Anúncio

Mais conteúdo relacionado

Similar a Әдіс.pptx(20)

Anúncio

Әдіс.pptx

  1. www.zharar.com
  2. www.zharar.com Шәкіртке «екі» қою арқылы тәрбиелеуге болмайды. «Екілік» - өзіңе қойған бағаң. Өзіне талап қоюға ерінген мұғалім балаға талап қойғыш болады. Бала әділетсіз жазалаудан, үздіксіз ескерту жасай беруден не істерін білмей, өзіне-өзі сенімсіз болып, жүйке ауруына ұшырайды.
  3. www.zharar.com Қандай сабақ қызықты?
  4. www.zharar.com Барлық жерде мұғалімге қойылатын талап: баланы тәрбиеле! Бірақ тәрбиенің не екенін дұрыстап түсіндірген ешкім жоқ. Тәрбиелеу дегенді – тәртіпті қылу деп ойлаймыз. Оқушылары тым-тырыс отыратын мұғалімнің сабағынан, қажетті жерде шулата білген сабақ қызық.
  5. www.zharar.com Ежелгі гректер даналыққа ұмтылу таңғалудан басталады деп есептеген. Баланың қайғысы мұғалімнің жақсы оқитын және жаман оқитын бала деп бөлуінен басталады. Осыдан кейін баланың рухани дүниесі тек бағамен өлшенеді. Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды. Өзі білетін адам ғана басқаны білдіре алады. Оқушының кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өлтіресің. Педагогикалық өрістетпейтін нәрсе: «Анау керек емес, мынау керек емес» дейтін шектеу. Керегі: ізденіс, ізденіс.»
  6. www.zharar.com Әр сабаққа шабыттанып кіріп, қанаттанып шыққан мұғалім – бақытты. Әр сабақтың қайталанбас тағдыры бар. Жеке басыңның проблемасы үйіңнің босағасында қалсын. Сабақтағы әдісті «менікі» деме, «біздікі» де. Балаларға сабақ үйретудің жаңа әдісін тапсаң, әріптестеріңмен бөлісуге асық. Себебі бәріңнің «илеп жүргендерің бір терінің пұшпағы». Сенің бөлігің жұмсақ болғаннан дұрыс дүние құрастырылмайды.» Ендеше, ізденіске жетелейтін, ізденгенге көмекші құрал болар әдіс-тәсілдер қоржынынан шыққан дүниелер кәдеңізге жарасын!
  7. www.zharar.com Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) — көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.
  8. www.zharar.com Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұр ғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы.
  9. www.zharar.com Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.
  10. www.zharar.com 1. Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов "Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне үқсас" дейді. Сөз өнерінің айшықты болуы сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне, көркемділігіне, тіл тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру, кейіптеу, бейнелеу (ұқсату), әсірелеу тәсілдерінің мәнін ашады. Міржақып Дулатов Оқытудың баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп, тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың тәсілдерін көрсетіп берді. Ол "баланы толық жауап беруге әдеттендіру керек", - дейді. Сөйтіп, оқытушы көркемдеп оқытудың жаңаша жолдарын ұсынып, мұғалімдерден соны іс- әрекеттерді талап етеді. "Балалар дұрыс оқи алмай, қиналған жерде мұғалім өзі оқып, көрсету лайық", - дейді.
  11. www.zharar.com Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады. Химиялық, физикалық, математикалық есептерді шығарғанда теоремаларды оқығанда, табиғат және қоғам құбылыстарының түбірлі себептерін және салдарын ашу кезінде түсіндіру әдісі жиі қолданылады. Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар: • сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау; • себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру; • салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;
  12. www.zharar.com Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
  13. www.zharar.com Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
  14. www.zharar.com Жаттығу әдісіне қойылатын талаптар: • оны орындауға деген оқушылардың саналы көзқарасы; • жаттығуларды орындаудағы дидактикалық сабақтастық: алдымен оқу материалын түсінуге көмектесетін, содан кейін есте сақтауға, қолдануға, оқылғанды жаңа жағдаяттарда өздігінен, шығармашылықпен қолдануға, жаңа материалды бұрын меңгерген білім, іскерлік және дағдылар жүйесіне қосуға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындау.
