2. Берілген әрекеттерді орындау оңай болғанына қарамастан, ГеоГебра файлдарын
қалай сақтау керектігін қарастырайық. ГеоГебрада файл сақтау мүмкіндігі бізге
тамаша артықшылықтарды береді:
o Сіз аяқталмаған жұмысыңызды сақтап, кейін толықтыра аласыз.
o Уақытты үнемдеу үшін танысыңыздың жұмысын немесе интернеттен
файлды жүктеп алып, өз қалауыңыз бойынша өзгертуге болады.
o Дайын жұмыстарды ашық сабақтарда, форумдарда көрсете аласыз.Ол
үшін презентация көрсететін компьютерде ГеоГебра бағдарламасы
орнатылуы тиіс.
3. Енді ГеоГебра бағдарламасында бір график салып, оны сақтап
көрейік.Мысалға кубтық парабола.
Кубтық параболаны салу үшін кіріс алаңына формуласын(x^3) жазамыз.Кейін
^
пернетақтадағы "Enter"батырмасын басамыз. деген белгі дәрежені білдіреді,
оны жазу үшін "Shift" және "6" батырмаларын бір уақытта басыңыз.
4. Функциямыздың графигі дайын, енді оны сақтайық.
ГеоГебрада барлық бағдарламаларда сияқты файлды сақтаудың екі жолы бар: "Сақтау" және "Ретінде
сақтау...".
Біз "Ретінде сақтау..." арқылы жұмыс істейік.
Файл мәзір тақтасында "Ретінде сақтау..".-ды таңдаймыз. Кейін келесі беттегі терезені көруге
болады.
5. Жасылмен боялған аймақ файлдың сақталу орнын көрсетеді.Бұл жағдайда алдын ала "ГеоГебра
файлдары" атты папка дайындалған.Сіз өзініздің компьютеріңізде папка таңдап, сонда сақтайсыз.
Қара эллипспен қоршалған - "Файл аты".Онда қалаған файл атын жазамыз. Мысалы, кубтық парабола.
Барлығын аяқтаған соң "Сақта" батырмасын басыңыз.
Орындалды. Біз салған график "ГеоГебра файлдары" папкасында сақталды!
6. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Сіз үшін презентацияны дайындаған – Әміралин Азат