іс тәжірибе

Вспомогательный образовательный сайт
Вспомогательный образовательный сайтАдминистратор веб-сайта – Сайт oqu-zaman.kz em Сайт oqu-zaman.kz

Іс – тәжірибе:«Математика сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану»

ТУРЛАШОВА ГУЛСАН ЕРМЕКОВНА
(жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі)
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
АРШАЛЫ АУДАНЫ
№3 АРШАЛЫ ОРТА МЕКТЕБІ
2
Жоспары:
І. Кіріспе 3-4
ІІ.Негізгі бөлім
ІІ.1.Жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану-
сапалы білім негізі. 5-10
ІІ.2. Оқыту әдістерін тиімді қолдану арқылы математикалық
білім беру. 11-18
ІІІ. Қорытынды 19-21
Қолданылған әдебиеттер тізімі. 22
3
І. Кіріспе
«Математика бүкіл ғылымдардың ішінде айрықша
қадір–құрметке бөленген. Мұның бірден - бір себебі оның
қағидаларының абсолют ақиқаттығы мен даусыздығында
жатыр»
А. Эйнштейн
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін
жүзеге асырудың тиімді жолдары Елбасының «Бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында айқындалған.
Адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр.
Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі
ғылыми-техникалық және әлеуметтік мәдени жетістіктерінің қарыштап
дамуынан туындайды. Соның ішінде математиканы оқытудың негізгі
міндеті – қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің күнделікті тынысы мен еңбек
әрекетіне қажетті білімін одан әрі жалғастыруға жеткілікті
математикалық білім мен біліктілікті жүйелі түрде тиянақты әрі саналы
меңгеруін қамтамасыз ету болып табылады. Оқушылар математиканы
оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұнын, әдіс-
тәсілдерін, әдістемелік зерттеулерді, есеп шығарудың және оларды
түсіндірудің жолдарын жақсы игеруі тиіс.Әлемдік білім кеңістігінен
жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі білім жағдайына тез
бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын
тұлғаны даярлау. Жалпы, білім жүйесінде ақпараттық технологиялардың
тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да өзгерте
бастады. Математика саласында математикалық әдістер мен
математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетанымы да
жаңаруда. Мектепте математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен
оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру
сапасын жолға қоюмыз қажет деп ойлаймын. Қазіргі кезде білім беру:
пәндік – мазмұндық, мазмұндық – әрекеттік және мазмұндық – тұлғалық
байланыста болуы керек.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер –
бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан
4
сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген
болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес,
тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси
экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана
қоймай өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше
өрлеуіне қажеттілік тудыру, яғни білім мен біліктілікті қалыптастыру мен
бекітуді осылайша ұйымдастыру оқушыларды өзара білім сайысына
түсуге, өз бетімен іздене білуге, жүйелі ойлау қабілетін дамытуға,
математикалық сауаттылығын қалыптастыра отырып, пәнге деген
қызығушылығынарттыруғакөмектеседі.
Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып,
жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек?
Осы сұрақтарды шешудің бір жолы-оқытуда инновациялық
технологияларды, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолдану, өзіміздің ежелден келе жатырған салт-дәстүрімізбен
байланыстыра оқыту, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық
әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану деп білемін.
5
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1. Жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін
пайдалану-сапалы білім негізі
Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу
оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз
бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол ашады. Оқушыларға
терең де жүйелі білім беруде мұғалімге жүктелер жауапкершілік өте зор.
Мұғалім ең алдымен білімді және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген
болуы керек. Менің әдістемелік тақырыбым: «Математика сабағында
педагогикалық технология әдістерін пайдалана отырып, білім сапасын
арттыру». Пәндерді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,
сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне
байланысты. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе оқушылардың дара
ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін
дамыту және әр оқушыны дара тұлға ретінде қарастыру, қиыншылықтан
жол тауып шығу, сыныпта, әрбір сабақта психологиялық ахуалды
жақсарту, оқуға құштарлықты ояту және оқу мен тәрбиені ұштастыра
білуде педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары екені
баршамызға аян. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің
интеллектуалдық, кәсіптік және көптеген адами қабілетінің қалыптасуына
игі әсерін тигізіп, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың жаңа технологиясын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық
желілерге шығу - XXI ғасырдың басты талабы. Менің алдыма қойған
мақсатым: «Оқытудың озық ақпараттық – инновациялық технологиялар
әдістерінің тиімді жағын пайдаланып, математикалық білім беру жүйесін
дамытып, сапалы білім беру». Мен, 5-11 сыныптар арасында математика
пәнінен дәріс беруде, заман ағымына сай күнделікті сабаққа электрондық
оқулықтар, «Білім лэнд» сайтындағы математика пәндерінің сабақтарын
және интерактивті тақтаны, тақырыптарға күнделікті қажетті слайдтарды
қолдануым айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта
электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.
Сонымен қатар 2014 жылы «Оқытудағы Кембридждік тәсілі» бойынша
бірінші (ілгері) деңгейлі курстан өтуім, яғни өз білімімді көтеруім менің
6
математика пәнінен өткізген сабақтарымды сапалы да мәнді етуде тың
серпін беруде. Сөзімнің дәлелі ретінде бірнеше сабақтарымнан үзінді
келтірейін:
8-сыныпта алгебра пәнінен «Квадрат теңдеулердің анықтамасы»
тақырыбына жеті модульді ықпалдастыра отырып өткізілген сабағымның
оқушылар үшін тиімді болғандығына көзім жетті. Бұл сабақ балалардың
сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру мақсатына
жұмылдырылды. Сабақ барысында жаңа инновациялық әдістерді
қолдануым оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпалын тигізді.
Сабақтың өтілуіне тоқтала кетсем:
Сабақтың жоспары төмендегідей:
 «Мен алдыңғы сабақтарда не үйрендім, не білемін?» атты үй
тапсырмасынпысықтау;
 «Ыстық орындық» сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиясы
бойынша оқушыларға өткен сабақтан сұрақтар қою;
 «Сұрақтары бар қорап» атты қобдиша қойылды, онда оқушылар сабақтың
соңында өз сұрақтарын қалдыра алады, бұл сұрақтар келесі сабақтың
басындаталқыланады;
 Жаңа сабақты меңгерту, постер қорғау;
 Білімді бекіту үшін есептер шығарту;
 «Серпілген сауал» тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау
дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың
арасында шағын допты лақтыра отырып, допты алған балаға сұрақтарды
қою;
 «Әуе шары», «Фишбоун» әдісімен қорытындылау;
 Үйге тапсырмаберу;
 Кері байланысты «Бағдаршам» арқылы алу. (түсініксіз, жартылай
түсіндім, түсіндім)
7
Сабақ барысында жаңа сабақты оқушылардың өздеріне оқытып, постер
қорғауы зияткерлік қабілеттерін аша түсті. Олар әр мәселеге сыни тұрғыдан
қарауға үйренді, еркін ойлап, жан-жақты ізденді және белсенділігі артты. Бір-
бірін тыңдап, олардасөйлеу мәдениеті қалыптасты.
Келесі күнгі осы сыныптағы екінші сабағымда «Толымсыз квадрат
теңдеулерді шешу» тақырыбына тоқталып, толықтыра кетсем. Сабақты
«Өзіңізге тілегенді-басқаларға тілеңіз» атты жағымды психологиялық ахуал
қалыптастыратын ойсергек өткізуден бастадым. Сынып оқушылары
ойсергектен кейін -геометриялық фигуралар арқылы үш топқа
бөлініп отырды. Өздері ортасынан топ басшысын сайлады және ортада топ
ережесі құрылды.
Өткізген сабағымныңжоспары төмендегідейболды:
 Сын тұрғысынан ойлау бағдарламаның бірінші кезеңі-қызығушылықты
ояту арқылы ойды қозғау мақсатында бұрынғы білімінен сұрақтар
қойылды.
 Сын тұрғысынан ойлау бағдарламаның екінші кезеңі-мағынаны тану
жаңа сабақпен танысу болды.
 Сын тұрғысынан ойлау бағдарламаның үшінші кезеңі-ой толғаныста жаңа
сабақты бекіту мақсатында есептер шығарту, не үйренгенін саралап,
салмақтап, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізді.
 Үйге тапсырмаберілді.
Кері байланысты «Де Бононың ақылды алты қалпағы» арқылы алынды.
(оқуға ықпал етудің 6 тәсілі). Сабақта оқушылардың тақырып бойынша
жұмыс жасауға көмектесетін «Сиқырлы қобдиша», «Әлемді шарлау»,
ЖИГСО» стратегияларын қолданумен қатар, сабақ барысында өзара бағалау
тәсілдерінің бірі «Бас бармақ», «Шапалақтау» болды.
8
Осы технология бойынша оқушылардың білім сапасы төмендегідей болды:
8-сынып оқушыларының жалпы саны-22 оқушы, оқушылардың үлгерімі-70-
75% пайыз, сабаққа қатысу белсенділігі жоғары. Бұл сыныпқа 5-ші сыныптан
бері өзім дәріс беремін. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқушылардың барлығы да
білімге құштар, қатарынан озсам деген бәсекелестікте бар. Ортасында
аудандық, мектепішілік түрлі байқауларға, сайыстарға қатысып жүрген
оқушылар баршылық. Сабақ барысында тақырыпты терең игеруде
оқушылардың осы зияткерлік қабілеттері ашыла түсті. Сабақта оқушылардың
тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін «Конверт-сұрақ», «Бірге
ойлаймыз», «Серпілген сауал» стратегияларын қолдандым. Оқушылар сұраққа
көптеп жауап беруге талпынады, өйткені әрбір дұрыс сұраққа жетон беріледі де