  15. www.zharar.com Ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс. Оқушыға мәселені өз бетімен шешуге үйрету үшін, оған шағын зерттеу жұмыстарын беру керек. Мұғалім картиналар, құжаттар көрсетіп, оларға сұрақ қоюды ұсынады, фактілерден қорытынды шығартады, ұсыныстар айтқызады. Эвристикалық әдіс арқылы сабақ өткізетін мұғалім алдын ала мәселені шешуге алып келетін, оқушылардың білімдерін еске түсіртетін сұрақтар әзірлейді.
  16. www.zharar.com Зерттеу әдісі шығармашылық жұмыс тәжірибесін жақсы үйрену үшін қолданылады. Зерттеу әдісі арқылы оқушы білімін қолданып, ғылыми таным әдістерімен жұмыс істеп үйреніп, жаңа мәселелерді шешу тәжірибесін жинақтайды.
  17. www.zharar.com Ынталандыру әдісі Қызығушылықтың үш түрі: • іс-әрекетке деген оң көзқарастың болуы; • танымның баланы жақсы сезімге бөлеуі; • іс-әрекеттің баланы ынталандыруы.
  18. www.zharar.com Ойын - оқыту әдісі Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс- әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды.
  19. www.zharar.com Ағаш вешалканы ілу Әдіс- шеге арқылы Құралдары: шеге мен балға Тәсіл: тесікке соғу, тесіп алып шегені қағу
  20. www.zharar.com
  21. www.zharar.com Шаттық шеңбері Шығармашылық визуализация Ортақ тізбекті талдау Мәселелер тізбегі Анықталған мәліметті топтастырыңыз Балық- сүтқоректі, сүйекті, су жануары
  22. www.zharar.com Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. Оқыту тәсілдерінің түрлері: • ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері; • мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер; • оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер; • жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
  23. Қазақ тілі пәнінде : Тыңдалым мен айтылым; Оқылым; Жазылым; Әдебит тіл нормасын дамытуға жұмыстар жүргіземіз.Бұл дағдылар бір-бірімен тығыз сабақтастықта жүретінін білеміз.Осының ішінде жазылым дағдысында қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдерді өз тәжірибемнен ұсынайын.
  24. Оқушылар әр түрлі жанрда мәтіндер құрастырып, тілдік құралдарды орнымен қолдануға, әдеби, аргументтік, салыстыру эссесін жазуға негізделген тапсырмаларды көптеп орындайды. Осының ішінде эссе жазудағы тәжірибемнен ұтымды жолдарын ұсынайын. Эссе жазу соңғы 2-3 жылда бағдарламаға түптеп енді.Эссе жазу арқылы оқушының өзіндік көзқарасын, ой-толғамын, сыни ойлауын байқай алсақ, қазіргі өмірмен түрлі жағдаяттарды салыстыра алу, мәселенің шешімін ұсыну, нақты деректерді талдай алу сияқты қабілеттерін де шыңдай аламыз.Десек те, барлық бала эссе жаза ала ма? Бұрынғы шығарма түсінігінен эссе түсінігіне ауыса алдық па?
  25. Эссе жазуда қолданылатын белсенді, ұтымды әдіс-тәсілдер: Оқушыға даяр тезис ұсыну; Аргументтік эссе жазғанда, даяр аргументтер (дәлелдерұсыну; Әдеби эсседе, даяр талдаулар ұсыну арқылы, жүйелі жазуға бағдар беру; Эссенің құрылымдық жүйесінің даяр үлгілерін беру; Даяр үлгідегі сөйлемдер беру Сұрақтар қою т.б
  26. Бұл тәсілдер оқушыға не береді? Оқушының ойлауына түрткі болады; Ақпараттарды жүйелеуіне негіз болады; Өзіндік пікірін оятуға, салыстыруға үйретеді; Даяр сөйлемдер арқылы эссе тақырыбына ашуға талпынады; Өзінің стиілін қалыптастырады. Сұрақтарға жауап бере отырып, эссе тақырыбының өзектілігін, маңыздылығын ашады
  27. Аргументтік эссе. Үлгі: Эссенің тақырыбы: Аңсарым – асқақ Астана Сыныбы: 6 Кіріспе бөлім (тақырыпты түсіну сөйлемі) Сұрақтар беру: Бұл тақырып қазір маңызды ма? Сенің ойыңша тақырыпқа қандай тірек сөздер мен түсініктерді енгізуге болады? (Астана, бәйтерек, бас қала, Хан шатыры, Саммит, ЭКСПО т.б) Тезис: Астана – күллі әлемге қазақ елін паш еткен әсем қала. Аргумент -1 Аргумент - 2 Аргумент - 3 Қорытынды бөлім
  28. Лингвистикалық эссе Үлгі №2 Астананы әлем таныған дейміз.Қалай ойлайсыз, қазақ елі Астананы толығымен тани алды ма? Сіз қай қырынан тани алдыңыз?
