2. Мақсаты: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім
алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат,
шынайы патриот болуға тәрбиелеу;
Оқушылардың бойында Елбасына деген
сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.
4. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы
Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған
ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда
өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне
көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын
жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін
сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен
арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару
дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы
оқып, жақсы білім алды.
7. 1991 жылы 1 желтоқсанда
Республика жұртшылығы тұңғыш
рет Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевты Республикамыздың
Президенті етіп сайлады.
1991 жылдың 16 желтоқсанында
Қазақстан Республикасы Жоғарғы
сессиясы. «Тәуелсіз демократиялық
және құқылық мемлекет» деп
жариялады.
1992 жылы 4 маусымда жаңа
мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту,
Әнұран бекітілді.
8. *Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
*Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.
*Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.
*Нұр Отан Халықтық - демократиялық партиясының төрағасы.
*ОБСЕ - нің бас төреғасы
9. Отбасы
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы
облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында
Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген. Жұбайы —
Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар
қайырымдылық қорын басқарады.
Президенттің үш қызы бар:
• Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ
"Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің
Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің депутаты.
• Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау
қорын басқарады. Форбес журналының мәліметі бойынша
2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын
құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп
саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.[4]
• Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс
компаниясын басқарады.
Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.
13. Нұрсұлтан Назарбаевтың Ғылыми еңбектері
Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және
әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен
қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:
«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму»
«Ғасырлар тоғысында»
«Тарих толқынында»
«О времени, о судьбах, о себе...»
«Бейбітшілік кіндігі»
«Сындарлы он жыл»
«Еуразия жүрегінде»
«Қазақстан жолы»
«Тәуелсіздік белестері»
«Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту
стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» тағы басқұа
еңбектері бар
14. Атамекен
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайда жүрсең, атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны,
Ұясына батады екен.
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауың аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Қайырмасы:
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын , көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы