SlideShare uma empresa Scribd logo
1 de 22
«Патриотизмніңең жақсы үлгісі орта мектептетуған жердің тарихын
оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен
өзені тарихтансыр шертеді. Әрбір жер атауыныңтөркінітуралы талай-
талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана,
ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталғанбіртуар перзенттерібар.
Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.»
Елбасы Н.Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан.
«Махамбетжүрген жолдармен»
Елбасының 2017 жылғы сәуір айындағы « Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» мақаласынан мынауқарыштап дамыған әлемдік өркениетте әр
мемлекет өзінің ұлттық құндылықтарынбасымырақнасихаттамаса , берік
қорғамаса басқа мемлекеттердің тасасындақалу қаупі бар екенін байқайсыз .
Күнделікті тірлік пен экономиканыңтасасында қалып бара жатқан білім,
өнер , мәдениетке нақты тоқталып өтті . Мақаланың басты тақырыбы ;
ұлттық мәдениет , өнер , білім . туған жер , туған ел .
«Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағдарламаның мәні
неде?
Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын
жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға
баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени
нысандарды қалпына келтіруді көздейді.
Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын
оқудан көрініс тапса игі» - деп келетін «Таяу жылдардағы міндеттер »
тарауында кеңінен айтылған . Патриотизмнің бастауы да , жалғасы да ол –
жалпы орта білім беретін мектептерде , жас ұрпақтың білім алатын , бос
уақытын тиімді ұйымдастыратын білім орындарында . Білімді , елін , жерін
сүйген шәкіртті тәрбиелейтін ұстаз . Ендеше ұстазға қойылатын талап
ерекше . Бұл жұмыс тек белгілі бір уақыттың шеңберінде қолдау тауып ,
кейін бәсеңсіп қалмауы тиіс . Ол бірнеше жылдар бойына жүріп , жалғасын
тауып отыруы тиіс .
Қосымшабілім беру , оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру , жазғы
бесінші тоқсандемалысы ,дарынды оқушыменжұмыс бағытынатқаратын саз
мектебінің ұстазы ретінде өткен жылдарда атқарылған Туған ел , өлкетану
жұмыстары , мәдени нысандарға саяхат жұмыстарымен бөліссем .
2003 жылы Қазақ халқының күрескер ақыны , азаткер батыры , ұлт азаттық
көтеріліс жаршысы , күйші композитор Махамбет Өтемісұлының 200
жылдығына орай Атырау облысы , Индер ауданы , Қараой жеріне
«Махамбет жүрген жолдармен » саяхатын ұйымдастырдым . Аудан әкімінің
орынбасаы З. Сисенғалидың Индер ауданының әкімі С.Лұқпановпен телефон
арқылы байланысы негізінде 2003 жылдың 8 шілдесіне уақыты келісіліп ,
жоспары жасалды . Алғашқы тоқтаған мәдени ошақ 1960 жылдары
жасақталып бастаған Индер аудандық өлкетану мұражайы . Мұражайда 3500
дей жәдігер бар. «Дауылпаз ақын , ақберен батыр » бөлімінде Махамбеттің
өлеңдері , фотосуреттері , күйлері жазылған кітаптар қойылған . 1966 жылы
Махамбеттің бас сүйегін тауып , зерттеу үшін Алматыға алып кетіп, зерттеп ,
денесіне қосып жерлеген ғалым Н.Шаяхметовтің фотосуреттер қабырғасы
жасақталған .
Аудандық « Балдәурен » демалыс орталығының демалушылары жолға
шығып , көздеген жерге уақытымен жетіп , баба кесенесінің басына барды .
Ол жерде қор директоры Алдан Мақуов күтіп алып , мазардың құрылысы
туралы таныстырды . Мазар 1995 жылы Маңғыстаулық шебер Көпбол
Демесіновтің жобалауымен тұрғызылған . Мұхтар Шаханов ағамыздың
өлеңіндегі батырдың өз басы өзіне сәлем беріп тұратын жерде мазардан
қашық емес . Батырдың басын 120 жыл қойнында сақтаған төмпешіктің
жанына барып, тарихына қанықтық.Баба мазарының басына Жаңақала елінің
атынан гүл шоқтарын қойып , Махамбеттің «Исатайдың ақтабаны –ай » ,
«Жұмыр Қылыш » күйлерін орындап , бірнеше өлеңдерін оқып , үлкен
тебіреніспен кері жолға жиналдық .
Махамбет бабамыздың өлеңдерінің шығуына себеп болған , күйлерінің
тууына арқау болған тақырыптардың тарихын біліп , топырағын аяқпен
басып , Жайық өзенінен өтіп елге оралдық . Балалар келгеннен соң
әсерлерімен бөлісіп , суреттерін тамашалап , газет бетіне мақала да берілді .
Демалушылар Махамбет баба кесенесінің басында
Жаңақаладан Индерауданы , Қараой мекені , Махамбеттің мазарына
шейінгі жол картасы .
«Бөкей ордасына саяхат»
Қазақстан Республикасының 2004 -2006 жылдарға арналған «Мәдени
мұра » мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2004 жылы 3 тамызда
оқушыларды өлкетану саяхатына алып шықтым .Қазақ даласындағы алғашқы
хан ордасы халықты біліммен қамтамасыз ету үшін мектеп салдырған ,
жаппай жұқпалы аурулардан сақтану, халықтың денсаулығын арттыру
мақсатында қазақ жастарын Ресейге оқытуға мүмкіндік жасаған ,
Дәулеткерей Шығайұлының күйлерінің шығуына себеп болған мекен
болды. Ресеймен шекаралас болғандықтан алғаш Хан ордасына рояль
алдырған . Міне, білім , өнер мен мәдениеттің бастауы болған Бөкей хан
ордасына саяхаттауымыздың басты мақсаты осы еді .
Бөкей Ордасы , ішкі Орда Ресей императорының рұқсатымен құрылған ,
1801- 1845 жылдары Еділ мен Жайық өзендері аралығында болған қазақ
хандығы. 1801 жылы 11 сәуірде 1-Павел патша Бөкейдің жолдаған хатына
келісім беріп , жарлық шығарады .1806 жылы патша жарлығының негізінде
Бөкей Ордасының нақты шекарасы белгіленіп ,жәрмеңке орындарына жер
бөлінді . 1823 жылы 22 маусымда патша жарлығымен Жәңгір Бөкейұлы
Бөкейордасының ханы болып тағайындалды .Еуропалық өркениетке
ұмтылған хан орыс жерінен мәдениеттің аса кереметтерін әкеліп ендірді .
Даулеткерей Шығай ұлы қазақтың халық күйшісі , күйшілік дәстүрдегі
«Төре тартыстың » шебері , «Әйелдер образын » жасаған композитор.
Дәулеткерейдің күйлерін ойнау үшін , тарихына үңілу үшін күйшінің дүниеге
келген жерін , өскен ортасын білген жөн . Осы мақсатта 2004 жылы 4,5
тамыз күндері «Балдәурен » демалыс орталығының демалушылары мен
тәрбиеші , дәрігерлермен Хан ордасына саяхат жасадық . Полигон сынағы
алаңынан табылған Даулеткерей Шығайұлының , Ордадан шыққан ғалым
Салық Бабажановтың , Жәңгір ханның мазарларының басына бардық .
Ордадағы мұражайлардың таныстырылымын Темірболат ағамыз жасап ,
балаларға кең мағұлматтар берді . Жәңгір ханның қазақ тарихындағы осы
жерді патшаның рұқсатымен алып , қоныс етіп, 1000 отбасымен Жайықтан
өтіп келіп мекен етіп , қазақ балаларын оқытып , мектеп ашып , Ресей
қалаларына жіберіп медициналық , орман шаруашылығы жөнінен маман
даярлатуы орны ерекше . Хан тұқымынан шыққан Шығайдың Даулеткерей
ұлын ел басқару ісіне араластырғысы келген ойы ұзаққа бармады . Мүсірәлі
күйшінің мектебінен дәріс алған Даулеткерей ел басқару өзіне лайықты емес
екенін түсініп , бірден өнер жолына , күйшілікке ауысады . Бүгінгі күні
«төре» тартыспен танылып жүрген , яғни оң қолдың амплитудасы домбыра
бетінен алшақтамай , Құрманғазы күйшінің тартысындағы төгілген қара
тартыстан өзгеше тартыс қалыптастырады . Әйел образын жасаған күйлері
өте көп . Олар «Қосалқа » , «Қыз Ақжелең » , «Кербез » , «Көркем ханым » ,
«Қаражан ханым » , «Жеңгем сүйер» күйлері . Бірнеше күйлерін орындап
бердім .
Сяхатымыз балалардың үлкен әсерімен өз ауылымызға оралумен аяқталды.
Өз жеріміздегі осындай тарихи орындарды дүние жүзінен келіп тамашалап
жатқанда өзіміздің біле тұра барып көрмегеніміз қынжылтады . Егер әр
Қазақстанның азаматы өз Туған жерінің тарихын біліп , көзбен көріп ,
қамқорлыққа алып , оны ұрпаққа жеткізе білсе Қазақстанның мәңгілік ел