  29. Пайымдау эссесі. Үлгі №3. Тақырыбы: «Ғаламтор мен әлеуметтік желілер жастарға не береді?» Ғаламтордың пайдасы мен зиянын білеміз.Дегенменен, уақытымыздың көбін ғаламторға ұрлатып алып жатамыз.Неге адамдар ғаламтордың зиянды тұстарын біле тұра, оған тәуелді?
  30. Күтілетін нәтиже: Жинақы мәтін құрап үйренеді; Ойды логикалық жүйеге келтіреді; Өз көзқарасын ашық білдіреді; Экспрессивті-эмоционалды лексиканы қолданып үйренеді; Сөз оралымдар ұтымды қолдана алады; Қазіргі өмірмен тақырыпты сабақтастырып үйренеді; Өзіндік сыни көзқарасқа дағдыланады; Мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артық-кемі тұстарын саралайды, өз ойын дәлелдеп жазады; Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай мақала құрастырып үйренеді;
  31. www.zharar.com «Алфавит» Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір- бір әрпін алып, жыл көлемінде оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес тақырыптарды айтып шығады. Мысалы, «Қаратпа сөз, қыстырма сөз, қосарлы айқындауыш, қарсылықты салалас, қарсылықты сабақтас т.с.с.» Қорытынды сабақтарда, емтиханға дайындықта, есте сақтауын дамытуда көмекке келеді.
  32. www.zharar.com «Аударыспақ» Жұптық тапсырма: сұрақ-жауап арқылы бір-бірінің білімін бағалау. Мұнда сұрақтың мазмұны, жауап мазмұны, дәйектілігі ескертіледі. Екеуіне де тең бөлініп шариктер беріледі. Сұраққа дұрыс жауап берген адам шарик алады, ал жауап дұрыс емес болған жағдайда немесе сұрақ қоя алмаған жағдайда өзі бір шариктен айырылады.
  33. www.zharar.com Креативті жазу Үзінді Менің өңдеуім синоним Артық туған Қобыланды Асып туған Қобыланды
  34. www.zharar.com «Әуенді атаңыз – әуен тақырыппен қалай байланысқан?» Музыкалық шығармадан үзінді қойыңыз. Оқушылардан талқылап, өз бағаларын беруді сұраңыз: музыка сабақ тақырыбымен қалай байланысқан?
  35. www.zharar.com «Хабарлама» Оқушылардан өздерінің не үйренгенін көрсететін мәтіндік хабарлама (SMS) құрастыруды сұраңыз. Барлық мәтіндік хабарламадағы сияқты мұнда да символдар саны шектеулі.
  36. Сонымен қатар, деректер негізінде графиктік мәтіндер құрастыру, мәтіндерді редакциялауда төмендегідей белсенді әдіс-тәсілдердің тиімділігі жоғары. «Т кестесі» – қарама-қарсы немесе салыстыруға болатын ақпарат пен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі. «Негізгі» -негізгі және қосалқы деректерді анықтап, жазуға негізделген. «Терезе» -әдебиет сабақтарында кейіпкерлерді анықтап, мінездеме беруде тиімді. «Дөңгелек» кестесі кестенің ортасын сөз жазып, жан-жағына сөздер құрауға тиімді.Тіл дамытуға , сөздік қорды молайтуға таптырмас тәсілдің бірі деп олаймын. «Жоспар» кестесі - әдебиет сабақтарында топпен жоспар құруға , эссе, ойтолғау жазуға тиімді болатын әдістің бірі.
  37. Қазақ әдебиетіндегі оқу мақсаттары : Түсіну және жауап беру; Анализ және интерпретация; Бағалау және салыстыру. Осы мақсаттардың ішінен екінші мақсатты жүзеге асырудағы өзім қолданып жүрген сапалы, белсенді әдіс-тәсілдерді назарларыңызға ұсынайын.
  38. "Анализ және интерпретация" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 1) әдеби шығарманың композициясы; 2) автор бейнесі; 3) көркем шығарманың тілі; 4) шығармашылық жұмыс.