сабақ соңында бағаланады. Топ жетекшілері оқушылардың сабақ үстіндегі
белсенділіктерін бағалап отырды. Сыныптағы оқушылардың қабілеті әр түрлі
ғой, ал 5-6 оқушының тақырыпты игеруде өте жақсы дәрежеге жеткенін байқап
отырдым, себебі оқулықтағы А, В,С деңгейдегі есептерді 45 минутта шығарып
тастап отырды. Бұл мен үшін қуанарлық жағдай. Алған білімдерін пысықтау
мақсатында «Ойлан-жұптас-бөліс» (Джесси Джентильдің диаграммасы) және
Венн диаграммасы, мұғалімнің және оқушылардың ашық сұрақтары болды.
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%
70%
80%
90%
100%
8 "А" 8 "Ә"
70%
75%
100% 100%
сапасы
үлгерімі
9
Онда оқушылар ойланып, әрқайсысы жеке жауап береді, жұптарға бөлініп,
өздерінің жаңа жақсартылған жауаптарымен сыныппен бөліседі. Менің бұл
сабақтан түйгенім, әдістерді түрлендіріп отыру оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығы мен ынтасын оятатындығы. Сабақ барысында және соңында
өзара бағалау, өзін бағалау, топ басшысының топ мүшелерін әділ бағалауы
олардың жауапкершілік сезімдерін оята білді. Оқушылардан кері байланысты
оқыту үдерісінде өзін-өзі және өзара бағалаудың тиімді тәсілдерінің бірі
«Табыс ағашы» деп аталатын суретті тақтаға ілдім. Онда оқушылар ағаштың
түрлі түсті жапырақтарына сабақ туралы өз ойларын жазды, ал сабақ соңында
оқушылардың өтілген тақырып бойынша білім деңгейінің қай дәрежеде екенін
анықтауға бұл мен үшін таптырмас бірден-бір мүмкіндік.
5-сыныпта «Үлестер. Жай бөлшектер» тақырыбын ағылшын тілі пәнінің
мұғалімімен кіріктірілген сабақ түрінде өткіздім. Сергіту сәтін ағылшын тілінде
санамақ санаумен бастадық. Интерактивті тақтада сабаққа қажетті суреттерді
көрсете отырып, жетелеуші сұрақтар арқылы жаңа сабағымыздың тақырыбын,
SMAPT мақсатын қойып, табыс критериилерін құрдық.
Суреттер бойынша бөлшектерді жазады. «Бөлшек нешеге бөлінген? Неше
бөлігі боялған? –дегенсұрақтар қойылды.
Үлестерді оқушылар ағылшын тілінде де айтып, жазылуын тақтаға жазып
отырды. Сабақта сәйкестендіру тест, ертегі елінен есептер бейнежазба арқылы
берілді және жұптық жұмысқа «Математикалық вальс» деп атау беріліп,
есептер шығарылды. Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана
отырып, есте сақтау, логикалық ойлау және математикалық тілде сөйлеу
қабілеті дамыса, ал өз бетімен және ұжымда жұмыс істей отырып,
жылдамдыққа, ұқыптылыққа тәрбиеленді. Кері байланыс «Табыс баспалдағы»
бойынша болды. Онда оқу материалын игеру барысында білім алушы өзінің
қай баспалдақта екендігін өзіанықтады.
6
1
6
1
6
1
6
1
6
1
6
1
10
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі жоғары болды. Әрбірінің көзінен от
ұшқынын көргендеймін. Сындарлы оқыту бойынша балаларға терең білім беру
үшін, орыс жазушысы А.В.Гоголь «Өзгелерді оқыту арқылы, өзіңде оқып
үйренесің» дегендей, сабақты дайындау барысында 32 жылдық тәжірибеме
қарамастан өзімде ізденіп, оқыту теориясы бойынша көптеген оқулықтарды
қарап, өзіме керекті әдіс –тәсілдерді жинақтау үстіндемін. Ел тәуелсіздігін
баянды ету басты мұратымыз, сапалы білім –кемел келешектің бастауы
екендігін ешуақытта естен шығармақ емеспін.
11
ІІ.2. Оқыту әдістерін тиімді қолдану арқылы
математикалық білім беру.
Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой - өрісінің шыңдалуын, жеке
тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің
«Бала балқытылған алтын», - деген қанатты сөзді еске түсіреді. Егеменді
еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса,
өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек.
Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру,оны жетілдіру ізденгіштік қасиетін
дамыту мұғалімнің сабақ берудегі ізденушілік, шеберлік қабілеттеріне
байланысты. Ж. Аймауытов « Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес,
ол жаңадан жаңаны табатын өнер»-деген, яғни оқу үрдісін жаңаша
ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге,
шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім
беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет
жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім
мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа
міндеттер қойды. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы
оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім
қабылдауға дағдыландыру. Инновациялық технологияны пайдалану — өмір
талабы. Қазіргі пән оқытушыларының негізгі міндеті — білім беруді нәтижеге
бағыттау, яғни инновациялық жаңа технологияны меңгеру екені баршамызға
мәлім. Жаңа нәтижеге бағытталған білім — инновациялық білім.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу
ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін
арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және
шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды
қолдану-біріншіден оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға
көмектеседі, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы
кеңеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа
технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп
ойлаймын. «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр ұялата
алады», - деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалімнің кәсібилігі оның
ізденісі, жан-жақтылығы құзіреттілігі арқылы айқындалады. Қазіргі
қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім
оқытудың қилы әдістері мен технологияларын білуі қажет. Әдіс дегеніміз –
мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс - әрекеті, ал технология–көптеген
әдістердің жиынтығы. Қысқа мерзімді сабақ жоспарларымның бірнеше
үлгілерін назарларыңызға ұсынамын:
12
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу
Күні: Пән мұғалім: Турлашова Гулсан Ермекқызы
Сынып: 6 Қатысқандар саны: 20 Қатыспағандар саны 2
Оқу бағдарламасының
мақсаты
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар
Оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шеше алады.
Оқушылардың басым бөлігі
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімін сан
аралығында белгілей алады.
Кейбір оқушылар
Теңсіздіктің шешімдерін таба отырып, мәндес теңсіздіктерге
түрлендіре алады.
Жоспар Жоспарланған жаттығулар және күтілетін
нәтижелер
Ресурстар
Жоспарланған уақыт. Оқушыларды топқа «Пазл» құрастыру арқылы
бөлу.
Алдамұратова Т.А
Алматы «Атамұра» 2015(5 мин)
«Серпілген сауал»
арқылы жаңа
сабақтың мақсатын
айқындау.
(10 мин)
Оқушыларға сұрақтар:
1. Қандай сан аралығын білесіңдер?
2. Қандай сан аралығы интервал деп
аталады?
3. х≤ а немесе х≥в теңсіздіктерінің
шешімдер жиыны қалай аталады?
Дұрыс жауапқа фишкалар беріліп отырады.
Қалыптастырушы бағалау: лайк немесе
дизлайк.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар өздігінше
жаңа сабақтың мақсатын анықтайды.
Алдамұратова Т.А
Алматы «Атамұра» 2015.
Серпілген сауалға
кішкентай доп қолдану.
Жаңа сабақ:
«Визуалдандыру»
әдісі»
(5 мин)
«Білім ланд» сайты мен электронды
оқулық пайдаланылады.
Кестені пайдалана отырып жаңа сабақтың
формуласын жазу
Электрондық оқулық. 6-
сынып.
Презентация.
Алдамұратова Т.А
Алматы «Атамұра» 2015.
Бір айнымалысы бар сызықтық
теңсіздікті шешу
ах>b ах<b ox>b
a=0,b<0
13
Білімді бекіту үшін
есептершығарту
(10мин)
№1024(1-2)
№1025 (1,3,5)
№1026 (1,3,5)
Қалыптастырушы бағалау: бағдаршам
арқылы.
Күтілетін нәтиже: Бір айнымалысы бар
сызықтық теңсіздікті шешеді, шешімін сан
аралығында белгілей алады.
Тапсырма: (5мин) Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті
шешудің алгоритмін «Әуе шары» арқылы
құрғызу.
Күтілетін нәтиже: Бір айнымалысы бар
сызықтық теңсіздікті шешу алгоритмін біле
алады.
Әуе шарының суреті
тақтаға ілінеді.
«Ыстық орындық»
арқылы сабақты
бекіту. (5мин)
2-3 оқушыны кезекпен орындыққа отырғызып,
жаңа сабақтан сұрақ қою.
Күтілетін нәтиже: Бір айнымалысы бар
сызықтық теңсіздікті шешімі туралы
түсініктері беки түседі.
Орындық суреті тақтаға
ілінеді.
Кері байланыс:
(5мин)
«Аяқталмаған ой...»
1. Бүгін мен білдім.......
2. Қиындық туғызды....
3. Енді мен.....
4. Мен үйрендім...
5. Маған маңызды болып көрінді...
Бағалау: Қорытынды бағалау (мұғалімнің бағалауы).
Үй тапсырмасы: №1025(2,4,6),
№1026 (2,4,6)
14
Сабақтың
тақырыбы:
Призманың көлемі
Күні: Пән мұғалімі: Турлашова Г.Е
Сынып: 11 Қатысқандар саны: 19 Қатыспағандар саны: 1
Оқу
бағдарламасының
мақсаты
Призма көлемі туралы жан-жақты мағлұмат.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар
Призманың көлемін есептеуді үйренеді.
Оқушылардың басым бөлігі
Призма көлемін есептеп шығаруда абстракциялық ойлау қабілеті артады.
Кейбір оқушылар
Призма көлемін есептеуде күрделі есептерді шығара алады.
Жоспар Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Жоспарланған уақыт
(3 мин)
геометриялық фигуралар бойынша
4-топқа бөлінеді.
В.Гусев,
Ж.Қайдасов,
Ә.Қағазбаева
«Геометрия» 11-
сынып.
Алматы «Мектеп»
2015
Жағымды
психологиялық ахуал
қалыптастыратын
ойсергек. (2мин)
“Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз”
(оқушылар шеңбер жасай тұрып, бір-біріне жақсы
тілектер айтады).
Мағынаны тану.
(12 мин)
4-топқа тапсырмалар:
1-топқа 19-теореманы дәлелдеу
2-топқа 20-теореманы дәлелдеу
3-топқа 21-теореманы дәлелдеу
4-топқа Кавальери принципі
Қалыптастырушы бағалау: топтардың өзара
бағалауы.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың призманың,
үшбұрышты призманың көлденең қималары
туралы түсінігі кеңейеді, көлденең қималардың
аудандарын есептей алады, призманың көлемін
есептеудің формуласын дәлелдейді.
Геометриялық
фигуралар
макеттері.
(призма макеті)
15
«Призмалар сөйлейді»
( 20мин)
Призмалардың көлемдеріне есептеуге
жаттығулар орындайды.
№10, №14,№24 есептер. Топ бірін-бір
бағалайды.
«Ойлан – жұптас –
