1. №32 мектеп-гимназия
Сабақтың тақырыбы:
Бес асыл іс көнсеңіз
1-сынып
Өзін-өзі тану пәнімен ықпалдастырылған сабақ
Өткізген: бастауыш сынып
мұғалімі
Барышева Л.Ж.
Ақтөбе 2017
2. Ақтөбе қаласы
№32 мектеп-гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі
Барышева Лаура Жәңгірқызы
Сабақтың тақырыбы: Бес асыл іс көнсеңіз
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай туралы білімін толықтыру.Абай
өлеңдерінң мазмұнын терең түсіне отырып,жат қылықтардан аулақ болуға
,кейіпкер образын сомдауға үйрету.
• Сөздік қорын молайту,ой-қиялын,шығармашылық әртістік қабілетін дамыту.
• Ұлы Абай өмірін үлгі ету,адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:
• сұрақ-жауап,сахналау,сурет салу,өлең құрастыру,ой-
қозғау,баяндау,эвристикалық
Көрнекілігі:
• интерактивті тақта,слайдтар,кейіпкер атрибуттары
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Қуан, шаттан алақай
Қуанатын күн бүгін
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы күн
Саламатсыздарма достарым
Саламатсыздар ма апайлар
ІІ. Жаңа сабақ
Әнімен басталады.
- Бұл кімнің әні? - Абайдың әні
- Абай кім? - ұлы ақын
- Жүрегімнің түбіне терең бойла
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім
Мыңмен бірге алыстым, кінә қойма!...
Деп Абай атамыз болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Біз Абайды қазақ даласының
шамшырағы деп атаймыз
Абай тек қазақтың ғана емес, бүкіл шығыс халықтары мәдениетінің шамшырағы
- Ол халықты неге үндеді?
• Білімге, ғылымға, еңбекке
3. - Оның жаман әдеттен сақтау жолында қандай сөзін білеміз?
• Тамағы тоқты, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын.
- Абай атамыз қандай адам нағыз азамат болады деді?
• Әуелі құдайға сыйынып, сонан соң, өз қайратыңа сүйеніп, еңбек еткен адам
нағыз азамат болып саналады – деді.
- Қайрат, ақыл, жүректі бірдей ұста. Сонда толық боласың елден бөлек – демекші
біз бүгін топпен жұмыс жасаймыз. Сол себепті тобымызда жүрек, ақыл, қайрат
деп аталады.
Топтық жұмыс 1 –тапсырма
1 – топ Абай кім?
Жүрек тобы.
• Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей өңірінде Абай ауданында Құнанбай
Ұлжанның отбасында дүниеге келген. Ол әжесі Зеренің аңыз ертегілерін естіп
және анасы өте шебер ақылды Ұлжан анасының тәрбиесін көрген.
2 – топ Абайды халық кім деп таниды?
Ақыл тобы
• Абай суреткер ақын, ол жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдер жазған.
• Абай аудармашы. Біз оның «Тіл мен Қанден», «Шегіртке мен құмырсқа»
(Крыловтан аударған) деген мысалдарымен таныстық.
• Абай қарасөз шебері. Оның 45 қара сөзі бар. Мысалы. Көзімнің қарасы, сегіз
аяқ.
• Жүрегі елім деп соққан ұлы азамат.
3 – топ Абайды халық кім деп таныды?
Қайрат тобы
• Біз Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба», «Күз», «Жазғытұрым», «Жаз»
деген өлеңдерімен таныстық.
• Күз деген өлеңін жатқа айт.
1 – топ. Абайдың «Қыс» өлеңін жатқа айт, не туралы?
• Осы өлең қандай көңіл-күй туғызды?
• Осы өлеңді қандай әуенмен айтар едің?
4. • Осы өлең бойынша сурет сал түсіндір
2 – топ.
• «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.
• Сызбаны толтыр
• Абайдың нақыл сөзін аяқта
Адам баласының ең жаманы – талапсыз.
• Білім, талап туралы мақал – мәтел айт.
3 – топ «Жаз» өлеңін жатқа айт. Өлең не туралы?
• Өлең бойынша сурет сал.
1 – топ «Шегіртке мен құмырсқа» көрініс
Бұл өлеңнен біз нені үйренеміз,неден аулақ болуымыө керек?
