БІЗ ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ЖАҺАНДЫҚ
КАРТАСЫНДА ЕШКІМГЕ ҰҚСАМАЙТЫН,
ДЕРБЕС ОРНЫ БАР ҰЛТ БОЛАМЫЗ ДЕСЕК,
ӘЛЕМ БІЗДІ МӘДЕНИ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗБЕН
ТАНУЫ КЕРЕК
Н.Ә.Назарбаев
1. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА
САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай қаласы әкімдігінің
білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебі» ММ
8 «Ә» сынып жетекшісі:
Искакова Анар Кабдрахмановна
2. • Қазір дүние күн санап өзгеруде. Дүние
өзгерген сайын біз де өзімізді өзгертуіміз
керек.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев үстіміздегі жылы
жарияланған «Рухани жаңғыру: болашаққа
бағдар» тақырыбындағы мақаласында:
«Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып,
заман ағымына икемделу арқылы жаңа
дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз
керек». «Егер жаңғыру елдің ұлттық – рухани
тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға
бастайды», - деп көшбасшымыз дөп басып
айтты.
3. Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды
тереңнен білуден басталады. Ал, сол туған
жерге деген сүйіспеншілік «Туған елге —
Қазақстанға деген патриоттық сезімге
ұласады», деп жазды Президент. «Туған жерге
туыңды тік!» — деген дана халқымыз. Бұл
– әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне
сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кез-келген
азамат өзінің тарихына, мәдениетіне,
салт-дәстүріне терең бойлау білуі керек.
Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған
жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың
бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді
қалыптастыру керектігін атап өтті.
4. Бүгінгі жастар – ертеңгі еліміздің болашағы.
Бүгінгі жастар қандай болса, елімізде сондай
болады. Елбасымыз айтқандай «бұл
білім беру саласында ауқымды өлкетану
жұмыстарын жүргізуді, экологияны
жақсартуға және елді мекендерді
абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті
деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени
нысандарды қалпына келтіруді көздейді.
5. Мақалада рухани жаңғырудың бірнеше принциптері
ұсынылады:
Бәсекелестік қабілет. Елбасы жаһанданудың ғаламдық
жүйесіне еніп, қазіргі заман талаптарына дағдыланудың
қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін баса айтты.
Прагматизм. Бір мақсатты көздеп, бір адамша жұмылып
түрлі саяси радикалды идеологияларға тосқауыл
болудың бағдарын ұсынды.
Ұлттық бірегейлікті сақтау. Елбасымыз ұлттық салт-
дәртүрді сақтай отырып алға жылжу керек екенін
ұқтырды.
Білімнің салтанат құруы. Қазіргі жаhандану заманында
теxниканы тез меңгеретін, жаңаруға тез бейімделетін
білімді, ақылды адамдар қажет. Табысты болудың
негізгі факторы білім екенін әркім терең түсінуге тиіс.
Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік
қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
6. •
• Латын әліпбиіне көшу –
Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы
болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа
ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы
тәуекелдерге қарсы тұра алатын
отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың
кепілі болмақ.
7. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын
қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын,
қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап
беретін бүгінгі ұрпақты тәрбиелеу
біздің мойнымызда.
10. « Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың
дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз
жіберуіміз керек» Н. Ә. Назарбаев.
11. Зияткерлік ойынның ережесімен
таныс болыңыздар!
Сіздерге үш тақырыптан 12 сұрақ беріледі.
*Әр сұрақ белгілі бір тәсілмен шешіледі, яғни сұрақтар 5 түрде
кездеседі:
1) “Ат жүрісі” яғни шахматтағы аттың жүрісімен ( Г-тәрізді )
сұраққа жауап табу.
2) “Метаграмма”, яғни берілген сөздердің құрамындағы
әріптерді басқа әріптермен алмастыру арқылы сұраққа
жауап табу.
3) “Қызықты математика”, яғни қызықты есептер шығару
арқылы сұраққа жауап табу.
4) “Қай нұсқа?” Яғни сұрақтарға берілген нұсқалардың
біреуін таңдай отырып сұраққа жауап беру.
15. Жауабы:
Қаз дауысты Қазыбек би,
Қазыбек Келдібекұлы –
қазақ халқының
XVII – XVIII
ғасырлардағы ұлы үш
биінің бірі, көрнекті қоғам
және мемлекет қайраткері.
24. Жауабы:
Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде
ең алғаш болып Америка Құрама Штаттары
мойындады, екінші болып Қытай, сонан соң
Ұлыбритания мойындады. Оның артынан
Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік
Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады.
Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған
алғашқы мұсылман мемлекеті. Түркия алғаш
болып Қазақстанда өз елшілігін ашты, бірақ
тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды.
25. Қай нұсқа?
Қазақтың бұрынғы астаналарының бірі
Қызылорданың бұрынғы атауы:
• Аққала
• Ақмешіт
• Шымқала
• Ақмола
• Омбы
26. Жауабы:
• 1925 жылдың 15 сәуірінде Ақмешіт
қаласында бүкіл
Қазақстан еңбекшілері өкілдерінің
басын қосқан Қазақ АССР
Кеңестерінің V съезі салтанатпен
ашылды. Съездің басты қарарында
«қырғыз» ұлтының «қазақтар»
атауын қалпына келтіру» туралы
қаулы қабылдады. Бұл қаулыға сәйкес
бұрындары әдейі бұрмаланып келген
«киргиз» атауы «қазақ» деген тарихи
атауын қайта қалпына келтірді.
Сонымен бірге съезд «Киргиз
Республикасын» «Қазақ
Республикасы» деп атауға, ал оның
астанасы Ақмешітті Қызылорда деп
атауға қаулы қабылдады.
27. Қай нұсқа?
Қожа Ахмет Яссауи кесенесін
салғызған кім?
• Жәңгір хан
• Тәуке хан
• Ақсақ Темір
• Шыңғысхан
• Қарахан
28. Жауабы:
Қожа Ахмет Яссауи
кесенесін атақты
шығыс қолбасшысы
Ақсақ Темір
салғызған. Оның
көлемі – 46,5х65,5
метр. Орталық залдың
айналасына әртүрлі
мақсатқа
пайдаланылған
үлкенді-кішілі 35
бөлме орналасқан
Қазақстанның кереметі
деп саналатын
ескерткіштердің бірі -
Қожа Ахмет Яссауи
кесенесі.
Қазақстанның кереметі деп
саналатын ескерткіштердің
бірі - Қожа Ахмет Яссауи
кесенесі.
30. Қызықты математика
Бұл есепті дұрыс шығарсаңыз
«Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасы туралы»
Заңының қай жылы қабылданғанын
біле аласыз.
10 *10² + 9 *10*2*5 + (3²*5)*2 + (3² -6) =
31. Жауабы:
1993 жылы 26 ақпанда
республика аймағының
тұтастығын, біркелкілігін,
өзгешелігін дәлелдейтін
«Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасы туралы»
Заңы өз күшіне енді.
32. Қызықты математика
Қай жылы Астана қаласы
ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы»
сыйлығымен марапатталды?
2*2*2*5*5*5 + 3² *10²+ 3²*2*5+27:3=
39. • Қажымұқан қазақ елінің мақтанышы,
алып күш иесі, теңдесі жоқ кәсіпқой
балуан. Күрес өнерінің бірнеше түрін жетік
меңгеріп, бәсекелестерінен басым түскен
Қажымұқан әлем чемпионы атағына қол
жеткізген тұңғыш қазақ батыры.
• Дүниежүзінің 28 мемлекетін аралап, сол
жерлердің саңлақтарымен белдесіп,
қоржынына 56 медаль салған.
• Бойы: 1 метр 94 см.
• Салмағы: 139 кг.
40. Метаграмма
Т С Ф М А А Ұ
Әріптердің орнын ауыстыру
арқылы таэквандодан әлемдегі
алдыңғы қатарлы шебер болған
қазақтың атын табыңдар:
42. Жауабы:
Мұстафа Өзтүрік – (Мұстафа
Кәбенұлы Әбдірахман)
* Таэквондодан алты рет әлем
чемпионы, актер, таэквондодан қара
белбеудің 6 – Дан иегері.
* Қазақстан Республикасы таэквондо
федерациясының негізін қалаушы,
халықаралық дәрежедегі
жаттықтырушы.
43. Метаграмма
Ы Б Е А Ж Н В А Л
Әріптердің орнын ауыстыру
арқылы
әлемдегі ең шыдамды
марафоншы қазақтың тегін
табыңдар:
45. Марат Төлегенұлы Жыланбаев
(19. 08. 1963 ж. т., Қарқаралы ауданы)
– алыс қашықтыққа жүгіретін
спортшы, жүгіруден халықаралық
дәрежедегі спорт шебері (1993).
20 ғ-дың 90-жылдары “Гиннестің
рекордтар кітабына” жеті рет
тіркелген. Негізгі мамандығы –
суретші.