болуы дегеніміз осы .
Демалушылар Бөкей ордасында .
Жаңақаладан Бөкей ордасына шейінгі жол картасы .
« Сарайшыққа саяхат »
Еліміздің әр өңірінде тарихқа тұнған ғажап орындар бар . Әр өңіріміз
табиғат белдеулеріндегі әртүрлі табиғи ерекшеліктермен қоса тарихта іргесі
бірнеше ғасыр бұрынқаланып , сақталып келген құндылықтармен бай . Егер
өз еліміздің әр облысындағы осындай ғажайыптарды өзіміз біліп , өзгеге
насихаттай білсек міне Қазақстандық патриотизм деген осы . Қазақ
тарихындағы көне қала , хан ордасы болған , бүгінгі күні Атырау
облысының Махамбет ауданында орналасқан Сарайшық қаласына
оқушылармен саяхатты 2007 жылы тамыз айында ұйымдастырдым . 12
демалушылардан құралған топқа тәрбиеші мен медбикені қосып , Махамбет
ауданының әкімі А.Сисатовпен хабарласып , саяхат жоспарын құрып , жолға
шықтық . Мақсатым өз жеріміздің тарихи орындарын аудан бүлдіршіндеріне
таныстыру .
Мәдениет бөлімінің басшылығы мамандарымен Жаңақала ауданынан
барған топты қарсы алып , Махамбет ауданында орналасқан мұражаймен
таныстырды . Әр бөлімнің жәдігерлерімен танысып , әсіресе қолөнер
бұйымдарының тамаша үлгілеріне куә болдық .
Саяхатымыз аудан орталығынан 20 шақырымда орналасқан Сарайшық
мемориалдықкешеніне бет алды . Мұнда олар жеті ханның кесенесін аралап ,
Хан ордасы Сарайшықтыңорнын аралап , мұражаймен танысты . 1999 жылы
3 қыркүйекте Елбасы Н.Ә.Назарбаев келіп ашқан мұражайдыңкіре берісі осы
салтанатты жиынның фото суреттерімен жабдықталған . Ал мұражайдың
негізі бөлімінде 13 ғасырдағы қаланың көшірмесі орналасқан . Тарихта
«Керуендер Алтын Орданыңханы әз Жәнібектің сүйікті қызына жасанды көл
жасатып , алтын қайық сыйлаған . Қызы ауырып дүние салған соң Жәнібек
хан алтын қайық пен зергерлік бұйымдарды көмдіріпті- мыс » деген
деректер бар . Жасанды көлдің , алтын қайықтың сұлбасын жасап бөлменің
ортасына орналастырған .
Сарайшық қаласының тарихы тереңде .Сарайшық қаласы Қазақ
хандығының алғашқы астанасы болған . Сарай атауы негізінен хандардың
билік құрған ордаларындағы күнделікті тұрмысқа қажеттіліктерден ,
өздерімен бірге көшіп жүретін көштің атауымен байланысты. Сарайшық
қаласы Қазақ тарихындағы қалалардың ішіндегі ортағасырлық қалаларына
жатады .Еліміздің әр өңіріндегі қалалар сол өңірдегі мәдениетті ,
шаруашылықты , өркениетті білдіреді . Сарайшықта Бастыс өңіріндегі
мәдениеттің , хандықтың көрінісі іспетті .
Қазақ хандығына әкесі Керей ханмен бірге негіз қалаған Бұрындық хан
мен Қазақ хандығын барынша кеңейтіп, нығайтқан хан Қасым неліктен
Сарайшықты алғашқы Қазақ мемлекетінің астанасы етті?
Себебі Сарайшық қаласының орналасқан жері Жайық өзенінің бойы , мал
шаруашылығына кең жайылым , суы мол , сауданың дамуына қолайлы ,
саудагерлерге өзенбойынжағалап жүруіне ыңғайлы , Қазақ хандығына
дейін-ақ, Алтын Ордамен Маңғыт жұртыныңдаңқты хандары мен билерінің,
мәңгіге топырақбұйырып, жергілікті тайпалар мен рулардыңимандылығы
мен ата-баба аруағына бас иер қасиетті орталығы болуы. Осындайтарихқа
толы , шежірелі орындардыкөріп тамашалау ұрпақ бойынапатриоттық
рухты қалыптастыратыны сөзсіз . Мектеп бағдарламасынан оқыған,
Қазақстан тарихы пәнінен алған білімдерін толықтыратүскендей болды .
Демалушы балалар үлкен әсермен ауылға оралды. «Сарайшыққасаяхат»
тақырыбыменбаспасөзгемақала жариялап ,, балалардың фото суреттерін
шығарып қолдарынаберіп , еліміздің тарихындағы тағы бір қала туралы
мәліметті ұсындым .
Сарайшық мемориалдықкешені .
Кешеннің кіре беріс көрінісі
Жаңақаладан Атырау облысы , Махамбет ауданы , Сарайшық
мемориалдық кесенесіне шейінгі жол картасы .
«Дина әже ізімен »
Күй Анасы , жерлесіміз , Ұлы күйшінің шәкірті Дина Нұрпейісованың
150 жылдығына орай аудан әкімшілігінің қолдауымен , аудандық
мұражайдың ұйымдастыруымен «Дина әже ізімен» атты экспедиция 2011
жылы маусым айында жолға шықты . Мақсаты Дина шешеміздің өміріндегі
отбасылық тұрмыс құрған жерлері , еңбек еткен ұжымшарлары ,
Нұрпейісовтер әулетінің бүгінгі ұрпақтары туралы мәліметтер жинақтау
болды . Экспедицияның жүретін жолы Жаңақала – Орал - Атырау –
Астрахань- Атырау – Алматы – Орал – Жаңақала болып белгіленді .
Экспедицияның жетекшісі сол жылдардағы Дина Нұрпейісова атындағы
өлкетану мұражайының директоры А.Захарова , бейне таспаға түсіруші
маман және мен .
Алғашқы сапарымызды Көпжасар ауылында тұрған Нұрпейісовтер
әулетінің Бқтылы қызынан туған, жасы тоқсанға таяған Ұлмекен әжеден бата
алудан бастадық . Әже жасы ұлғайғанмен есте сақтау қабылеті өте жақсы .
Немересі Русланнан көрінген Мұқағали шөбересі осы жолдардың авторынан
алғаш домбырадан дәріс алып , саз мектебінің 2- сыныбын бітіріп , бүгінгі
күні Астана қаласы кіші музыка академиясында 5 сыныпта білім алуда .Әрі
қарай Қайыр елді мекенінде тұратын жиендері Бақытов Нәсіпқали
ағамыздың шаңырағында болып , күй тыңдап , біраз сұхбат құрдық .
Экспедицияның келесі аялдамасы Орал қаласында тұратын Нұрпейісовтер
әулетінің Қоңыр қызынантуған Бағила апамыздың шаңырағында жалғасты .
Қайыржан ағамен тұрмыс құрған апамыз екі ұлды өмірге әкелген . Дина
шешеміз , нағашы әжесі туралы быраз естелікте тайтып , мұражайға жәдігер
ретінде өзінің тұтынған шай құрал ыдыстарын сыйлады .
Атырау қаласына келген экспедиция Дина Нұрпейісова атындағы
Академиялық оркестрдің құрамымен кездесіп , құрылған жылдары , бүгінгі
жетістіктері , репертуары туралы сұхбат құрып , бейне таспаға жазып алды .
Атырау өлкетану мұражйында болып , Құрманғазы мен Дина жасақталған
бұрышпен танысты . Дина Нұрпейісова атындағы музыкалық академияның
директоры Г.М.Садуақасованың қабылдауында болып , академияның
кешегісі мен бүгінгісі туралы әңгіме өрбіттік.
Атырау арқылы Астраханның Қызылжар , Азау елді мекендерінде болып ,
Дина шешеміздің еңбек еткен колхозында , Дина атындағы клубта ,
мұражайында , кітапханаларында болдық . Козлова ауылында отбасымен
тұрып , балалары колхозда еңбек етіп , кешкілік колхозшыларға концерт
қойған өнерпаздардың ішінде Дина шешемізде болған . «Еңбек ері» ,
«Сауыншы » күйлері осы жерде дүниеге келген .
Атырау арқылы Алматы қаласына жол тартқан экспедиция Нұрпейісовтер
әулетінің Жұрынбай ұлынан туған Балжан апайдың шаңырағында болдық .
Дина шешеміздің көзін көрген , батасын алған , бүгінгі күні Кенсай зиратына
жерленген Дина шешеміздің басына барып дұға етіп жүрген ,Республикалық
деңгейдегі Дина шешеміз туралы шаралардың басы – қасында жүретін ,
Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі Балжан Жұрынбайқызы
әңгімесін не бір айтылмаған тың жаңалықтармен өрбітті . « Дина шешеміздің
оқыңдар , білімді болыңдар деп айтқан өсиетін орындадым, батасын алдым»
,- дейді Балжан апай . Әңгіме арасында Дина шешеміз туралы жалған
айтылған Үміт Даулетқалиева апамыздың сұқбатына өкпелі екендігін .
кезінде Дина шешеміз Өнер майталмандарымен бірге тұрған үйдің сақталмай
бұзылғандығын , басына орнатқан тас мүсінніңде қатарындағы , алдындағы
бейіттердің тасасында қалып бара жатқандығына қынжылтатынын
жасырмай айтып салды . «Ана тілі» газетіне көптеген Дина шешеміз туралы
көптеген мақалалар беріп жүрген жазушы Латифолла Қапашев ағамызбен де
кездесудің сәті түсті . Көп ой арқалап , келелі сұқбатымызды таспаға жазып ,
елге оралуға жиналдық .
Орал қаласына келген соң экспедиция жетекшісі А.Захарова Қазақстан-
Орал телебағағдарламсына зкспедиция туралы сұқбат берді . Облыстық