бөліс» Джесси
Джентильдің
диаграммасы
(10 мин)
Сабақты қорытындылау: Кері байланысқа
сұрақтар.
Кері байланыс (3мин):
Қорытынды бағалау (мұғалімнің бағалауы).
Үй тапсырмасы:№26, 28есептер
Оқушылар
сабақтан алған
білімдерінің қай
деңгейде екенін
бояу арқылы
көрсетеді
16
Сабақтың тақырыбы: Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі
Күні: Пән мұғалімі: Турлашова Г.Е
Сынып: 10 Қатысқандар саны: 23 Қатыспағандар саны:
0
Оқу бағдарламасының
мақсаты
Геометриядағы планиметрия мен стреометрия ұғымдары және
олардың өзара байланысы, оқушылардың үш өлшемді кеңістік
туралы түсінігін қалыптастыру.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар
«Координаталар жүйесі», «координаталар осі», координаталық
жазықтық», «координаталардың бас нүктесі», «октанттар» секілді
кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесінің негізгі
ұғымдарын меңгере алады.
Оқушылардың басым бөлігі
Тікбұрышты координаталар жүйесін сала біледі.
Кейбір оқушылар
Кеңістіктетегі нүктелердің орындарын тік бұрышты координаталар
жүйесі арқылы анықтай алады.
Жоспар Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Жоспарланған уақыт
Басталуы (5 мин)
Сыныпты топтарға бөлу ( х, у, z ) В.Гусев,
И.Бекбоев,
Ж.Қайдасов,
А.Абдиев.
Геометрия.
10-сынып.
Алматы
«Мектеп»
2015
«Сен-маған, мен-саған»
сұрақ жауап өткізу
(4 мин)
Оқушылар сабақтың тақырыбын қойылған
сұрақтарға жауап беру арқылы айқындайды.
Бейнежазбаны пайдалану арқылы.
Интерактивті
тақта
Бағалау парағы: № Оқушының аты – жөні Үй тапсырмасы
Білу ( жаңа тақырып бойынша өздеріндегі білім
базасы)
Түсіну (жаңа тақырыпты түсінуі)
Талдау (жаңа тақырып бойынша ойларын айту)
Қолдану (алған білімдерін есеп шығаруда қолдана
алу)
Жинақтау ( жаңа тақырыптан білгендерін
жинақтау)
Бағалау ( алған білімдеріне бір - біріне баға беру)
Қорытынды баға
Рене Декарт
портреті,
кеспе
қағаздар,
бағалау
парағы
17
Ортасы
«Тұжырымдамалық
карта» әдісі».
Жаңа сабақты меңгеру.
(10 мин)
Топтарға тапсырмалар
(10 мин)
І топ тапсырмалары
ІІ топ тапсырмалары
ІІІ топ тапсырмалары
Қолымыздан бәрі келеді
І топ тапсырмалары
ІІ топ тапсырмалары
ІІІ топ тапсырмалары
Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі
Күтілетін нәтиже: Оқушыларда жазықтық,
кеңістік, координаталар осьтері туралы
ұғымдар пайда болады.
1.Координаталары бойынша нүктелерді салыңдар:
А(3; 1; 2), В(- 1; 4; 0), С(0; 0; 5)
2.Координаталары бойынша нүктелерді салыңдар:
А(8; 0; 0), В(0; 6; 0), С(0; 0; 7)
3.Координаталары бойынша нүктелерді салыңдар:
А(- 6; 0; 0), В(0; 10; 0), С(0; 0; 3)
Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам»
арқылы
Төбелері А(4; 2; 1), В(3;- 1; 0), С(- 6;- 2; 5) D(- 5; 1;
6) болатын АВСД төртбұрышының
параллелограмм екенін дәлелдеңдер.
Төбелері А(2; 1; 2), В(4;- 4; 0), С(0;- 3;- 4) D(- 2; 2;-
2) болатын АВСД төртбұрышының ромб екенін
дәлелдеңдер.
Төбелері М(- 3; 2; 0), N(1;- 6; 4), P(3; 4;- 2) K(7;- 4;
2) болатын MNPK төртбұрышының
параллелограмм екенін дәлелдеңдер.
М(2; 4; 6) нүктесі берілген. Осы нүктеден
координаталық осьтерге және координаталық
жазықтарға түсірілген перпендикулярдың
табандарының ұзындығын табыңдар.
М(2; 4; 6) нүктесі берілген. Осы нүктеден
координаталық осьтерге және координаталық
жазықтарға түсірілген перпендикулярдың
табандарының ұзындығын табыңдар.
М(2; 4; 6) нүктесі берілген. Осы нүктеден
координаталық осьтерге және координаталық
жазықтарға түсірілген перпендикулярдың
табандарының ұзындығын табыңдар.
Күтілетін нәтиже: «Координаталар жүйесі»,
«координаталар осі», координаталық
жазықтық», «координаталардың бас нүктесі»,
«октанттар» секілді кеңістіктегі тікбұрышты
координаталар жүйесінің негізгі ұғымдарын
меңгере алады.
18
Венн диаграммасы
( топтарға тапсырма)
Аяқталуы
Кері байланыс
«Табыс ағашы»
Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
мен кеңістіктегі тікбұрышты координаталар
жүйесінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын
көрсет.
Табыс ағашы арқылы оқушы өзінің білімінің қай
деңгейде екенін көрсетеді. Жасыл-бәрі жақсы, Сары–
орташа, Қызыл-төмен.
19
ІV.Қорытынды.
«Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен
анықталады»
(Елбасының халыққа Жолдауынан)
Адам баласы білім мен ғылымға қол созған кезден бастап дүниеге
келген математика пәнінің қоғам өміріндегі алатын орны ерекше.
Еліміздің жедел индустриялық-инновациялық дамуы жағдайында
базалық техникалық пәндердің бірі ретінде математика қазіргі заманғы
білім берудің алдыңғы шебіне шығып отыр. Жаңа заман талабы
математикалық білім беруді жетілдіріп, оның тиімділігін арттырудың
нақты тетіктерін айқындау міндетін қояды. Математика пәні адамның
күнделікті практикалық қызметі үшін де маңызы зор. Табиғатта және
қоғамда болып жатқан көптеген құбылыстар математикалық білім
арқылы зерттеледі. Сондықтан да ол - ғылыми-техникалық прогресті
жеделдетудің қажетті шарты болмақ. «Математиканы ұғына білу-
адамның ең жоғарғы білімділігін көрсетеді» - деген қағида жайдан-жай
айтылмаған. Мектепте оқытылатын барлық пәндер математикамен
сабақтас , ол пәндерді терең игерем деуші шәкірт математика заңдарын
жете білуі тиіс. Сондықтан да мектептегі математика пәнінің мұғалімдері
білікті, жетекші маман дәрежесіне көтерілген жағдайда ғана мектептегі
барлық оқыту процесі өзінің жақсы жемісін бере бастайды. Өйткені,
оқушылардың логикалық ақыл-ойын дамытушы пән тек қана математика
болып табылады. Ол үшін, математика сабағын барынша шебер
ұйымдастыра білу қажет. Сабақтарда барлық керекті материалды терең
жеткізу үшін , уақытты ұтымды пайдаланып, үй жұмысын тексеру, жаңа
сабақты түсіндіру, оны бекіту, есептер шығарту, қайталау кезеңдерін бір-
бірімен тез ауыстыра отырып , үйлестіре білу керек. Қазіргі заманғы
жаңаша оқыту технологиясының негізгі мақсаты-оқушылардың өз
бетімен білім алуға, ойлауға, оны әрі қарай дамытуға үйрету. Өзім
оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін әрдайым, сабақ түрлерін
түрлендіріп өткізуге тырысамын. Ол үшін сабақтарда заманауи
техникалық құрылғыларды (интерактивті тақтаны, ғаламтор желісін,
электронды оқулықтарды) жиі пайдаланып, оқушылардың нақты
ойлаудан бірте-бірте абстракциялық ойлай білуіне жол ашамын. Сабақта
оқушылармен топтап және жекелей жұмыс жүргіземін. Нәтижесінде,
шәкірттерім білім сайыстарында жеңімпаз атанып жүр. Еңбек жолымда
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет
грамотасымен», бірнеше мәрте облыстық білім басқармасының
грамоталарымен және аудан әкімінің алғыс хатымен, бірнеше мәрте
аудандық білім бөлімінің грамоталарымен марапатталдым. 2017 жылы
«Лучшие в образовании» халықаралық энциклопедияның
«Педагогическая слава» бөліміне басылып шығып, медаль және
20
дипломмен марапатталдым. «Учитель-это призвание» атты
республикалық кітапта, І Республикалық «Мәңгілік ел ұстаздары» атты
тәжірибелі, білікті білім саласының үздік қызметкерлерінің
антологиясында менің оқыту тәжірибем туралы материал басылды.
«Республика мұғалімдерінің әдістемелік мақалалар жинағына»
мақалаларым жарияланса, ал «Открытая школа», «Ұлт ұстазы»,
«Математика және Физика» республикалық ғылыми-әдістемелік
журналдарында және ғаламторда ашық сабақтарым үздіксіз жарияланып
отырады. «Инфоурок» сайтына тіркелгенмін, онда өзімнің жеке сайтыма
сабақтарымды салып отырамын. Облыс, аудан көлемінде жаратылыстану-
математика пәндері мұғалімдерінің арасында үнемі семинар өткіземін.
2016-2017 жылдары 10-11-сынып оқушылары Алишбекова Айнұр мен
Толеген Жанылсын аудандық пәндік олимпиада да жүлделі орындар алса,
2017 жылы Толеген Жанылсын «Аршалы дарыны» аудандық ғылыми
жобалар байқауында «Жылдам есептеу жолдары» тақырыбымен ғылыми
жоба қорғап, І дәрежелі дипломмен марапатталып, «Аршалы дарыны»
төсбелгісін алды. Дәріс беретін сыныптарымда оқушыларым математика
пәнінен «Кенгуру», «Ақбота» зияткерлік ойындарына жыл сайын
қатысып отырады. ҰБТ –да мектеп бітірушілер математика пәнінен
жақсы көрсеткіштерге жетуде. Түрлі тақырыптарда білім көтеру
курстарынажәне семинарларға қатысып жүремін.
Жаңа инновациялық әдістерді пайдалануда мен не ұттым?
 Оқушылардыңбарлығынсабаққа қатыстыруғамүмкіндік туады;
 Олардыңәрқайсысыныңдеңгейін анықтауға болады;
 Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
 Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы,
шығармашылық белсенділігі артады;
 Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне
деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
 Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға
көмектеседі;
Мен бұларды сабақ соңында алған кері байланыстан да байқадым. Олар кері
байланыста көңіл-күйлерінің көтеріңкі болғандығын және сабақта өздеріне
ұнаған сәттерді айта отырып, пікірлерін білдірген.
21
Қазіргі таңда мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап,
белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын
қаншалықты деңгейде меңгергенін бақылаудың сан түрлі жаңа әдіс – тәсілдерін
іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу. Қорыта келе,
айтарым қазіргі өмір талабына сай бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу -
мұғалімдердің қасиетті борышы деп ойлаймын.
22
1. Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н. Назарбаев «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту - Қазақстан
дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы.
2.«Оқушылардыңшығармашылық қабілетін дамытудағы логикалық
тапсырмалар»
4..Ж.У.Кобдикова. Ортамектепте білім алуды технологияландыру.
5.«Математика және Физика» журналы.
7.Қазақстан Республикасының«Білім туралы» Заңы
8.С. Көшімбетова «Оқу—тәрбиеүрдісінде оқытудыңинновациялықәдіс-
тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары»,

Recomendados

LKS Fisika : Perpindahan Kalor por
LKS Fisika : Perpindahan KalorLKS Fisika : Perpindahan Kalor
LKS Fisika : Perpindahan KalorAmphie Yuurisman
1.8K visualizações2 slides
static discharge (sistem penangkal petir pada pesawat terbang) por
static discharge (sistem penangkal petir pada pesawat terbang)static discharge (sistem penangkal petir pada pesawat terbang)
static discharge (sistem penangkal petir pada pesawat terbang)Satria Manggala
2.6K visualizações24 slides
RPP angka penting K13 terbaru por
RPP angka penting K13 terbaruRPP angka penting K13 terbaru
RPP angka penting K13 terbarualfharizy muhammad
1.3K visualizações6 slides
Contoh kisi soal suhu kalor.pdf por
Contoh kisi soal suhu kalor.pdfContoh kisi soal suhu kalor.pdf
Contoh kisi soal suhu kalor.pdfssuserc8ed61
963 visualizações4 slides
Pembuatan alat peraga hubungan roda roda por
Pembuatan alat peraga hubungan roda rodaPembuatan alat peraga hubungan roda roda
Pembuatan alat peraga hubungan roda rodaSulistiyo Wibowo
17.7K visualizações65 slides

Mais conteúdo relacionado

Destaque

성균인으로 사는 법 - 방황하고 있는 후배님들께 - por
성균인으로 사는 법 - 방황하고 있는 후배님들께 -성균인으로 사는 법 - 방황하고 있는 후배님들께 -
성균인으로 사는 법 - 방황하고 있는 후배님들께 -Seungjoo Kim
1.1K visualizações34 slides
Developing a Protection Profile for Smart TV por
Developing a Protection Profile for Smart TVDeveloping a Protection Profile for Smart TV
Developing a Protection Profile for Smart TVSeungjoo Kim
1.3K visualizações31 slides
Smart TV Security - #1984 in 21st century - por
Smart TV Security - #1984 in 21st century -Smart TV Security - #1984 in 21st century -
Smart TV Security - #1984 in 21st century -Seungjoo Kim
1.9K visualizações94 slides
How the CC Harmonizes with Secure Software Development Lifecycle por
How the CC Harmonizes with Secure Software Development LifecycleHow the CC Harmonizes with Secure Software Development Lifecycle
How the CC Harmonizes with Secure Software Development LifecycleSeungjoo Kim
1.1K visualizações33 slides
Using the CGC's Fully Automated Vulnerability Detection Tools in Security Eva... por
Using the CGC's Fully Automated Vulnerability Detection Tools in Security Eva...Using the CGC's Fully Automated Vulnerability Detection Tools in Security Eva...
Using the CGC's Fully Automated Vulnerability Detection Tools in Security Eva...Seungjoo Kim
1K visualizações76 slides
PP for E-Certificate Issuance System por
PP for E-Certificate Issuance SystemPP for E-Certificate Issuance System
PP for E-Certificate Issuance SystemSeungjoo Kim
937 visualizações27 slides

Destaque(17)

성균인으로 사는 법 - 방황하고 있는 후배님들께 - por Seungjoo Kim
성균인으로 사는 법 - 방황하고 있는 후배님들께 -성균인으로 사는 법 - 방황하고 있는 후배님들께 -
성균인으로 사는 법 - 방황하고 있는 후배님들께 -
Seungjoo Kim1.1K visualizações
Developing a Protection Profile for Smart TV por Seungjoo Kim
Developing a Protection Profile for Smart TVDeveloping a Protection Profile for Smart TV
Developing a Protection Profile for Smart TV
Seungjoo Kim1.3K visualizações
Smart TV Security - #1984 in 21st century - por Seungjoo Kim
Smart TV Security - #1984 in 21st century -Smart TV Security - #1984 in 21st century -
Smart TV Security - #1984 in 21st century -
Seungjoo Kim1.9K visualizações
How the CC Harmonizes with Secure Software Development Lifecycle por Seungjoo Kim
How the CC Harmonizes with Secure Software Development LifecycleHow the CC Harmonizes with Secure Software Development Lifecycle
How the CC Harmonizes with Secure Software Development Lifecycle
Seungjoo Kim1.1K visualizações
Using the CGC's Fully Automated Vulnerability Detection Tools in Security Eva... por Seungjoo Kim
Using the CGC's Fully Automated Vulnerability Detection Tools in Security Eva...Using the CGC's Fully Automated Vulnerability Detection Tools in Security Eva...
Using the CGC's Fully Automated Vulnerability Detection Tools in Security Eva...
Seungjoo Kim1K visualizações
PP for E-Certificate Issuance System por Seungjoo Kim
PP for E-Certificate Issuance SystemPP for E-Certificate Issuance System
PP for E-Certificate Issuance System
Seungjoo Kim937 visualizações
Problem and Improvement of the Composition Documents for Smart Card Composed ... por Seungjoo Kim
Problem and Improvement of the Composition Documents for Smart Card Composed ...Problem and Improvement of the Composition Documents for Smart Card Composed ...
Problem and Improvement of the Composition Documents for Smart Card Composed ...
Seungjoo Kim663 visualizações
Hacking, Surveilling, and Deceiving Victims on Smart TV por Seungjoo Kim
Hacking, Surveilling, and Deceiving Victims on Smart TVHacking, Surveilling, and Deceiving Victims on Smart TV
Hacking, Surveilling, and Deceiving Victims on Smart TV
Seungjoo Kim2.1K visualizações
Исполнение бюджета Гапкинского сельского поселения за 1 полугодие 2016 года por Алексей Арешев
Исполнение бюджета Гапкинского сельского поселения за 1 полугодие  2016 годаИсполнение бюджета Гапкинского сельского поселения за 1 полугодие  2016 года
Исполнение бюджета Гапкинского сельского поселения за 1 полугодие 2016 года
Алексей Арешев350 visualizações
DDoS Attack on DNS using infected IoT Devices por Seungjoo Kim
DDoS Attack on DNS using infected IoT DevicesDDoS Attack on DNS using infected IoT Devices
DDoS Attack on DNS using infected IoT Devices
Seungjoo Kim2.9K visualizações
Sketch root locus por mirza asif haider
Sketch root locusSketch root locus
Sketch root locus
mirza asif haider777 visualizações
Images por rafa rodriguez
ImagesImages
Images
rafa rodriguez88 visualizações
Writing the report for doctoral confirmation at Massey University, New Zealand por Martin McMorrow
Writing the report for doctoral confirmation at Massey University, New ZealandWriting the report for doctoral confirmation at Massey University, New Zealand
Writing the report for doctoral confirmation at Massey University, New Zealand
Martin McMorrow723 visualizações
Documentary Tree Felling Pitch por Sophie Harris
Documentary Tree Felling PitchDocumentary Tree Felling Pitch
Documentary Tree Felling Pitch
Sophie Harris106 visualizações
Financing the Sustainable Development Goals (SDGs) and Paris Agreement at the... por IIED
Financing the Sustainable Development Goals (SDGs) and Paris Agreement at the...Financing the Sustainable Development Goals (SDGs) and Paris Agreement at the...
Financing the Sustainable Development Goals (SDGs) and Paris Agreement at the...
IIED581 visualizações
Financing sustainable small- and medium-sized enterprises (SMEs) in Mozambique por IIED
Financing sustainable small- and medium-sized enterprises (SMEs) in MozambiqueFinancing sustainable small- and medium-sized enterprises (SMEs) in Mozambique
Financing sustainable small- and medium-sized enterprises (SMEs) in Mozambique
IIED409 visualizações
Ludewa district rural electrification programme - mini hydropower por IIED
Ludewa district rural electrification programme - mini hydropowerLudewa district rural electrification programme - mini hydropower
Ludewa district rural electrification programme - mini hydropower
IIED744 visualizações

Similar a іс тәжірибе

23erewrewrwsssssssssss por
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssssnurlan93kz
1.7K visualizações46 slides
шыгар жоба por
шыгар жобашыгар жоба
шыгар жобаoquzaman
408 visualizações24 slides
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст... por
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...Asem Sarsembayeva
282 visualizações13 slides
тукубаева т.т por
тукубаева т.ттукубаева т.т
тукубаева т.тAsem Sarsembayeva
238 visualizações7 slides

Similar a іс тәжірибе(20)

23erewrewrwsssssssssss por nurlan93kz
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss
nurlan93kz1.7K visualizações
шыгар жоба por oquzaman
шыгар жобашыгар жоба
шыгар жоба
oquzaman408 visualizações
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст... por Asem Sarsembayeva
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...
Asem Sarsembayeva282 visualizações
тукубаева т.т por Asem Sarsembayeva
тукубаева т.ттукубаева т.т
тукубаева т.т
Asem Sarsembayeva238 visualizações
сөздік por oquzaman
сөздіксөздік
сөздік
oquzaman309 visualizações
221ваываыввввввв por nurlan93kz
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываыввввввв
nurlan93kz6.2K visualizações
4646f por Nurlan Abilhanov
4646f4646f
4646f
Nurlan Abilhanov1.8K visualizações
87783ererereree por nurlan93kz
87783ererereree87783ererereree
87783ererereree
nurlan93kz1.1K visualizações
Көшбасшылық жұмыстарды жүргізудің ерекшелігі por Айбек Қуандықұлы
Көшбасшылық  жұмыстарды   жүргізудің  ерекшелігіКөшбасшылық  жұмыстарды   жүргізудің  ерекшелігі
Көшбасшылық жұмыстарды жүргізудің ерекшелігі
Айбек Қуандықұлы18.8K visualizações
7. оқу бағдарлама ғылымға кіріспе бастауыш мектеп 1 нұсқа 300114 por NisEdu
7. оқу бағдарлама ғылымға кіріспе бастауыш мектеп 1 нұсқа 3001147. оқу бағдарлама ғылымға кіріспе бастауыш мектеп 1 нұсқа 300114
7. оқу бағдарлама ғылымға кіріспе бастауыш мектеп 1 нұсқа 300114
NisEdu5.1K visualizações
Жаңартылған білім беру мазмұны por MarzhanZhumakhan
Жаңартылған білім беру мазмұныЖаңартылған білім беру мазмұны
Жаңартылған білім беру мазмұны
MarzhanZhumakhan332 visualizações
мен зерттеушимин por Asem Sarsembayeva
мен зерттеушиминмен зерттеушимин
мен зерттеушимин
Asem Sarsembayeva4.2K visualizações
доклад класс (автосохраненный) por oquzaman
доклад   класс (автосохраненный)доклад   класс (автосохраненный)
доклад класс (автосохраненный)
oquzaman91 visualizações
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс por Beisek Serikbay
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмысТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
Beisek Serikbay7.5K visualizações

Mais de Вспомогательный образовательный сайт

Mais de Вспомогательный образовательный сайт(20)

іс тәжірибе

  • 1. ТУРЛАШОВА ГУЛСАН ЕРМЕКОВНА (жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі) АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АРШАЛЫ АУДАНЫ №3 АРШАЛЫ ОРТА МЕКТЕБІ
  • 2. 2 Жоспары: І. Кіріспе 3-4 ІІ.Негізгі бөлім ІІ.1.Жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану- сапалы білім негізі. 5-10 ІІ.2. Оқыту әдістерін тиімді қолдану арқылы математикалық білім беру. 11-18 ІІІ. Қорытынды 19-21 Қолданылған әдебиеттер тізімі. 22
  • 3. 3 І. Кіріспе «Математика бүкіл ғылымдардың ішінде айрықша қадір–құрметке бөленген. Мұның бірден - бір себебі оның қағидаларының абсолют ақиқаттығы мен даусыздығында жатыр» А. Эйнштейн Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдары Елбасының «Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында айқындалған. Адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылыми-техникалық және әлеуметтік мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан туындайды. Соның ішінде математиканы оқытудың негізгі міндеті – қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің күнделікті тынысы мен еңбек әрекетіне қажетті білімін одан әрі жалғастыруға жеткілікті математикалық білім мен біліктілікті жүйелі түрде тиянақты әрі саналы меңгеруін қамтамасыз ету болып табылады. Оқушылар математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұнын, әдіс- тәсілдерін, әдістемелік зерттеулерді, есеп шығарудың және оларды түсіндірудің жолдарын жақсы игеруі тиіс.Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау. Жалпы, білім жүйесінде ақпараттық технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да өзгерте бастады. Математика саласында математикалық әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетанымы да жаңаруда. Мектепте математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қоюмыз қажет деп ойлаймын. Қазіргі кезде білім беру: пәндік – мазмұндық, мазмұндық – әрекеттік және мазмұндық – тұлғалық байланыста болуы керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан
  • 4. 4 сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру, яғни білім мен біліктілікті қалыптастыру мен бекітуді осылайша ұйымдастыру оқушыларды өзара білім сайысына түсуге, өз бетімен іздене білуге, жүйелі ойлау қабілетін дамытуға, математикалық сауаттылығын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылығынарттыруғакөмектеседі. Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек? Осы сұрақтарды шешудің бір жолы-оқытуда инновациялық технологияларды, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, өзіміздің ежелден келе жатырған салт-дәстүрімізбен байланыстыра оқыту, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану деп білемін.
  • 5. 5 ІІ. Негізгі бөлім ІІ.1. Жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану-сапалы білім негізі Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол ашады. Оқушыларға терең де жүйелі білім беруде мұғалімге жүктелер жауапкершілік өте зор. Мұғалім ең алдымен білімді және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген болуы керек. Менің әдістемелік тақырыбым: «Математика сабағында педагогикалық технология әдістерін пайдалана отырып, білім сапасын арттыру». Пәндерді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе оқушылардың дара ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту және әр оқушыны дара тұлға ретінде қарастыру, қиыншылықтан жол тауып шығу, сыныпта, әрбір сабақта психологиялық ахуалды жақсарту, оқуға құштарлықты ояту және оқу мен тәрбиені ұштастыра білуде педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары екені баршамызға аян. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік және көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізіп, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу - XXI ғасырдың басты талабы. Менің алдыма қойған мақсатым: «Оқытудың озық ақпараттық – инновациялық технологиялар әдістерінің тиімді жағын пайдаланып, математикалық білім беру жүйесін дамытып, сапалы білім беру». Мен, 5-11 сыныптар арасында математика пәнінен дәріс беруде, заман ағымына сай күнделікті сабаққа электрондық оқулықтар, «Білім лэнд» сайтындағы математика пәндерінің сабақтарын және интерактивті тақтаны, тақырыптарға күнделікті қажетті слайдтарды қолдануым айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Сонымен қатар 2014 жылы «Оқытудағы Кембридждік тәсілі» бойынша бірінші (ілгері) деңгейлі курстан өтуім, яғни өз білімімді көтеруім менің
  • 6. 6 математика пәнінен өткізген сабақтарымды сапалы да мәнді етуде тың серпін беруде. Сөзімнің дәлелі ретінде бірнеше сабақтарымнан үзінді келтірейін: 8-сыныпта алгебра пәнінен «Квадрат теңдеулердің анықтамасы» тақырыбына жеті модульді ықпалдастыра отырып өткізілген сабағымның оқушылар үшін тиімді болғандығына көзім жетті. Бұл сабақ балалардың сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру мақсатына жұмылдырылды. Сабақ барысында жаңа инновациялық әдістерді қолдануым оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпалын тигізді. Сабақтың өтілуіне тоқтала кетсем: Сабақтың жоспары төмендегідей:  «Мен алдыңғы сабақтарда не үйрендім, не білемін?» атты үй тапсырмасынпысықтау;  «Ыстық орындық» сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиясы бойынша оқушыларға өткен сабақтан сұрақтар қою;  «Сұрақтары бар қорап» атты қобдиша қойылды, онда оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады, бұл сұрақтар келесі сабақтың басындаталқыланады;  Жаңа сабақты меңгерту, постер қорғау;  Білімді бекіту үшін есептер шығарту;  «Серпілген сауал» тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында шағын допты лақтыра отырып, допты алған балаға сұрақтарды қою;  «Әуе шары», «Фишбоун» әдісімен қорытындылау;  Үйге тапсырмаберу;  Кері байланысты «Бағдаршам» арқылы алу. (түсініксіз, жартылай түсіндім, түсіндім)
  • 7. 7 Сабақ барысында жаңа сабақты оқушылардың өздеріне оқытып, постер қорғауы зияткерлік қабілеттерін аша түсті. Олар әр мәселеге сыни тұрғыдан қарауға үйренді, еркін ойлап, жан-жақты ізденді және белсенділігі артты. Бір- бірін тыңдап, олардасөйлеу мәдениеті қалыптасты. Келесі күнгі осы сыныптағы екінші сабағымда «Толымсыз квадрат теңдеулерді шешу» тақырыбына тоқталып, толықтыра кетсем. Сабақты «Өзіңізге тілегенді-басқаларға тілеңіз» атты жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын ойсергек өткізуден бастадым. Сынып оқушылары ойсергектен кейін -геометриялық фигуралар арқылы үш топқа бөлініп отырды. Өздері ортасынан топ басшысын сайлады және ортада топ ережесі құрылды. Өткізген сабағымныңжоспары төмендегідейболды:  Сын тұрғысынан ойлау бағдарламаның бірінші кезеңі-қызығушылықты ояту арқылы ойды қозғау мақсатында бұрынғы білімінен сұрақтар қойылды.  Сын тұрғысынан ойлау бағдарламаның екінші кезеңі-мағынаны тану жаңа сабақпен танысу болды.  Сын тұрғысынан ойлау бағдарламаның үшінші кезеңі-ой толғаныста жаңа сабақты бекіту мақсатында есептер шығарту, не үйренгенін саралап, салмақтап, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізді.  Үйге тапсырмаберілді. Кері байланысты «Де Бононың ақылды алты қалпағы» арқылы алынды. (оқуға ықпал етудің 6 тәсілі). Сабақта оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін «Сиқырлы қобдиша», «Әлемді шарлау», ЖИГСО» стратегияларын қолданумен қатар, сабақ барысында өзара бағалау тәсілдерінің бірі «Бас бармақ», «Шапалақтау» болды.
  • 8. 8 Осы технология бойынша оқушылардың білім сапасы төмендегідей болды: 8-сынып оқушыларының жалпы саны-22 оқушы, оқушылардың үлгерімі-70- 75% пайыз, сабаққа қатысу белсенділігі жоғары. Бұл сыныпқа 5-ші сыныптан бері өзім дәріс беремін. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқушылардың барлығы да білімге құштар, қатарынан озсам деген бәсекелестікте бар. Ортасында аудандық, мектепішілік түрлі байқауларға, сайыстарға қатысып жүрген оқушылар баршылық. Сабақ барысында тақырыпты терең игеруде оқушылардың осы зияткерлік қабілеттері ашыла түсті. Сабақта оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін «Конверт-сұрақ», «Бірге ойлаймыз», «Серпілген сауал» стратегияларын қолдандым. Оқушылар сұраққа көптеп жауап беруге талпынады, өйткені әрбір дұрыс сұраққа жетон беріледі де сабақ соңында бағаланады. Топ жетекшілері оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділіктерін бағалап отырды. Сыныптағы оқушылардың қабілеті әр түрлі ғой, ал 5-6 оқушының тақырыпты игеруде өте жақсы дәрежеге жеткенін байқап отырдым, себебі оқулықтағы А, В,С деңгейдегі есептерді 45 минутта шығарып тастап отырды. Бұл мен үшін қуанарлық жағдай. Алған білімдерін пысықтау мақсатында «Ойлан-жұптас-бөліс» (Джесси Джентильдің диаграммасы) және Венн диаграммасы, мұғалімнің және оқушылардың ашық сұрақтары болды. 0% 10% 20% 30% 40% 50% 60% 70% 80% 90% 100% 8 "А" 8 "Ә" 70% 75% 100% 100% сапасы үлгерімі