  39. Әдебиеттегі шығарманы оқытудағы басты мәселе шығарманы талдау болып табылады. Дегенмен, қандай талдау түрі болса да, не мақсат көзделеді? Бұл сұраққа ала жауап берсек: 1. Оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану, 2.Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу, 3. Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау, 4. Ең бастысы – көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын меңгерту /тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде қарастыру/. Көркем туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың мақсат-мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білетін белсенді әдістерді сұрыптап ала білуіміз керек.
  40. Тиімді, белсенді әдіс-тәсілдер: «Күн» кестесі –бір затты суреттеуде, сипаттауда, мінездеме беруде тиімді. «Тізбек» - Оқиғалардың желісін, баланысын анықтауда өте тиімді тәсіл. «Креативті жазу» - шығармадан алған үзіндіні қайта өңдеп, жаңа идеямен жазу «Ақыл картасы» - негізгі оқиғаны, сюжетті, шығарманың композициясын талдауда ұтымды тәсіл. «Болжау» әдісі – бұл оқушының қабілетін жетілдіру үшін қолданылатын тәсіл. Еркін шығарма жазу немесе ойын жалғастыру. Еркін жазу әдісі – тақырып төңірегінде өз ойын жазбаша жеткізеді. (шығарма, эссе) «Стильдік талдау» немесе «кейіпкер тіліне талдау» - жазушының стиліне талдау жасай отырып, туындыдағы автордың көзқарасы мен ойын, идеясын ашуға негіз болатын тәсіл.
  41. «Стильдік талдау» немесе «кейіпкер тіліне талдау» - жазушының стиліне талдау жасай отырып, туындыдағы автордың көзқарасы мен ойын, идеясын ашуға негіз болатын тәсіл. Аян мен оның айналасындағылар дың сөйлеу тілі Қай оқиғада айтылады? Жазушының стилі, шығарманы ашудағы рөлі - Барлық әріптерді тезірек неге үйретпейді екен?Шіркін, ағама хат жазар едім... Аянның бірінші сыныпқа барған кездегі авторға айтқаны Жазушы Аянның оқуға, білімге деген құлшынысын осы сөйлем арқылы береді.Сонымен қатар, бұл сөйлемнің астарында ағасына деген сағыныш та барын ұқтырады.
  42. «Әңгімелесу әдісі» - 1.Мәтінге жуық әңгімелесу- барлық мәселе көркем туынды негізімен әңгімеленеді. 2.Сұрыптап әңгімелесу – сұрақ қоя отырып, әңгімелесу 3. Шығармашылық жолмен әңгімелесу – кейіпкер атынан немесе автор атынан қазіргі өмірмен байланыстыра отырып әңгімелесу.
  43. «Саралау әдісі» - ұқсас екі шығарманың идеясын, композициясын, кейіпкерлерін салыстыра талдауға тиімді әдіс. Ақындар Ақынның көңіл күйі Заман күйі Өз көңіл күйің Доспамбет «Айналайын, Ақ Жайық» Махамбет «Күн қайда?»
  44. «Жай-проблемалық сұрақтар» әдісі- оқушылардың танымын арттырады, өзіндік ізденіске жол ашады. Әдеби айтыс тудыратындай проблемалық сұрақтар қойылғаны дұрыс. Жай сұрақ Проблемалық сұрақ 1. Ғали қандай кейіпкер? 2. Ғали неге ауырады? 3. Ғали мен Жамалдың қашып кетуі дұрыс па? 4. Сәрсенбайдың Жамалды атастыруына қалай қарайсың? 1. Жамалдың өліміне кім кінәлі? Заман ба? Адам ба? 2. Жамал құрбан ба, әлде, құрбандық па? 3. Аңсап көрген перзенті Жамалды әкесі неге осындай тағдырға итермеледі? 4. Автордың шығарманы «Бақытсыз Жамал» деп атауының мәнісі неде?
  45. Күтілетін нәтижелер: Оқушылар шығарманы талдай отырып, өзіндік ой топшылауға үйренеді; Түрлі жағдаяттарды шешуде, мәселелерді талдайды, ұтымды жауап беруге дағдыланады; Әдеби атысқа төселеді; Танымын, ой белсенділігін арттырады; Салыстырып пікір жаза алады: Эссе, ойтолғау, сын-пікір жазуға төселеді; Қазіргі өмірмен шығарманың байланысын ашады: Негізгі, қосалқы деректерді талдайды: Ұлттық құнлдылықтарды саралайды: Тарихпен ұштастырады.
  46. www.zharar.com
Anúncio