өлкетану мұражайы арқылы кітапша шығарды .
Мамандығым күйші болғандықтан , әрі Көпжасар ауылын тұрғыны
ретінде, ұрпақтарымен жақсы байланыста болған соң мен де өз
қолжазбаларымнан баспасөз беттеріне мақала беріп , бұрыннан жазып
жүрген жазбаларымды түгендеп , «Күй анасы » атты Дина шешеміздің
өмірімен шығармаларынан ұстаздарға арнап , өз қаражатыма әдістемелік
оқулық шығарттым .
Жалпы Қазақ елінің әр азаматы мен азаматшасын Туған елінің, әр бір тау
мен тасының , кең даласының , өнер мен мәдениетін , тарихын білуге
шақырамын .
Өлкетану саяхаттарымен тарихқа үңілу өкен мен бүгінгінің арасындағы өз
еліне , Туған жеріне , Туған еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастырады .
Жазушы Л.Қапашевпен сұхбат.
Жұрынбай қызы Балжан апай.
Нұрпейісовтер әулетінің жиені Бағила апай . Орал қаласы .
Жаңақала- Орал –Атырау – Астрахагь- Алматы – Атырау – Орал –
Жаңақала жолының картасы .
Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің домбыра
сыныбының жоғарғы санатты ұстазы– ШуақбаеваГүлбарТұрланқызы
.
Тарихи орындарға топтық серуендер.
«Патриотизмніңең жақсы үлгісі орта мектептетуған жердің тарихын
оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен
өзені тарихтансыр шертеді. Әрбір жер атауыныңтөркінітуралы талай-
талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана,
ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталғанбіртуар перзенттерібар.
Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.»
Елбасы Н.Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан.
Елбасының 2017 жылғы сәуір айындағы « Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» мақаласынан мынауқарыштап дамыған әлемдік өркениетте әр
мемлекет өзінің ұлттық құндылықтарынбасымырақнасихаттамаса , берік
қорғамаса басқа мемлекеттердің тасасындақалу қаупі бар екенін байқайсыз .
Күнделікті тірлік пен экономиканыңтасасында қалып бара жатқан білім,
өнер , мәдениетке нақты тоқталып өтті . Мақаланың басты тақырыбы ;
ұлттық мәдениет , өнер , білім . туған жер , туған ел .
«Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағдарламаның мәні
неде?
Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын
жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға
баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени
нысандарды қалпына келтіруді көздейді.
Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын
оқудан көрініс тапса игі» - деп келетін «Таяу жылдардағы міндеттер »
тарауында кеңінен айтылған . Патриотизмнің бастауы да , жалғасы да ол –
жалпы орта білім беретін мектептерде , жас ұрпақтың білім алатын , бос
уақытын тиімді ұйымдастыратын білім орындарында . Білімді , елін , жерін
сүйген шәкіртті тәрбиелейтін ұстаз . Ендеше ұстазға қойылатын талап
ерекше . Бұл жұмыс тек белгілі бір уақыттың шеңберінде қолдау тауып ,
кейін бәсеңсіп қалмауы тиіс . Ол бірнеше жылдар бойына жүріп , жалғасын
тауып отыруы тиіс .
Қосымшабілім беру , оқушыныңбос уақытын тиімді ұйымдастыру, жазғы
бесінші тоқсандемалысы ,дарынды оқушыменжұмыс бағытынатқаратын саз
мектебінің ұстазы ретінде өткен жылдардаатқарылған Туған ел , өлкетану
жұмыстары , мәдени нысандарғасаяхат жұмыстарыменбөліссем .
Жалпы әр ұстаздыңпәндік бейінділігіне қарай проблемалық тақырыбы
болады . Менің проблемалық тақырыбым : «Күйлердіаңызыментыңдву және
орындауғабаулу » . Қай халық күйшісінің күйлерін , композитордың
шығармаларынүйренсекте , оқушыға үйретсекте шығу тарихын білу
міндетті. Дауылпаз ақын Махамбеттің мазарына 2003 жылы шілде де
Жаңақала ауданы «Балдәурен » демалыс орталығыныңдемалушыларымен
саяхат ұйымдастырдым. Мақсатым, батырдың 2003 жылы қыркүйекайында
Республикалық деңгейде аталып өтетін 200 жылдық мерейтойына орай
оқушыларға танымдық саяхат жасау болды . Махамбет батырдың
шығармаларына арқау болған тарихи орындарменжүріп , «Махамбет жүрген
жолдармен» жобасы жүзеге асты . Кесене басындаМахамбеттің өлеңдері
оқылып, күйлері орындалды . Оқушылардың әсері жоғары болды . Баспасөз
беттерінде жарияланып , фотосуреттерішығарылыпберілді .
Қазақстан Республикасының 2004 -2006 жылдарға арналған «Мәдени
мұра » мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2004 жылы 3 тамызда
оқушыларды өлкетану саяхатына алып шықтым .Қазақ даласындағы алғашқы
хан ордасы халықты біліммен қамтамасыз ету үшін мектеп салдырған ,
жаппай жұқпалы аурулардан сақтану, халықтың денсаулығын арттыру
мақсатында қазақ жастарын Ресейге оқытуға мүмкіндік жасаған ,
Дәулеткерей Шығайұлының күйлерінің шығуына себеп болған мекен
болды. Ресеймен шекаралас болғандықтан алғаш Хан ордасына рояль
алдырған . Міне, білім , өнер мен мәдениеттің бастауы болған Бөкей хан
ордасына саяхаттауымыздың басты мақсаты осы еді . Ұлттық өнерімізде
күйшілік мектептің «төре тартысын» қалыптастырған Даулеткерей
күйлерінің туғын жері осы Бөкей ордасында еді . Әйелдер бейнесінің
галереясын жасаған , «Көркем ханым » , «Қаражан ханым » , «Қосалқа »,
«Жеңгем сүйер » , « Қыз Ақжелең » күйлерінің шығу тарихына қанықты.
Еліміздің әр өңірінде тарихқа тұнған ғажап орындар бар . Әр
өңіріміз табиғат белдеулеріндегі әртүрлі табиғи ерекшеліктермен қоса
тарихта іргесі бірнеше ғасыр бұрын қаланып , сақталып келген
құндылықтармен бай . Егер өз еліміздің әр облысындағы осындай
ғажайыптарды өзіміз біліп , өзгеге насихаттай білсек міне Қазақстандық
патриотизм деген осы . Қазақ тарихындағы көне қала , хан ордасы болған ,
бүгінгі күні Атырау облысының Махамбет ауданында орналасқан Сарайшық
қаласына оқушылармен саяхатты 2007 жылы тамыз айында ұйымдастырдым.
Қазақ тарихындағы алғашқы қалалардың бірі Сарайшық қаласы «Жасанды
Аққу көлімен» саяхатшылардың қызығушылығын арттырып отыр . Хан
қызының денсаулығының төмендігіне орай көңілін аулау үшін жасанды көл
жасатып , оған шекер сеуіп , аққу серуендейтін айдынға айналдырған . Міне
тамаша еңбек емеспе ? Қазақ тарихының алтын орда тұсындағы Сарайшық
қаласы аспан асты мұражайына айналған .
2011 жылы аудандық Дина Нұрпейісова атындағы өлкетану мұражайының
ұйымдастырған «Динаәже жолымен »экспедициясының құрамында болып ,
көптеген материалдар жинақтауға мүмкіндік туды .Күй анасының 155
жылдық , Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында
жолға шыққан экспедиция Орал- Атырау – Астрахань- Алматы – Атырау-
Орал бағытымен жүріп өтті . Осы жұмыстың нәтижесімен Күй Анасының
өмірі , ұрпақтары , күйлерінің шығу тарихы туралы көп деректер хатталды .
Туған жерімізден , туған ауылымздан бастау алатын күй майталмандарының
өмірі де , шығармашылығы да көршілес Атырау облысы , Бөкей Орда ауданы
күйшілерімен тығыз байланысты . Күй атасы Құрманғазының кішкене
Динаны іздеп келіп шәкірті жасап , батасын беруі , Мүсірәлі мектебінен
сабақ алған Даулеткерейдің күйлері , Ұл ақын , дауылпаз күйші Махамбет
күйлерінің халық арасында кеңінен тарап насихатталуы өнерде шекара жоқ
екенін айғақтайды . Егер әр ұстаз өз пәнін , қызмет етіп отырған саласының
жұмыс бағытын Туған ел , Туған жер бағдарламасымен сабақтастырса Қазақ
елінің Мәңгілік ел тарихы осылай ұрпақ бойында қалыптасады . Әр өткізген
ашық сабағым , жазған ғылыми жобаларым , проблемалық тақырыбым осы
көз көріп , жинақталған материалдарыммен мазмұнын ашып тұрады .
Шуақбаева Гүлбар Тұрланқызы . Қали Жантілеуов атындағы балар
саз мектебінің жоғарғы санатты домбыра сыныбының мұғалімі .

