Anúncio
Anúncio

Mais conteúdo relacionado

Destaque(20)

Anúncio

Пойыздар қозғалыс кестесі

  1. Пойыздар қозғалыс кестесі АКЖТ арнайы пәндер оқытушысы: Тлеукеева А.Т
  2. Қозғалыс кестесі поездар қозғалысын ұйымдастырудың негізі болып табылады, ол барлық бөлімшелердің қызметін біріктіреді және темір жолдардың пайдалану жұмысының жоспарын көрсетеді. Поездар қозғалысының кестесі — темір жол көлігінің барлық қызметкерлері үшін бұлжымас заң, оның орындалуы темір жолдар жұмысының ең маңызды сапалық көрсеткіштерінің бірі болып саналады
  3. Поездар қозғалысының кестесін «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы бекітеді ТМД елдеріне жүріп өтетін жолаушы поездары қозғалысының кестесі «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығымен, тиісті темір жолдарының басшыларымен келісімделеді және Достастық мүше- мемлекеттерінің темір жол көлігі жөніндегі Кеңесінің Дирекциясымен бекітіледі.
  4. Поездар қозғалысының кестесі қамтамасыз етуі тиіс: • жолаушыларды және жүктерді тасымалдау жөніндегі қажеттіліктердің қанағаттандырылуын; • поездар қозғалысының қауіпсіздігін; • телімдердің откізушілік және тасымалдық қабілетінің және станциялардың өңдеушілік қабілетінің барынша тиімді пайдаланылуын; • жылжымалы құрамның ұтымды пайдаланылуын; • локомотив бригадаларының үздіксіз жұмысың белгіленген ұзақтығының сақталуын; • жолды, құрылыстарды, СОБ, байланыс және электрмен жабдықтау құрылғыларын ағымдағы күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыстар жүргізу мүмкіндігін
  5. Поездарды тағайындау және қалдыру жөнінде шешім қабылдайтындар • а) ҚР шегінде жүріп өтетін жергілікті қатынастағы жолаушы, пошталы-багаждық және жүк-жолаушы, қаламаңы поездарын — «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы; • б) ТМД елдеріне жүріп өтетін жолаушы поездарын — «ҚТЖ" ¥К" АҚ ұсынысы бойынша Достастық мүше-мемлекеттерінің темір жол көлігі жөніндегі Кеңесінің Дирекциясы; • в) Қазақстан Республикасы шегіндегі жүріп өтетін әскери, адам таситын, жеделдетілген жүк поездарын - «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы, ал ТМД елдеріне жүріп өтетіндерін - Достастық мүше-мемлекеттерінің темір жол көлігі жөніндегі Кеңесінің Дирекциясы; • г) қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарының, қартазалағыштардың, вагонсыз локомотивтердің, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның, шаруашылықтық және басқа да қозғалыс кестесінде қарастырылмаған поездардыкін - поезд диспетчері жүргізеді.
  6. Поездар төмендегідей болып бөлінеді: • А. Кезектен тыс - қалпына келтіру, өртсөндіргіш, қартазалағыштар, вагонсыз локомотивтер, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам, қалыпты қозғалысты қалпына келтіру үшін және орт сөндіруге арналатын поездар. • Б. Кезектегі — артықшылық тәртібімен: • жолаушы жүрдек; • жолаушы жедел; • барлық қалған атаулары бар жолаушы поездары; • жүк (өтпелі, телімдік, құрамды, шығарушы, беруші), шаруашылықтық поездары және вагонсыз локомотивтер.
Anúncio