  • 9. 9 Онда оқушылар ойланып, әрқайсысы жеке жауап береді, жұптарға бөлініп, өздерінің жаңа жақсартылған жауаптарымен сыныппен бөліседі. Менің бұл сабақтан түйгенім, әдістерді түрлендіріп отыру оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын оятатындығы. Сабақ барысында және соңында өзара бағалау, өзін бағалау, топ басшысының топ мүшелерін әділ бағалауы олардың жауапкершілік сезімдерін оята білді. Оқушылардан кері байланысты оқыту үдерісінде өзін-өзі және өзара бағалаудың тиімді тәсілдерінің бірі «Табыс ағашы» деп аталатын суретті тақтаға ілдім. Онда оқушылар ағаштың түрлі түсті жапырақтарына сабақ туралы өз ойларын жазды, ал сабақ соңында оқушылардың өтілген тақырып бойынша білім деңгейінің қай дәрежеде екенін анықтауға бұл мен үшін таптырмас бірден-бір мүмкіндік. 5-сыныпта «Үлестер. Жай бөлшектер» тақырыбын ағылшын тілі пәнінің мұғалімімен кіріктірілген сабақ түрінде өткіздім. Сергіту сәтін ағылшын тілінде санамақ санаумен бастадық. Интерактивті тақтада сабаққа қажетті суреттерді көрсете отырып, жетелеуші сұрақтар арқылы жаңа сабағымыздың тақырыбын, SMAPT мақсатын қойып, табыс критериилерін құрдық. Суреттер бойынша бөлшектерді жазады. «Бөлшек нешеге бөлінген? Неше бөлігі боялған? –дегенсұрақтар қойылды. Үлестерді оқушылар ағылшын тілінде де айтып, жазылуын тақтаға жазып отырды. Сабақта сәйкестендіру тест, ертегі елінен есептер бейнежазба арқылы берілді және жұптық жұмысқа «Математикалық вальс» деп атау беріліп, есептер шығарылды. Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып, есте сақтау, логикалық ойлау және математикалық тілде сөйлеу қабілеті дамыса, ал өз бетімен және ұжымда жұмыс істей отырып, жылдамдыққа, ұқыптылыққа тәрбиеленді. Кері байланыс «Табыс баспалдағы» бойынша болды. Онда оқу материалын игеру барысында білім алушы өзінің қай баспалдақта екендігін өзіанықтады. 6 1 6 1 6 1 6 1 6 1 6 1
  • 10. 10 Оқушылардың сабақтағы белсенділігі жоғары болды. Әрбірінің көзінен от ұшқынын көргендеймін. Сындарлы оқыту бойынша балаларға терең білім беру үшін, орыс жазушысы А.В.Гоголь «Өзгелерді оқыту арқылы, өзіңде оқып үйренесің» дегендей, сабақты дайындау барысында 32 жылдық тәжірибеме қарамастан өзімде ізденіп, оқыту теориясы бойынша көптеген оқулықтарды қарап, өзіме керекті әдіс –тәсілдерді жинақтау үстіндемін. Ел тәуелсіздігін баянды ету басты мұратымыз, сапалы білім –кемел келешектің бастауы екендігін ешуақытта естен шығармақ емеспін.
  • 11. 11 ІІ.2. Оқыту әдістерін тиімді қолдану арқылы математикалық білім беру. Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой - өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын», - деген қанатты сөзді еске түсіреді. Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру,оны жетілдіру ізденгіштік қасиетін дамыту мұғалімнің сабақ берудегі ізденушілік, шеберлік қабілеттеріне байланысты. Ж. Аймауытов « Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»-деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасы Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Инновациялық технологияны пайдалану — өмір талабы. Қазіргі пән оқытушыларының негізгі міндеті — білім беруді нәтижеге бағыттау, яғни инновациялық жаңа технологияны меңгеру екені баршамызға мәлім. Жаңа нәтижеге бағытталған білім — инновациялық білім. Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану-біріншіден оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын. «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр ұялата алады», - деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалімнің кәсібилігі оның ізденісі, жан-жақтылығы құзіреттілігі арқылы айқындалады. Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың қилы әдістері мен технологияларын білуі қажет. Әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс - әрекеті, ал технология–көптеген әдістердің жиынтығы. Қысқа мерзімді сабақ жоспарларымның бірнеше үлгілерін назарларыңызға ұсынамын:
  • 12. 12 Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу Күні: Пән мұғалім: Турлашова Гулсан Ермекқызы Сынып: 6 Қатысқандар саны: 20 Қатыспағандар саны 2 Оқу бағдарламасының мақсаты Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу. Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар Оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шеше алады. Оқушылардың басым бөлігі Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімін сан аралығында белгілей алады. Кейбір оқушылар Теңсіздіктің шешімдерін таба отырып, мәндес теңсіздіктерге түрлендіре алады. Жоспар Жоспарланған жаттығулар және күтілетін нәтижелер Ресурстар Жоспарланған уақыт. Оқушыларды топқа «Пазл» құрастыру арқылы бөлу. Алдамұратова Т.А Алматы «Атамұра» 2015(5 мин) «Серпілген сауал» арқылы жаңа сабақтың мақсатын айқындау. (10 мин) Оқушыларға сұрақтар: 1. Қандай сан аралығын білесіңдер? 2. Қандай сан аралығы интервал деп аталады? 3. х≤ а немесе х≥в теңсіздіктерінің шешімдер жиыны қалай аталады? Дұрыс жауапқа фишкалар беріліп отырады. Қалыптастырушы бағалау: лайк немесе дизлайк. Күтілетін нәтиже: Оқушылар өздігінше жаңа сабақтың мақсатын анықтайды. Алдамұратова Т.А Алматы «Атамұра» 2015. Серпілген сауалға кішкентай доп қолдану. Жаңа сабақ: «Визуалдандыру» әдісі» (5 мин) «Білім ланд» сайты мен электронды оқулық пайдаланылады. Кестені пайдалана отырып жаңа сабақтың формуласын жазу Электрондық оқулық. 6- сынып. Презентация. Алдамұратова Т.А Алматы «Атамұра» 2015. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу ах>b ах<b ox>b a=0,b<0
  • 13. 13 Білімді бекіту үшін есептершығарту (10мин) №1024(1-2) №1025 (1,3,5) №1026 (1,3,5) Қалыптастырушы бағалау: бағдаршам арқылы. Күтілетін нәтиже: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешеді, шешімін сан аралығында белгілей алады. Тапсырма: (5мин) Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешудің алгоритмін «Әуе шары» арқылы құрғызу. Күтілетін нәтиже: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу алгоритмін біле алады. Әуе шарының суреті тақтаға ілінеді. «Ыстық орындық» арқылы сабақты бекіту. (5мин) 2-3 оқушыны кезекпен орындыққа отырғызып, жаңа сабақтан сұрақ қою. Күтілетін нәтиже: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешімі туралы түсініктері беки түседі. Орындық суреті тақтаға ілінеді. Кері байланыс: (5мин) «Аяқталмаған ой...» 1. Бүгін мен білдім....... 2. Қиындық туғызды.... 3. Енді мен..... 4. Мен үйрендім... 5. Маған маңызды болып көрінді... Бағалау: Қорытынды бағалау (мұғалімнің бағалауы). Үй тапсырмасы: №1025(2,4,6), №1026 (2,4,6)
  • 14. 14 Сабақтың тақырыбы: Призманың көлемі Күні: Пән мұғалімі: Турлашова Г.Е Сынып: 11 Қатысқандар саны: 19 Қатыспағандар саны: 1 Оқу бағдарламасының мақсаты Призма көлемі туралы жан-жақты мағлұмат. Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар Призманың көлемін есептеуді үйренеді. Оқушылардың басым бөлігі Призма көлемін есептеп шығаруда абстракциялық ойлау қабілеті артады. Кейбір оқушылар Призма көлемін есептеуде күрделі есептерді шығара алады. Жоспар Жоспарланған жаттығулар Ресурстар Жоспарланған уақыт (3 мин) геометриялық фигуралар бойынша 4-топқа бөлінеді. В.Гусев, Ж.Қайдасов, Ә.Қағазбаева «Геометрия» 11- сынып. Алматы «Мектеп» 2015 Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын ойсергек. (2мин) “Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз” (оқушылар шеңбер жасай тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады). Мағынаны тану. (12 мин) 4-топқа тапсырмалар: 1-топқа 19-теореманы дәлелдеу 2-топқа 20-теореманы дәлелдеу 3-топқа 21-теореманы дәлелдеу 4-топқа Кавальери принципі Қалыптастырушы бағалау: топтардың өзара бағалауы. Күтілетін нәтиже: Оқушылардың призманың, үшбұрышты призманың көлденең қималары туралы түсінігі кеңейеді, көлденең қималардың аудандарын есептей алады, призманың көлемін есептеудің формуласын дәлелдейді. Геометриялық фигуралар макеттері. (призма макеті)
  • 15. 15 «Призмалар сөйлейді» ( 20мин) Призмалардың көлемдеріне есептеуге жаттығулар орындайды. №10, №14,№24 есептер. Топ бірін-бір бағалайды. «Ойлан – жұптас – бөліс» Джесси Джентильдің диаграммасы (10 мин) Сабақты қорытындылау: Кері байланысқа сұрақтар. Кері байланыс (3мин): Қорытынды бағалау (мұғалімнің бағалауы). Үй тапсырмасы:№26, 28есептер Оқушылар сабақтан алған білімдерінің қай деңгейде екенін бояу арқылы көрсетеді
  • 16. 16 Сабақтың тақырыбы: Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі Күні: Пән мұғалімі: Турлашова Г.Е Сынып: 10 Қатысқандар саны: 23 Қатыспағандар саны: 0 Оқу бағдарламасының мақсаты Геометриядағы планиметрия мен стреометрия ұғымдары және олардың өзара байланысы, оқушылардың үш өлшемді кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру. Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар «Координаталар жүйесі», «координаталар осі», координаталық жазықтық», «координаталардың бас нүктесі», «октанттар» секілді кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесінің негізгі ұғымдарын меңгере алады. Оқушылардың басым бөлігі Тікбұрышты координаталар жүйесін сала біледі. Кейбір оқушылар Кеңістіктетегі нүктелердің орындарын тік бұрышты координаталар жүйесі арқылы анықтай алады. Жоспар Жоспарланған жаттығулар Ресурстар Жоспарланған уақыт Басталуы (5 мин) Сыныпты топтарға бөлу ( х, у, z ) В.Гусев, И.Бекбоев, Ж.Қайдасов, А.Абдиев. Геометрия. 10-сынып. Алматы «Мектеп» 2015 «Сен-маған, мен-саған» сұрақ жауап өткізу (4 мин) Оқушылар сабақтың тақырыбын қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы айқындайды. Бейнежазбаны пайдалану арқылы. Интерактивті тақта Бағалау парағы: № Оқушының аты – жөні Үй тапсырмасы Білу ( жаңа тақырып бойынша өздеріндегі білім базасы) Түсіну (жаңа тақырыпты түсінуі) Талдау (жаңа тақырып бойынша ойларын айту) Қолдану (алған білімдерін есеп шығаруда қолдана алу) Жинақтау ( жаңа тақырыптан білгендерін жинақтау) Бағалау ( алған білімдеріне бір - біріне баға беру) Қорытынды баға Рене Декарт портреті, кеспе қағаздар, бағалау парағы
  • 17. 17 Ортасы «Тұжырымдамалық карта» әдісі». Жаңа сабақты меңгеру. (10 мин) Топтарға тапсырмалар (10 мин) І топ тапсырмалары ІІ топ тапсырмалары ІІІ топ тапсырмалары Қолымыздан бәрі келеді І топ тапсырмалары ІІ топ тапсырмалары ІІІ топ тапсырмалары Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі Күтілетін нәтиже: Оқушыларда жазықтық, кеңістік, координаталар осьтері туралы ұғымдар пайда болады. 1.Координаталары бойынша нүктелерді салыңдар: А(3; 1; 2), В(- 1; 4; 0), С(0; 0; 5) 2.Координаталары бойынша нүктелерді салыңдар: А(8; 0; 0), В(0; 6; 0), С(0; 0; 7) 3.Координаталары бойынша нүктелерді салыңдар: А(- 6; 0; 0), В(0; 10; 0), С(0; 0; 3) Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» арқылы Төбелері А(4; 2; 1), В(3;- 1; 0), С(- 6;- 2; 5) D(- 5; 1; 6) болатын АВСД төртбұрышының параллелограмм екенін дәлелдеңдер. Төбелері А(2; 1; 2), В(4;- 4; 0), С(0;- 3;- 4) D(- 2; 2;- 2) болатын АВСД төртбұрышының ромб екенін дәлелдеңдер. Төбелері М(- 3; 2; 0), N(1;- 6; 4), P(3; 4;- 2) K(7;- 4; 2) болатын MNPK төртбұрышының параллелограмм екенін дәлелдеңдер. М(2; 4; 6) нүктесі берілген. Осы нүктеден координаталық осьтерге және координаталық жазықтарға түсірілген перпендикулярдың табандарының ұзындығын табыңдар. М(2; 4; 6) нүктесі берілген. Осы нүктеден координаталық осьтерге және координаталық жазықтарға түсірілген перпендикулярдың табандарының ұзындығын табыңдар. М(2; 4; 6) нүктесі берілген. Осы нүктеден координаталық осьтерге және координаталық жазықтарға түсірілген перпендикулярдың табандарының ұзындығын табыңдар. Күтілетін нәтиже: «Координаталар жүйесі», «координаталар осі», координаталық жазықтық», «координаталардың бас нүктесі», «октанттар» секілді кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесінің негізгі ұғымдарын меңгере алады.
  • 18. 18 Венн диаграммасы ( топтарға тапсырма) Аяқталуы Кері байланыс «Табыс ағашы» Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі мен кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын көрсет. Табыс ағашы арқылы оқушы өзінің білімінің қай деңгейде екенін көрсетеді. Жасыл-бәрі жақсы, Сары– орташа, Қызыл-төмен.
  • 19. 19 ІV.Қорытынды. «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады» (Елбасының халыққа Жолдауынан) Адам баласы білім мен ғылымға қол созған кезден бастап дүниеге келген математика пәнінің қоғам өміріндегі алатын орны ерекше. Еліміздің жедел индустриялық-инновациялық дамуы жағдайында базалық техникалық пәндердің бірі ретінде математика қазіргі заманғы білім берудің алдыңғы шебіне шығып отыр. Жаңа заман талабы математикалық білім беруді жетілдіріп, оның тиімділігін арттырудың нақты тетіктерін айқындау міндетін қояды. Математика пәні адамның күнделікті практикалық қызметі үшін де маңызы зор. Табиғатта және қоғамда болып жатқан көптеген құбылыстар математикалық білім арқылы зерттеледі. Сондықтан да ол - ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің қажетті шарты болмақ. «Математиканы ұғына білу- адамның ең жоғарғы білімділігін көрсетеді» - деген қағида жайдан-жай айтылмаған. Мектепте оқытылатын барлық пәндер математикамен сабақтас , ол пәндерді терең игерем деуші шәкірт математика заңдарын жете білуі тиіс. Сондықтан да мектептегі математика пәнінің мұғалімдері білікті, жетекші маман дәрежесіне көтерілген жағдайда ғана мектептегі барлық оқыту процесі өзінің жақсы жемісін бере бастайды. Өйткені, оқушылардың логикалық ақыл-ойын дамытушы пән тек қана математика болып табылады. Ол үшін, математика сабағын барынша шебер ұйымдастыра білу қажет. Сабақтарда барлық керекті материалды терең жеткізу үшін , уақытты ұтымды пайдаланып, үй жұмысын тексеру, жаңа сабақты түсіндіру, оны бекіту, есептер шығарту, қайталау кезеңдерін бір- бірімен тез ауыстыра отырып , үйлестіре білу керек. Қазіргі заманғы жаңаша оқыту технологиясының негізгі мақсаты-оқушылардың өз бетімен білім алуға, ойлауға, оны әрі қарай дамытуға үйрету. Өзім оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін әрдайым, сабақ түрлерін түрлендіріп өткізуге тырысамын. Ол үшін сабақтарда заманауи техникалық құрылғыларды (интерактивті тақтаны, ғаламтор желісін, электронды оқулықтарды) жиі пайдаланып, оқушылардың нақты ойлаудан бірте-бірте абстракциялық ойлай білуіне жол ашамын. Сабақта оқушылармен топтап және жекелей жұмыс жүргіземін. Нәтижесінде, шәкірттерім білім сайыстарында жеңімпаз атанып жүр. Еңбек жолымда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен», бірнеше мәрте облыстық білім басқармасының грамоталарымен және аудан әкімінің алғыс хатымен, бірнеше мәрте аудандық білім бөлімінің грамоталарымен марапатталдым. 2017 жылы «Лучшие в образовании» халықаралық энциклопедияның «Педагогическая слава» бөліміне басылып шығып, медаль және
  • 20. 20 дипломмен марапатталдым. «Учитель-это призвание» атты республикалық кітапта, І Республикалық «Мәңгілік ел ұстаздары» атты тәжірибелі, білікті білім саласының үздік қызметкерлерінің антологиясында менің оқыту тәжірибем туралы материал басылды. «Республика мұғалімдерінің әдістемелік мақалалар жинағына» мақалаларым жарияланса, ал «Открытая школа», «Ұлт ұстазы», «Математика және Физика» республикалық ғылыми-әдістемелік журналдарында және ғаламторда ашық сабақтарым үздіксіз жарияланып отырады. «Инфоурок» сайтына тіркелгенмін, онда өзімнің жеке сайтыма сабақтарымды салып отырамын. Облыс, аудан көлемінде жаратылыстану- математика пәндері мұғалімдерінің арасында үнемі семинар өткіземін. 2016-2017 жылдары 10-11-сынып оқушылары Алишбекова Айнұр мен Толеген Жанылсын аудандық пәндік олимпиада да жүлделі орындар алса, 2017 жылы Толеген Жанылсын «Аршалы дарыны» аудандық ғылыми жобалар байқауында «Жылдам есептеу жолдары» тақырыбымен ғылыми жоба қорғап, І дәрежелі дипломмен марапатталып, «Аршалы дарыны» төсбелгісін алды. Дәріс беретін сыныптарымда оқушыларым математика пәнінен «Кенгуру», «Ақбота» зияткерлік ойындарына жыл сайын қатысып отырады. ҰБТ –да мектеп бітірушілер математика пәнінен жақсы көрсеткіштерге жетуде. Түрлі тақырыптарда білім көтеру курстарынажәне семинарларға қатысып жүремін. Жаңа инновациялық әдістерді пайдалануда мен не ұттым?  Оқушылардыңбарлығынсабаққа қатыстыруғамүмкіндік туады;  Олардыңәрқайсысыныңдеңгейін анықтауға болады;  Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;  Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;  Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.  Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі; Мен бұларды сабақ соңында алған кері байланыстан да байқадым. Олар кері байланыста көңіл-күйлерінің көтеріңкі болғандығын және сабақта өздеріне ұнаған сәттерді айта отырып, пікірлерін білдірген.
  • 21. 21 Қазіргі таңда мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін бақылаудың сан түрлі жаңа әдіс – тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу. Қорыта келе, айтарым қазіргі өмір талабына сай бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу - мұғалімдердің қасиетті борышы деп ойлаймын.
  • 22. 22 1. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Н. Назарбаев «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы. 2.«Оқушылардыңшығармашылық қабілетін дамытудағы логикалық тапсырмалар» 4..Ж.У.Кобдикова. Ортамектепте білім алуды технологияландыру. 5.«Математика және Физика» журналы. 7.Қазақстан Республикасының«Білім туралы» Заңы 8.С. Көшімбетова «Оқу—тәрбиеүрдісінде оқытудыңинновациялықәдіс- тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары»,