Mais conteúdo relacionado

Mais procurados

сасанова инабат. (1)
сасанова инабат. (1)сасанова инабат. (1)
сасанова инабат. (1)
Nina Panasenko
 
абай құнанбаев
абай құнанбаевабай құнанбаев
абай құнанбаев
Robert Radchenko
 

Mais procurados (20)

қыс
қысқыс
қыс
 
сасанова инабат. (1)
сасанова инабат. (1)сасанова инабат. (1)
сасанова инабат. (1)
 
Егеменді еңселі елім менің!
Егеменді еңселі  елім менің!Егеменді еңселі  елім менің!
Егеменді еңселі елім менің!
 
Moldsfg
MoldsfgMoldsfg
Moldsfg
 
ел рәміздері. мемлекеттік тіл.
ел рәміздері. мемлекеттік тіл.ел рәміздері. мемлекеттік тіл.
ел рәміздері. мемлекеттік тіл.
 
1 желтоқсан президент күні слайд
1 желтоқсан президент күні слайд1 желтоқсан президент күні слайд
1 желтоқсан президент күні слайд
 
отаншыл патриоттарды тәрбиелеу
отаншыл патриоттарды тәрбиелеуотаншыл патриоттарды тәрбиелеу
отаншыл патриоттарды тәрбиелеу
 
Абай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігі
Абай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігіАбай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігі
Абай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігі
 
абай құнанбаев
абай құнанбаевабай құнанбаев
абай құнанбаев
 
желтоқсан
желтоқсанжелтоқсан
желтоқсан
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛРУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
 
байғанин
байғанинбайғанин
байғанин
 
Тарих ғасырлар куәсі
Тарих ғасырлар куәсіТарих ғасырлар куәсі
Тарих ғасырлар куәсі
 
7778
77787778
7778
 
055ауауауауаууууууууууууу
055ауауауауаууууууууууууу055ауауауауаууууууууууууу
055ауауауауаууууууууууууу
 
ашық сабақ қ.тарих 7 сынып
ашық сабақ қ.тарих 7 сыныпашық сабақ қ.тарих 7 сынып
ашық сабақ қ.тарих 7 сынып
 
Астана-арман қала
Астана-арман қалаАстана-арман қала
Астана-арман қала
 
Астана арман қала
Астана   арман қалаАстана   арман қала
Астана арман қала
 
армысың, ару наурыз!
армысың, ару наурыз!армысың, ару наурыз!
армысың, ару наурыз!
 
ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС
ЗИЯТКЕРЛІК   САЙЫСЗИЯТКЕРЛІК   САЙЫС
ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС
 

Semelhante a рухани жаңғыру . мақала

Таңбалы тас туралы презентация қазақ тіл білімінің
Таңбалы тас туралы презентация қазақ тіл білімініңТаңбалы тас туралы презентация қазақ тіл білімінің
Таңбалы тас туралы презентация қазақ тіл білімінің
NwnwksmwmNwmdmmaiwnd
 
алтын адам деп жүргеніміз кім
алтын адам деп жүргеніміз кімалтын адам деп жүргеніміз кім
алтын адам деп жүргеніміз кім
Ermahan Zhabaev
 

Semelhante a рухани жаңғыру . мақала (20)

жыраулар поэзиясы
жыраулар поэзиясыжыраулар поэзиясы
жыраулар поэзиясы
 
Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021
 
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыҒылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
 
сабақ
сабақсабақ
сабақ
 
11111111111111
1111111111111111111111111111
11111111111111
 
Қазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығына 550 жылҚазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығына 550 жыл
 
Виртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіВиртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесі
 
«Шоқан Уәлиханов» тақырыбына арналған жоба сабағы
«Шоқан Уәлиханов» тақырыбына арналған жоба сабағы«Шоқан Уәлиханов» тақырыбына арналған жоба сабағы
«Шоқан Уәлиханов» тақырыбына арналған жоба сабағы
 
Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас
Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмасЕгеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас
Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас
 
35 жыл ундескен тарих
35 жыл ундескен тарих35 жыл ундескен тарих
35 жыл ундескен тарих
 
Шоқан Уәлихан
Шоқан УәлиханШоқан Уәлихан
Шоқан Уәлихан
 
қазақ халқы мен қазақ хандығының қалыптасуы 5 сынып ас
қазақ халқы мен  қазақ   хандығының қалыптасуы 5 сынып асқазақ халқы мен  қазақ   хандығының қалыптасуы 5 сынып ас
қазақ халқы мен қазақ хандығының қалыптасуы 5 сынып ас
 
Таңбалы тас туралы презентация қазақ тіл
Таңбалы тас туралы презентация қазақ тілТаңбалы тас туралы презентация қазақ тіл
Таңбалы тас туралы презентация қазақ тіл
 
Таңбалы тас туралы презентация қазақ тіл білімінің
Таңбалы тас туралы презентация қазақ тіл білімініңТаңбалы тас туралы презентация қазақ тіл білімінің
Таңбалы тас туралы презентация қазақ тіл білімінің
 
алтын адам деп жүргеніміз кім
алтын адам деп жүргеніміз кімалтын адам деп жүргеніміз кім
алтын адам деп жүргеніміз кім
 
Shakarim
ShakarimShakarim
Shakarim
 
шахановвввв
шахановввввшахановвввв
шахановвввв
 
Төлеген Айбергенов
Төлеген АйбергеновТөлеген Айбергенов
Төлеген Айбергенов
 
Scenary 1
Scenary 1Scenary 1
Scenary 1
 
Тұлғасы биік тура би
Тұлғасы биік тура биТұлғасы биік тура би
Тұлғасы биік тура би
 

