студенттер өнеге тұтып, ерекше қадірлейді. Мен апайды
мақтап, мадақтап отырған жоқпын, қазақта айтады емес па «Жақсының
жақсылығын айт нұры тасысын» деп мен жалпы сол негізде баяндап
отырмын.
Құттығұлов Ғабит
«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенті»