13.1 лекция.pptx

S
Дәріс тақырыбы:13. Жанғыш сұйықтардың тұтану
температурасын анықтау
«Экология және геология» кафедрасы
аға оқытушы: Баймукашева Ш.Х.
Жану – жылу және жарық
бөлінуімен бірге жүретін
тотығудың химиялық реакциясы.
Үрдістің жүру жылдамдығына
байланысты жану өздігінен жану
және жарылыс түрінде болуы
мүмкін.
Жарылыс – қалыпты мөлшерде
жарық пен жылудың аз уақытқа
бөлінуімен жүретін жанудың жеке
түрі.
Жану үрдісі пайда болуы үшін жану
ортасы жалын көзінің көмегімен
белгілі температураға дейін
қыздырылған болуы керек.
Жанудың пайда болуы немесе
жалғасуы жанғыш зат пен оттегінің
белгілі жану көзінің жылулық
энергиясының қоры болғанда ғана
мүмкін болады. Тұрақты жанудың
үлкен жылдамдығы таза оттегіде
байқалады, ең азы ауада 14-15
пайыз оттегі болғанда байқалады.
Ауада оттегі аз болғанда заттардың
үлкен бөлігінің жануы тоқтайды.
Толық жану кезінде көміртегі
оксиді, су, азот, күкіртті
ангидрид, фосфорлы ангидрид
жану өнімдері болады. Толық
емес жануда өткір иісті, улы
жанғыш және жарылысқа қауіпті
заттар түзіледі: көміртегі оксиді,
спирттер, қышқылдар,
альдегидтер т.б. Заттардың
жануы тек оттекті ортада ғана
емес, сонымен қатар хлорлы,
бром буы бар күкіртті орталарда
да жану жүруі мүмкін.
Өрттің пайда болуы өндіріс сипатына, ғимараттар мен материалдардың
өртке төзімділігіне, тұтану деңгейіне тәуелді болады.
Жарылыс, өрт-жарылыс және өрт қауіпіне байланысты барлық өнімдер
6 категорияға бөлінеді: А,Б,В,Г,Д
А-мұнай өңдеуші зауыттар, химиялық өнеркәсіптер, құбырлар, мұнай өнімдері
қоймалары.
Б- көмір шаңын, ағаш ұнтағын, ұнтақ қант, диірменнің ұнтақтау бөліктерін тасымалдау
және дайындау цехтары:
В- ағаш өңдеу, орман отау шаруашылықтары т.б. өндірістер
Г – сәулелі жарық бөлінумен және ұшқын және жалын қоса жүретін балқытылған,
ыстық түрдегі жанбайтын материалдардың және заттардың алыну, сақталу және
қолданылуының технологиялық өндірісі.
Д- суық түрдегі жанбайтын заттар мен материалдарды сақтау және өндіру
процесстері.
Неғұрлым өртке қауіпті
кәсіпорындарда А,Б,В
категорияларының
кәсіпорындары жатады. Г және
Д категориясының
кәсіпорындары өрт қауіпі жоқ
кәсіпорындарға жатады.
өрт қауіпі – заттағы , күйдегі
процесстегі өрттің пайда болу
немесе таралу мүмкіндігі.
Ғимараттардың өртке
төзімділігі ғимараттардың
жоғары температура әсеріне
кедергі көрсету қабілеті.
Ғимараттардың өртке
төзімділігі олардың негізгі
бөліктерінің өртке
төзімділігінің шегіне тәуелді.
Барлық құрылыс материалдары
жануы бойынша 3 топқа бөлінеді:
жанбайтын – от немесе жоғары
температурада тұтанбайтын,
бықсымайтын, үгілмейтін
материалдар;
қиын жанатын – от немесе жоғары
температурада қиын тұтанатын,
бықситын, егер жану көзі болмаса
жану және бықсу процесі тоқтайтын
материалдар;
жанатын – от немесе жоғары
температурада жанатын немесе
тұтанатын, от көзі әкетілген соң да
жануын тоқтатпайтын материалдар.
Өрттер келесі параметрлермен сипатталады:
• өрт ұзақтығы - өрттің басталуынан толық өшуіне дейінгі уақыт;
•ішкі өрт температурасы - бөлмедегі газды ортаның орташа көлемдік
температурасы;
•ашық өрт температурасы- жалын температурасы;
•өрт алаңы тік және көлденең жазықтықтарға жану аумағының проекциясы
ауданы;
•жану аумағы- жанғыш заттардың жануға дайындалуы өтетін кеңістік;
•жылулық әсер аумағы-жану аумағына қосылатын, жылулық әсер құрылыс
және материалдар жағдайын көрнекі өзгерістерге әкелетін кеңістік;
•түтін басу аумағы- түтін газымен толатын, адам денсаулығына, өміріне қатер
төндіретін, жану аумағына қосылатын кеңістік;
•тұтас өрттің таралу жылдамдығы-өрттің орын ауыстыру жылдамдығы;
•өрттің таралуы-жану аумағының материалдар бетінде жылу өткізгіштік,
жылу реакциясы және конвекция есебінен таралуы.
Жарылғыш заттар — сыртқы
әсердің ықпалымен өте тез
химиялық өзгеріске түсіп,
жылу бөлініп, катты қызған
газдардың түзілуінен күшті
соққы пайда болатын
химиялық құрамалар мен
қоспалар.
Жарылғыш заттар қолданылу
сипатына карай:
•бөлшектегіш (бризанттық),
•лақтырғыш (дәрі)
•пиротехникалық болып
болінеді.
Ядролық жарылғыш заттар
дегеніміз — жарғыш сипаттағы
ядролық (термоядролық) реакция
нәтижесінде қас-кағым сәтте өте
көп мөлшерде энергия шығаратын
зат. Мүмкін болатын шығын және
залал көзқарасында жарылыстар
үлкен және ерекше қауіп төндіреді.
Жарылыстық соққы – жарылыс кезінде
қысымның, тығыздықтың және орта
температурасының бірден өсуі жүретін
орта қозғалысы. Жарылыстық соққының
алдыңғы шебі ортада тез таралады.
Жарылыстың соққы әсерінен жарылыс
оның ошағынан алыс тұрған заттарға,
нысандарға механикалық әсер береді.
Химиялық жарылыс энергиясы көзі-
тез және өздігінен өтетін жанғыш
заттардың тотықтырғышпен немесе
тұрақсыз қосылыстардың термиялық
ыдырауы әсерінен болатын
экзотермиялық реакциялар.
Қысылған газдар энергиясы көзі-
сұйықтың қарқынды булануына
немесе газға айналуына,
температураның өсуіне
әкелетінаппараттың жабық
көлеміндегі ішкі және сыртқы
энергиясы.
1 de 11

Recomendados

15.1. лекция.pptx por
15.1. лекция.pptx15.1. лекция.pptx
15.1. лекция.pptxShynar8
24 visualizações13 slides
14.1. лекция.pptx por
14.1. лекция.pptx14.1. лекция.pptx
14.1. лекция.pptxShynar8
15 visualizações17 slides
12. лекция.pptx por
12. лекция.pptx12. лекция.pptx
12. лекция.pptxShynar8
6 visualizações7 slides
лекция 11.pptx por
лекция 11.pptxлекция 11.pptx
лекция 11.pptxShynar8
4 visualizações25 slides
лекция 10.pptx por
лекция 10.pptxлекция 10.pptx
лекция 10.pptxShynar8
27 visualizações7 slides
лекция 9.pptx por
лекция 9.pptxлекция 9.pptx
лекция 9.pptxShynar8
4 visualizações11 slides

Mais conteúdo relacionado

Mais de Shynar8

лекция 6.pptx por
лекция 6.pptxлекция 6.pptx
лекция 6.pptxShynar8
11 visualizações10 slides
лекция 5.pptx por
лекция 5.pptxлекция 5.pptx
лекция 5.pptxShynar8
9 visualizações8 slides
лекция 4.pptx por
лекция 4.pptxлекция 4.pptx
лекция 4.pptxShynar8
21 visualizações12 slides
лекция 3.pptx por
лекция 3.pptxлекция 3.pptx
лекция 3.pptxShynar8
11 visualizações11 slides
лекция 2.pptx por
лекция 2.pptxлекция 2.pptx
лекция 2.pptxShynar8
27 visualizações11 slides
лекция 1.pptx por
лекция 1.pptxлекция 1.pptx
лекция 1.pptxShynar8
57 visualizações17 slides

Mais de Shynar8(20)

лекция 6.pptx por Shynar8
лекция 6.pptxлекция 6.pptx
лекция 6.pptx
Shynar811 visualizações
лекция 5.pptx por Shynar8
лекция 5.pptxлекция 5.pptx
лекция 5.pptx
Shynar89 visualizações
лекция 4.pptx por Shynar8
лекция 4.pptxлекция 4.pptx
лекция 4.pptx
Shynar821 visualizações
лекция 3.pptx por Shynar8
лекция 3.pptxлекция 3.pptx
лекция 3.pptx
Shynar811 visualizações
лекция 2.pptx por Shynar8
лекция 2.pptxлекция 2.pptx
лекция 2.pptx
Shynar827 visualizações
лекция 1.pptx por Shynar8
лекция 1.pptxлекция 1.pptx
лекция 1.pptx
Shynar857 visualizações
лекция 15.pptx por Shynar8
лекция 15.pptxлекция 15.pptx
лекция 15.pptx
Shynar830 visualizações
лекция 14.pptx por Shynar8
лекция 14.pptxлекция 14.pptx
лекция 14.pptx
Shynar851 visualizações
лекция 13.pptx por Shynar8
лекция 13.pptxлекция 13.pptx
лекция 13.pptx
Shynar827 visualizações
лекция 12.pptx por Shynar8
лекция 12.pptxлекция 12.pptx
лекция 12.pptx
Shynar818 visualizações
лекция 11.pptx por Shynar8
лекция 11.pptxлекция 11.pptx
лекция 11.pptx
Shynar822 visualizações
лекция 10.pptx por Shynar8
лекция 10.pptxлекция 10.pptx
лекция 10.pptx
Shynar828 visualizações
лекция 9.pptx por Shynar8
лекция 9.pptxлекция 9.pptx
лекция 9.pptx
Shynar815 visualizações
лекция 8.pptx por Shynar8
лекция 8.pptxлекция 8.pptx
лекция 8.pptx
Shynar815 visualizações
лекция 7.pptx por Shynar8
лекция 7.pptxлекция 7.pptx
лекция 7.pptx
Shynar831 visualizações
лекция 6.pptx por Shynar8
лекция 6.pptxлекция 6.pptx
лекция 6.pptx
Shynar814 visualizações
лекция 5.pptx por Shynar8
лекция 5.pptxлекция 5.pptx
лекция 5.pptx
Shynar826 visualizações
лекция 4.pptx por Shynar8
лекция 4.pptxлекция 4.pptx
лекция 4.pptx
Shynar823 visualizações
лекция № 3.pptx por Shynar8
лекция № 3.pptxлекция № 3.pptx
лекция № 3.pptx
Shynar818 visualizações
лекция 2.pptx por Shynar8
лекция 2.pptxлекция 2.pptx
лекция 2.pptx
Shynar834 visualizações

13.1 лекция.pptx

  • 1. Дәріс тақырыбы:13. Жанғыш сұйықтардың тұтану температурасын анықтау «Экология және геология» кафедрасы аға оқытушы: Баймукашева Ш.Х.
  • 2. Жану – жылу және жарық бөлінуімен бірге жүретін тотығудың химиялық реакциясы. Үрдістің жүру жылдамдығына байланысты жану өздігінен жану және жарылыс түрінде болуы мүмкін. Жарылыс – қалыпты мөлшерде жарық пен жылудың аз уақытқа бөлінуімен жүретін жанудың жеке түрі.
  • 3. Жану үрдісі пайда болуы үшін жану ортасы жалын көзінің көмегімен белгілі температураға дейін қыздырылған болуы керек. Жанудың пайда болуы немесе жалғасуы жанғыш зат пен оттегінің белгілі жану көзінің жылулық энергиясының қоры болғанда ғана мүмкін болады. Тұрақты жанудың үлкен жылдамдығы таза оттегіде байқалады, ең азы ауада 14-15 пайыз оттегі болғанда байқалады. Ауада оттегі аз болғанда заттардың үлкен бөлігінің жануы тоқтайды.
  • 4. Толық жану кезінде көміртегі оксиді, су, азот, күкіртті ангидрид, фосфорлы ангидрид жану өнімдері болады. Толық емес жануда өткір иісті, улы жанғыш және жарылысқа қауіпті заттар түзіледі: көміртегі оксиді, спирттер, қышқылдар, альдегидтер т.б. Заттардың жануы тек оттекті ортада ғана емес, сонымен қатар хлорлы, бром буы бар күкіртті орталарда да жану жүруі мүмкін.
  • 5. Өрттің пайда болуы өндіріс сипатына, ғимараттар мен материалдардың өртке төзімділігіне, тұтану деңгейіне тәуелді болады. Жарылыс, өрт-жарылыс және өрт қауіпіне байланысты барлық өнімдер 6 категорияға бөлінеді: А,Б,В,Г,Д А-мұнай өңдеуші зауыттар, химиялық өнеркәсіптер, құбырлар, мұнай өнімдері қоймалары. Б- көмір шаңын, ағаш ұнтағын, ұнтақ қант, диірменнің ұнтақтау бөліктерін тасымалдау және дайындау цехтары: В- ағаш өңдеу, орман отау шаруашылықтары т.б. өндірістер Г – сәулелі жарық бөлінумен және ұшқын және жалын қоса жүретін балқытылған, ыстық түрдегі жанбайтын материалдардың және заттардың алыну, сақталу және қолданылуының технологиялық өндірісі. Д- суық түрдегі жанбайтын заттар мен материалдарды сақтау және өндіру процесстері.
  • 6. Неғұрлым өртке қауіпті кәсіпорындарда А,Б,В категорияларының кәсіпорындары жатады. Г және Д категориясының кәсіпорындары өрт қауіпі жоқ кәсіпорындарға жатады. өрт қауіпі – заттағы , күйдегі процесстегі өрттің пайда болу немесе таралу мүмкіндігі. Ғимараттардың өртке төзімділігі ғимараттардың жоғары температура әсеріне кедергі көрсету қабілеті. Ғимараттардың өртке төзімділігі олардың негізгі бөліктерінің өртке төзімділігінің шегіне тәуелді.
  • 7. Барлық құрылыс материалдары жануы бойынша 3 топқа бөлінеді: жанбайтын – от немесе жоғары температурада тұтанбайтын, бықсымайтын, үгілмейтін материалдар; қиын жанатын – от немесе жоғары температурада қиын тұтанатын, бықситын, егер жану көзі болмаса жану және бықсу процесі тоқтайтын материалдар; жанатын – от немесе жоғары температурада жанатын немесе тұтанатын, от көзі әкетілген соң да жануын тоқтатпайтын материалдар.
  • 8. Өрттер келесі параметрлермен сипатталады: • өрт ұзақтығы - өрттің басталуынан толық өшуіне дейінгі уақыт; •ішкі өрт температурасы - бөлмедегі газды ортаның орташа көлемдік температурасы; •ашық өрт температурасы- жалын температурасы; •өрт алаңы тік және көлденең жазықтықтарға жану аумағының проекциясы ауданы; •жану аумағы- жанғыш заттардың жануға дайындалуы өтетін кеңістік; •жылулық әсер аумағы-жану аумағына қосылатын, жылулық әсер құрылыс және материалдар жағдайын көрнекі өзгерістерге әкелетін кеңістік; •түтін басу аумағы- түтін газымен толатын, адам денсаулығына, өміріне қатер төндіретін, жану аумағына қосылатын кеңістік; •тұтас өрттің таралу жылдамдығы-өрттің орын ауыстыру жылдамдығы; •өрттің таралуы-жану аумағының материалдар бетінде жылу өткізгіштік, жылу реакциясы және конвекция есебінен таралуы.
  • 9. Жарылғыш заттар — сыртқы әсердің ықпалымен өте тез химиялық өзгеріске түсіп, жылу бөлініп, катты қызған газдардың түзілуінен күшті соққы пайда болатын химиялық құрамалар мен қоспалар. Жарылғыш заттар қолданылу сипатына карай: •бөлшектегіш (бризанттық), •лақтырғыш (дәрі) •пиротехникалық болып болінеді.
  • 10. Ядролық жарылғыш заттар дегеніміз — жарғыш сипаттағы ядролық (термоядролық) реакция нәтижесінде қас-кағым сәтте өте көп мөлшерде энергия шығаратын зат. Мүмкін болатын шығын және залал көзқарасында жарылыстар үлкен және ерекше қауіп төндіреді. Жарылыстық соққы – жарылыс кезінде қысымның, тығыздықтың және орта температурасының бірден өсуі жүретін орта қозғалысы. Жарылыстық соққының алдыңғы шебі ортада тез таралады. Жарылыстың соққы әсерінен жарылыс оның ошағынан алыс тұрған заттарға, нысандарға механикалық әсер береді.
  • 11. Химиялық жарылыс энергиясы көзі- тез және өздігінен өтетін жанғыш заттардың тотықтырғышпен немесе тұрақсыз қосылыстардың термиялық ыдырауы әсерінен болатын экзотермиялық реакциялар. Қысылған газдар энергиясы көзі- сұйықтың қарқынды булануына немесе газға айналуына, температураның өсуіне әкелетінаппараттың жабық көлеміндегі ішкі және сыртқы энергиясы.