Mais de Asem Sarsembayeva

Mais de Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

рухани жаңғыру . мақала

  • 1. «Патриотизмніңең жақсы үлгісі орта мектептетуған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтансыр шертеді. Әрбір жер атауыныңтөркінітуралы талай- талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталғанбіртуар перзенттерібар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.» Елбасы Н.Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан. «Махамбетжүрген жолдармен» Елбасының 2017 жылғы сәуір айындағы « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан мынауқарыштап дамыған әлемдік өркениетте әр мемлекет өзінің ұлттық құндылықтарынбасымырақнасихаттамаса , берік қорғамаса басқа мемлекеттердің тасасындақалу қаупі бар екенін байқайсыз . Күнделікті тірлік пен экономиканыңтасасында қалып бара жатқан білім, өнер , мәдениетке нақты тоқталып өтті . Мақаланың басты тақырыбы ; ұлттық мәдениет , өнер , білім . туған жер , туған ел . «Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде? Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі» - деп келетін «Таяу жылдардағы міндеттер » тарауында кеңінен айтылған . Патриотизмнің бастауы да , жалғасы да ол – жалпы орта білім беретін мектептерде , жас ұрпақтың білім алатын , бос уақытын тиімді ұйымдастыратын білім орындарында . Білімді , елін , жерін сүйген шәкіртті тәрбиелейтін ұстаз . Ендеше ұстазға қойылатын талап ерекше . Бұл жұмыс тек белгілі бір уақыттың шеңберінде қолдау тауып , кейін бәсеңсіп қалмауы тиіс . Ол бірнеше жылдар бойына жүріп , жалғасын тауып отыруы тиіс . Қосымшабілім беру , оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру , жазғы бесінші тоқсандемалысы ,дарынды оқушыменжұмыс бағытынатқаратын саз мектебінің ұстазы ретінде өткен жылдарда атқарылған Туған ел , өлкетану жұмыстары , мәдени нысандарға саяхат жұмыстарымен бөліссем . 2003 жылы Қазақ халқының күрескер ақыны , азаткер батыры , ұлт азаттық көтеріліс жаршысы , күйші композитор Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына орай Атырау облысы , Индер ауданы , Қараой жеріне «Махамбет жүрген жолдармен » саяхатын ұйымдастырдым . Аудан әкімінің
  • 2. орынбасаы З. Сисенғалидың Индер ауданының әкімі С.Лұқпановпен телефон арқылы байланысы негізінде 2003 жылдың 8 шілдесіне уақыты келісіліп , жоспары жасалды . Алғашқы тоқтаған мәдени ошақ 1960 жылдары жасақталып бастаған Индер аудандық өлкетану мұражайы . Мұражайда 3500 дей жәдігер бар. «Дауылпаз ақын , ақберен батыр » бөлімінде Махамбеттің өлеңдері , фотосуреттері , күйлері жазылған кітаптар қойылған . 1966 жылы Махамбеттің бас сүйегін тауып , зерттеу үшін Алматыға алып кетіп, зерттеп , денесіне қосып жерлеген ғалым Н.Шаяхметовтің фотосуреттер қабырғасы жасақталған . Аудандық « Балдәурен » демалыс орталығының демалушылары жолға шығып , көздеген жерге уақытымен жетіп , баба кесенесінің басына барды . Ол жерде қор директоры Алдан Мақуов күтіп алып , мазардың құрылысы туралы таныстырды . Мазар 1995 жылы Маңғыстаулық шебер Көпбол Демесіновтің жобалауымен тұрғызылған . Мұхтар Шаханов ағамыздың өлеңіндегі батырдың өз басы өзіне сәлем беріп тұратын жерде мазардан қашық емес . Батырдың басын 120 жыл қойнында сақтаған төмпешіктің жанына барып, тарихына қанықтық.Баба мазарының басына Жаңақала елінің атынан гүл шоқтарын қойып , Махамбеттің «Исатайдың ақтабаны –ай » , «Жұмыр Қылыш » күйлерін орындап , бірнеше өлеңдерін оқып , үлкен тебіреніспен кері жолға жиналдық . Махамбет бабамыздың өлеңдерінің шығуына себеп болған , күйлерінің тууына арқау болған тақырыптардың тарихын біліп , топырағын аяқпен басып , Жайық өзенінен өтіп елге оралдық . Балалар келгеннен соң әсерлерімен бөлісіп , суреттерін тамашалап , газет бетіне мақала да берілді .
  • 3. Демалушылар Махамбет баба кесенесінің басында
  • 4.
  • 5. Жаңақаладан Индерауданы , Қараой мекені , Махамбеттің мазарына шейінгі жол картасы .
  • 6. «Бөкей ордасына саяхат» Қазақстан Республикасының 2004 -2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра » мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2004 жылы 3 тамызда оқушыларды өлкетану саяхатына алып шықтым .Қазақ даласындағы алғашқы хан ордасы халықты біліммен қамтамасыз ету үшін мектеп салдырған , жаппай жұқпалы аурулардан сақтану, халықтың денсаулығын арттыру мақсатында қазақ жастарын Ресейге оқытуға мүмкіндік жасаған , Дәулеткерей Шығайұлының күйлерінің шығуына себеп болған мекен болды. Ресеймен шекаралас болғандықтан алғаш Хан ордасына рояль алдырған . Міне, білім , өнер мен мәдениеттің бастауы болған Бөкей хан ордасына саяхаттауымыздың басты мақсаты осы еді . Бөкей Ордасы , ішкі Орда Ресей императорының рұқсатымен құрылған , 1801- 1845 жылдары Еділ мен Жайық өзендері аралығында болған қазақ хандығы. 1801 жылы 11 сәуірде 1-Павел патша Бөкейдің жолдаған хатына келісім беріп , жарлық шығарады .1806 жылы патша жарлығының негізінде Бөкей Ордасының нақты шекарасы белгіленіп ,жәрмеңке орындарына жер бөлінді . 1823 жылы 22 маусымда патша жарлығымен Жәңгір Бөкейұлы Бөкейордасының ханы болып тағайындалды .Еуропалық өркениетке ұмтылған хан орыс жерінен мәдениеттің аса кереметтерін әкеліп ендірді . Даулеткерей Шығай ұлы қазақтың халық күйшісі , күйшілік дәстүрдегі «Төре тартыстың » шебері , «Әйелдер образын » жасаған композитор. Дәулеткерейдің күйлерін ойнау үшін , тарихына үңілу үшін күйшінің дүниеге келген жерін , өскен ортасын білген жөн . Осы мақсатта 2004 жылы 4,5 тамыз күндері «Балдәурен » демалыс орталығының демалушылары мен тәрбиеші , дәрігерлермен Хан ордасына саяхат жасадық . Полигон сынағы алаңынан табылған Даулеткерей Шығайұлының , Ордадан шыққан ғалым Салық Бабажановтың , Жәңгір ханның мазарларының басына бардық . Ордадағы мұражайлардың таныстырылымын Темірболат ағамыз жасап , балаларға кең мағұлматтар берді . Жәңгір ханның қазақ тарихындағы осы жерді патшаның рұқсатымен алып , қоныс етіп, 1000 отбасымен Жайықтан өтіп келіп мекен етіп , қазақ балаларын оқытып , мектеп ашып , Ресей қалаларына жіберіп медициналық , орман шаруашылығы жөнінен маман даярлатуы орны ерекше . Хан тұқымынан шыққан Шығайдың Даулеткерей ұлын ел басқару ісіне араластырғысы келген ойы ұзаққа бармады . Мүсірәлі күйшінің мектебінен дәріс алған Даулеткерей ел басқару өзіне лайықты емес екенін түсініп , бірден өнер жолына , күйшілікке ауысады . Бүгінгі күні «төре» тартыспен танылып жүрген , яғни оң қолдың амплитудасы домбыра бетінен алшақтамай , Құрманғазы күйшінің тартысындағы төгілген қара тартыстан өзгеше тартыс қалыптастырады . Әйел образын жасаған күйлері өте көп . Олар «Қосалқа » , «Қыз Ақжелең » , «Кербез » , «Көркем ханым » , «Қаражан ханым » , «Жеңгем сүйер» күйлері . Бірнеше күйлерін орындап бердім .
  • 7. Сяхатымыз балалардың үлкен әсерімен өз ауылымызға оралумен аяқталды. Өз жеріміздегі осындай тарихи орындарды дүние жүзінен келіп тамашалап жатқанда өзіміздің біле тұра барып көрмегеніміз қынжылтады . Егер әр Қазақстанның азаматы өз Туған жерінің тарихын біліп , көзбен көріп , қамқорлыққа алып , оны ұрпаққа жеткізе білсе Қазақстанның мәңгілік ел болуы дегеніміз осы . Демалушылар Бөкей ордасында .