«Жалқаудың ертеңі бітпес»,»Еңбек түбі-зейнет»мақалдарына тоқталу,мағынасын аша
отырып өлеңнен мәтін құрастыру
2-топ Абайдың17-қара сөзін сахналайды.
Автор Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтып, таласып ғылымға жүгініпті.
Көріністі бақылай отырып тәрбиелік мәніне тоқталу.«Өзгенің де өнерін көре білу
керек» тақырыбы бойынша класс оқушыларының бойындағы жақсы қасиеттерін атату.
3-топ Бала Абай мен Барлас ақын
Көрініс көрсету
Барлас ақынның Абайға айтқан өлеңіне тоқталу
- Шырағым, ер жетерсі,
- Ер жетсең, сірә, не етерсің?
Абай ата сөзі
5 асыл іс 5 дұшпан
5. - Алысқа шырқап кетерсі,
- Шыдасаң, шыңға жетерсің,-
деп еді Барлас ақын бала Абайдың бойындағы мол дарын-қасиетті сол кезде-ақ
байқаған болатын.
• Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Жоқ барды ертегіні термек үшін – деп Абай атамыз жырлағандай ақындық
өнерлері бар оқушыларға тапсырма ретінде «Сіздей тұлға ұмытылмайды» деген
тақырыпта 4 жолдық өлең шығару.
1 топ Абай ата туралы өлең жазамыз,
Бар ақылын біз үйреніп аламыз
Сіз секілді өлең жассақ өскенде
Ізіңізді жалғастырып жүреміз.
2 – топ
Менің атам – Абай ата
Ол бізге бәрін үйреткен.
Атамның баласы болмай
Адамның баласы бол деп үйретеді.
3 – топ
Абай ата ешқашан ұмытылмайды,
Себебі біз ұрпағымыз олардың
Оқып барлық өлеңін
Бізде өлең жазамыз.
Абай Лермонтов Гете
Қараңғы түнде тау қалғып Горные вершины Үйбер аллен гипфелн их ру
Ұйқыға кетер маужырап Спять во тьме ночной Ин аллен випфельн шпуйрен ду
Қаланы жым-жырт дел-сал қып Тихие долины Һаум айнен хауһ
Түн болады шаутырап Полны свежей млой Де фугляйн швайген им барде
Шам шығармас жолдағы Не пылить дорога Барте нур балде ру ист ду ауһ
Сілкіне алмас жапырақ Не дрожат листы
Тоншығарсың сендағы Погади немного
Сабыр қылсаң азырақ Отдахнем и ты
6. Ұлы ақын Абай туралы ұлағатты сөздер (үй тапсырмасы,ізденіп келу)
1. Абай қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес,
сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуына ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер.
Абай әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға.
(Н.Ә.Назарбаев)
2. Асыл сөзді іздесең
Абайды оқы ерінбе
Адамдықты көздесең
Жат тоқып ал көңілге (С.Торайғыров)
3.Қазақ әдебиетіне Абай кіргізгенжаңалық көп Абай қазақтағы суреті сұлу сөздің
атасы, терең сырлы, кең мағыналы кестелі өлеңнің атасы. Қазақ өлеңіне үлгі өрнек
берген, түрік көбейтіп, қалыбын молайтқан. Ол әдебиетке, өлең жырға бұрыннан
орнаған теріс пікір, теріс ұғымның бәрін жоғалтып жұрттың ойын тәрбиелеген.
(М.Әуезов)
* Дұрыс айтамыз Абай туралы ақындығы туралы сыншы, суретші кім?
М. Әуезов.
Бекіту.
1. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
2. Абай қай жылы, қайда дүниеге келген? (1845, Семей обл)
3. Ибраһимді кім Абай деп атап кеткен? (әжесі Зере)
4. Абай неше ағайынды? 6
5. Абай қайда оқыды? (Семей қаласындағы медреседе)
6. Абай неше тіл білген? (араб, парсы, орыс)
Ақын
Халыққа үндеу Аудармашы
салған азамат
Әндері бар Қарасөз шебері
Абай
7. Қорытындылау
• Абай атаның баласы емес, халық адамның баласы
• Мінекей балалар: Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
Өлмей тұғын артында із қалдырған.
демекші ойшыл данышпан ақынның жүрегін тербеген тамаша әндері өзінің қалың ел
қазағымен бірге жасап келеді.
Ендеше Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» атты әнімен аяқтайық.
Бағалау мадақтау
Үйге: өлеңдерін ізденіп келу.