Good Stuff Happens in 1:1 Meetings: Why you need them and how to do them well
3 ток 10 кл 1 бжб.docx
1. 3 – ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Жасушалық цикл тарауына жиынтық бағалау
Оқыту мақсаттары 10.2.2.1 Дайын микропрепараттар көмегімен митоз фазаларын
зерттеу
10.2.2.2 Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың
қалыптасу ерекшелігін түсіндіру
10.2.2.3 Жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі
нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру
10.2.2.4 Қартаю үдерісін түсіндіру
Бағалау критерий
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Білім алушы
Дайын микропрепарат көмегімен митоз фазаларын
сипаттайды
Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу
ерекшелігін салыстырады
Жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі
нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіреді
Қартаю үдерісін түсіндіреді
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
20 минут
Тапсырма
1. 1 -суретте дайын микропрепарат арқылы көрінген А -интерфаза, В – профаза, С- метафаза,
D – анафаза, E – телофаза митоздың фазалары көрсетілген.
1-сурет
32
2. Митоз фазаларының сипаттамасын бос ұяшыққа толтырыңыз.
А
В Ядро мөлшері ұлғаяды. Ядро қабықшасы бұзылады. Хромосома шиыршықтала
бастайды. Екі еселенген хромосомада екі хромотидті анық көруге болады.
Микротүтікшелерден жіпшелер қалыптасады.
С
D
E Жаңа ядро қалыптасады. Ядрошық пайда болады және ядроның қабықшасы
түзіледі.
2. 2-суретте Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу ерекшелігінің
сызбасы берілген.
2-сурет
33
3. Екі сызбаны пайдалана отырып, өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың
қалыптасуын айырмашылықты сипаттаңыз.
салыстыру өсімдік жануар
сипаты
3. (а) Обыр жасушаларын тудыратын негізгі 1 факторды атаңыз.
(b) обыр жасушаларының қалыпты жасушалардан айырмашылығын сипаттаңыз.
4. Обыр жасушаларының механизмін 3 - суретте cызбалар жасау арқылы сипаттаңыз.
3 - сурет