  • 8. Жаңақаладан Бөкей ордасына шейінгі жол картасы . « Сарайшыққа саяхат » Еліміздің әр өңірінде тарихқа тұнған ғажап орындар бар . Әр өңіріміз табиғат белдеулеріндегі әртүрлі табиғи ерекшеліктермен қоса тарихта іргесі бірнеше ғасыр бұрынқаланып , сақталып келген құндылықтармен бай . Егер өз еліміздің әр облысындағы осындай ғажайыптарды өзіміз біліп , өзгеге насихаттай білсек міне Қазақстандық патриотизм деген осы . Қазақ тарихындағы көне қала , хан ордасы болған , бүгінгі күні Атырау облысының Махамбет ауданында орналасқан Сарайшық қаласына оқушылармен саяхатты 2007 жылы тамыз айында ұйымдастырдым . 12 демалушылардан құралған топқа тәрбиеші мен медбикені қосып , Махамбет ауданының әкімі А.Сисатовпен хабарласып , саяхат жоспарын құрып , жолға шықтық . Мақсатым өз жеріміздің тарихи орындарын аудан бүлдіршіндеріне таныстыру . Мәдениет бөлімінің басшылығы мамандарымен Жаңақала ауданынан барған топты қарсы алып , Махамбет ауданында орналасқан мұражаймен таныстырды . Әр бөлімнің жәдігерлерімен танысып , әсіресе қолөнер бұйымдарының тамаша үлгілеріне куә болдық .
  • 9. Саяхатымыз аудан орталығынан 20 шақырымда орналасқан Сарайшық мемориалдықкешеніне бет алды . Мұнда олар жеті ханның кесенесін аралап , Хан ордасы Сарайшықтыңорнын аралап , мұражаймен танысты . 1999 жылы 3 қыркүйекте Елбасы Н.Ә.Назарбаев келіп ашқан мұражайдыңкіре берісі осы салтанатты жиынның фото суреттерімен жабдықталған . Ал мұражайдың негізі бөлімінде 13 ғасырдағы қаланың көшірмесі орналасқан . Тарихта «Керуендер Алтын Орданыңханы әз Жәнібектің сүйікті қызына жасанды көл жасатып , алтын қайық сыйлаған . Қызы ауырып дүние салған соң Жәнібек хан алтын қайық пен зергерлік бұйымдарды көмдіріпті- мыс » деген деректер бар . Жасанды көлдің , алтын қайықтың сұлбасын жасап бөлменің ортасына орналастырған . Сарайшық қаласының тарихы тереңде .Сарайшық қаласы Қазақ хандығының алғашқы астанасы болған . Сарай атауы негізінен хандардың билік құрған ордаларындағы күнделікті тұрмысқа қажеттіліктерден , өздерімен бірге көшіп жүретін көштің атауымен байланысты. Сарайшық қаласы Қазақ тарихындағы қалалардың ішіндегі ортағасырлық қалаларына жатады .Еліміздің әр өңіріндегі қалалар сол өңірдегі мәдениетті , шаруашылықты , өркениетті білдіреді . Сарайшықта Бастыс өңіріндегі мәдениеттің , хандықтың көрінісі іспетті . Қазақ хандығына әкесі Керей ханмен бірге негіз қалаған Бұрындық хан мен Қазақ хандығын барынша кеңейтіп, нығайтқан хан Қасым неліктен Сарайшықты алғашқы Қазақ мемлекетінің астанасы етті? Себебі Сарайшық қаласының орналасқан жері Жайық өзенінің бойы , мал шаруашылығына кең жайылым , суы мол , сауданың дамуына қолайлы , саудагерлерге өзенбойынжағалап жүруіне ыңғайлы , Қазақ хандығына дейін-ақ, Алтын Ордамен Маңғыт жұртыныңдаңқты хандары мен билерінің, мәңгіге топырақбұйырып, жергілікті тайпалар мен рулардыңимандылығы мен ата-баба аруағына бас иер қасиетті орталығы болуы. Осындайтарихқа толы , шежірелі орындардыкөріп тамашалау ұрпақ бойынапатриоттық рухты қалыптастыратыны сөзсіз . Мектеп бағдарламасынан оқыған, Қазақстан тарихы пәнінен алған білімдерін толықтыратүскендей болды . Демалушы балалар үлкен әсермен ауылға оралды. «Сарайшыққасаяхат» тақырыбыменбаспасөзгемақала жариялап ,, балалардың фото суреттерін шығарып қолдарынаберіп , еліміздің тарихындағы тағы бір қала туралы мәліметті ұсындым .
  • 12.
  • 13. Жаңақаладан Атырау облысы , Махамбет ауданы , Сарайшық мемориалдық кесенесіне шейінгі жол картасы .
  • 14. «Дина әже ізімен » Күй Анасы , жерлесіміз , Ұлы күйшінің шәкірті Дина Нұрпейісованың 150 жылдығына орай аудан әкімшілігінің қолдауымен , аудандық мұражайдың ұйымдастыруымен «Дина әже ізімен» атты экспедиция 2011 жылы маусым айында жолға шықты . Мақсаты Дина шешеміздің өміріндегі отбасылық тұрмыс құрған жерлері , еңбек еткен ұжымшарлары , Нұрпейісовтер әулетінің бүгінгі ұрпақтары туралы мәліметтер жинақтау болды . Экспедицияның жүретін жолы Жаңақала – Орал - Атырау – Астрахань- Атырау – Алматы – Орал – Жаңақала болып белгіленді . Экспедицияның жетекшісі сол жылдардағы Дина Нұрпейісова атындағы өлкетану мұражайының директоры А.Захарова , бейне таспаға түсіруші маман және мен . Алғашқы сапарымызды Көпжасар ауылында тұрған Нұрпейісовтер әулетінің Бқтылы қызынан туған, жасы тоқсанға таяған Ұлмекен әжеден бата алудан бастадық . Әже жасы ұлғайғанмен есте сақтау қабылеті өте жақсы . Немересі Русланнан көрінген Мұқағали шөбересі осы жолдардың авторынан алғаш домбырадан дәріс алып , саз мектебінің 2- сыныбын бітіріп , бүгінгі күні Астана қаласы кіші музыка академиясында 5 сыныпта білім алуда .Әрі қарай Қайыр елді мекенінде тұратын жиендері Бақытов Нәсіпқали ағамыздың шаңырағында болып , күй тыңдап , біраз сұхбат құрдық . Экспедицияның келесі аялдамасы Орал қаласында тұратын Нұрпейісовтер әулетінің Қоңыр қызынантуған Бағила апамыздың шаңырағында жалғасты . Қайыржан ағамен тұрмыс құрған апамыз екі ұлды өмірге әкелген . Дина шешеміз , нағашы әжесі туралы быраз естелікте тайтып , мұражайға жәдігер ретінде өзінің тұтынған шай құрал ыдыстарын сыйлады . Атырау қаласына келген экспедиция Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық оркестрдің құрамымен кездесіп , құрылған жылдары , бүгінгі жетістіктері , репертуары туралы сұхбат құрып , бейне таспаға жазып алды . Атырау өлкетану мұражйында болып , Құрманғазы мен Дина жасақталған бұрышпен танысты . Дина Нұрпейісова атындағы музыкалық академияның директоры Г.М.Садуақасованың қабылдауында болып , академияның кешегісі мен бүгінгісі туралы әңгіме өрбіттік. Атырау арқылы Астраханның Қызылжар , Азау елді мекендерінде болып , Дина шешеміздің еңбек еткен колхозында , Дина атындағы клубта , мұражайында , кітапханаларында болдық . Козлова ауылында отбасымен тұрып , балалары колхозда еңбек етіп , кешкілік колхозшыларға концерт қойған өнерпаздардың ішінде Дина шешемізде болған . «Еңбек ері» , «Сауыншы » күйлері осы жерде дүниеге келген .
  • 15. Атырау арқылы Алматы қаласына жол тартқан экспедиция Нұрпейісовтер әулетінің Жұрынбай ұлынан туған Балжан апайдың шаңырағында болдық . Дина шешеміздің көзін көрген , батасын алған , бүгінгі күні Кенсай зиратына жерленген Дина шешеміздің басына барып дұға етіп жүрген ,Республикалық деңгейдегі Дина шешеміз туралы шаралардың басы – қасында жүретін , Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі Балжан Жұрынбайқызы әңгімесін не бір айтылмаған тың жаңалықтармен өрбітті . « Дина шешеміздің оқыңдар , білімді болыңдар деп айтқан өсиетін орындадым, батасын алдым» ,- дейді Балжан апай . Әңгіме арасында Дина шешеміз туралы жалған айтылған Үміт Даулетқалиева апамыздың сұқбатына өкпелі екендігін . кезінде Дина шешеміз Өнер майталмандарымен бірге тұрған үйдің сақталмай бұзылғандығын , басына орнатқан тас мүсінніңде қатарындағы , алдындағы бейіттердің тасасында қалып бара жатқандығына қынжылтатынын жасырмай айтып салды . «Ана тілі» газетіне көптеген Дина шешеміз туралы көптеген мақалалар беріп жүрген жазушы Латифолла Қапашев ағамызбен де кездесудің сәті түсті . Көп ой арқалап , келелі сұқбатымызды таспаға жазып , елге оралуға жиналдық . Орал қаласына келген соң экспедиция жетекшісі А.Захарова Қазақстан- Орал телебағағдарламсына зкспедиция туралы сұқбат берді . Облыстық өлкетану мұражайы арқылы кітапша шығарды . Мамандығым күйші болғандықтан , әрі Көпжасар ауылын тұрғыны ретінде, ұрпақтарымен жақсы байланыста болған соң мен де өз қолжазбаларымнан баспасөз беттеріне мақала беріп , бұрыннан жазып жүрген жазбаларымды түгендеп , «Күй анасы » атты Дина шешеміздің өмірімен шығармаларынан ұстаздарға арнап , өз қаражатыма әдістемелік оқулық шығарттым . Жалпы Қазақ елінің әр азаматы мен азаматшасын Туған елінің, әр бір тау мен тасының , кең даласының , өнер мен мәдениетін , тарихын білуге шақырамын . Өлкетану саяхаттарымен тарихқа үңілу өкен мен бүгінгінің арасындағы өз еліне , Туған жеріне , Туған еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастырады .
  • 17. Нұрпейісовтер әулетінің жиені Бағила апай . Орал қаласы .
  • 18.
  • 19. Жаңақала- Орал –Атырау – Астрахагь- Алматы – Атырау – Орал – Жаңақала жолының картасы . Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің домбыра сыныбының жоғарғы санатты ұстазы– ШуақбаеваГүлбарТұрланқызы .
  • 20. Тарихи орындарға топтық серуендер. «Патриотизмніңең жақсы үлгісі орта мектептетуған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтансыр шертеді. Әрбір жер атауыныңтөркінітуралы талай- талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталғанбіртуар перзенттерібар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.» Елбасы Н.Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан. Елбасының 2017 жылғы сәуір айындағы « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан мынауқарыштап дамыған әлемдік өркениетте әр мемлекет өзінің ұлттық құндылықтарынбасымырақнасихаттамаса , берік қорғамаса басқа мемлекеттердің тасасындақалу қаупі бар екенін байқайсыз . Күнделікті тірлік пен экономиканыңтасасында қалып бара жатқан білім, өнер , мәдениетке нақты тоқталып өтті . Мақаланың басты тақырыбы ; ұлттық мәдениет , өнер , білім . туған жер , туған ел . «Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде? Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі» - деп келетін «Таяу жылдардағы міндеттер » тарауында кеңінен айтылған . Патриотизмнің бастауы да , жалғасы да ол – жалпы орта білім беретін мектептерде , жас ұрпақтың білім алатын , бос уақытын тиімді ұйымдастыратын білім орындарында . Білімді , елін , жерін сүйген шәкіртті тәрбиелейтін ұстаз . Ендеше ұстазға қойылатын талап ерекше . Бұл жұмыс тек белгілі бір уақыттың шеңберінде қолдау тауып , кейін бәсеңсіп қалмауы тиіс . Ол бірнеше жылдар бойына жүріп , жалғасын тауып отыруы тиіс . Қосымшабілім беру , оқушыныңбос уақытын тиімді ұйымдастыру, жазғы бесінші тоқсандемалысы ,дарынды оқушыменжұмыс бағытынатқаратын саз мектебінің ұстазы ретінде өткен жылдардаатқарылған Туған ел , өлкетану жұмыстары , мәдени нысандарғасаяхат жұмыстарыменбөліссем . Жалпы әр ұстаздыңпәндік бейінділігіне қарай проблемалық тақырыбы болады . Менің проблемалық тақырыбым : «Күйлердіаңызыментыңдву және
  • 21. орындауғабаулу » . Қай халық күйшісінің күйлерін , композитордың шығармаларынүйренсекте , оқушыға үйретсекте шығу тарихын білу міндетті. Дауылпаз ақын Махамбеттің мазарына 2003 жылы шілде де Жаңақала ауданы «Балдәурен » демалыс орталығыныңдемалушыларымен саяхат ұйымдастырдым. Мақсатым, батырдың 2003 жылы қыркүйекайында Республикалық деңгейде аталып өтетін 200 жылдық мерейтойына орай оқушыларға танымдық саяхат жасау болды . Махамбет батырдың шығармаларына арқау болған тарихи орындарменжүріп , «Махамбет жүрген жолдармен» жобасы жүзеге асты . Кесене басындаМахамбеттің өлеңдері оқылып, күйлері орындалды . Оқушылардың әсері жоғары болды . Баспасөз беттерінде жарияланып , фотосуреттерішығарылыпберілді . Қазақстан Республикасының 2004 -2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра » мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2004 жылы 3 тамызда оқушыларды өлкетану саяхатына алып шықтым .Қазақ даласындағы алғашқы хан ордасы халықты біліммен қамтамасыз ету үшін мектеп салдырған , жаппай жұқпалы аурулардан сақтану, халықтың денсаулығын арттыру мақсатында қазақ жастарын Ресейге оқытуға мүмкіндік жасаған , Дәулеткерей Шығайұлының күйлерінің шығуына себеп болған мекен болды. Ресеймен шекаралас болғандықтан алғаш Хан ордасына рояль алдырған . Міне, білім , өнер мен мәдениеттің бастауы болған Бөкей хан ордасына саяхаттауымыздың басты мақсаты осы еді . Ұлттық өнерімізде күйшілік мектептің «төре тартысын» қалыптастырған Даулеткерей күйлерінің туғын жері осы Бөкей ордасында еді . Әйелдер бейнесінің галереясын жасаған , «Көркем ханым » , «Қаражан ханым » , «Қосалқа », «Жеңгем сүйер » , « Қыз Ақжелең » күйлерінің шығу тарихына қанықты. Еліміздің әр өңірінде тарихқа тұнған ғажап орындар бар . Әр өңіріміз табиғат белдеулеріндегі әртүрлі табиғи ерекшеліктермен қоса тарихта іргесі бірнеше ғасыр бұрын қаланып , сақталып келген құндылықтармен бай . Егер өз еліміздің әр облысындағы осындай ғажайыптарды өзіміз біліп , өзгеге насихаттай білсек міне Қазақстандық патриотизм деген осы . Қазақ тарихындағы көне қала , хан ордасы болған , бүгінгі күні Атырау облысының Махамбет ауданында орналасқан Сарайшық қаласына оқушылармен саяхатты 2007 жылы тамыз айында ұйымдастырдым. Қазақ тарихындағы алғашқы қалалардың бірі Сарайшық қаласы «Жасанды Аққу көлімен» саяхатшылардың қызығушылығын арттырып отыр . Хан қызының денсаулығының төмендігіне орай көңілін аулау үшін жасанды көл жасатып , оған шекер сеуіп , аққу серуендейтін айдынға айналдырған . Міне тамаша еңбек емеспе ? Қазақ тарихының алтын орда тұсындағы Сарайшық қаласы аспан асты мұражайына айналған . 2011 жылы аудандық Дина Нұрпейісова атындағы өлкетану мұражайының ұйымдастырған «Динаәже жолымен »экспедициясының құрамында болып , көптеген материалдар жинақтауға мүмкіндік туды .Күй анасының 155
  • 22. жылдық , Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында жолға шыққан экспедиция Орал- Атырау – Астрахань- Алматы – Атырау- Орал бағытымен жүріп өтті . Осы жұмыстың нәтижесімен Күй Анасының өмірі , ұрпақтары , күйлерінің шығу тарихы туралы көп деректер хатталды . Туған жерімізден , туған ауылымздан бастау алатын күй майталмандарының өмірі де , шығармашылығы да көршілес Атырау облысы , Бөкей Орда ауданы күйшілерімен тығыз байланысты . Күй атасы Құрманғазының кішкене Динаны іздеп келіп шәкірті жасап , батасын беруі , Мүсірәлі мектебінен сабақ алған Даулеткерейдің күйлері , Ұл ақын , дауылпаз күйші Махамбет күйлерінің халық арасында кеңінен тарап насихатталуы өнерде шекара жоқ екенін айғақтайды . Егер әр ұстаз өз пәнін , қызмет етіп отырған саласының жұмыс бағытын Туған ел , Туған жер бағдарламасымен сабақтастырса Қазақ елінің Мәңгілік ел тарихы осылай ұрпақ бойында қалыптасады . Әр өткізген ашық сабағым , жазған ғылыми жобаларым , проблемалық тақырыбым осы көз көріп , жинақталған материалдарыммен мазмұнын ашып тұрады . Шуақбаева Гүлбар Тұрланқызы . Қали Жантілеуов атындағы балар саз мектебінің жоғарғы санатты домбыра сыныбының мұғалімі .