Сәбит Мұқановтың өмірбаяны
1900 жылы 13(26)сәуірде - Солтүстік
Қазақстан облысының Жамбыл
ауданындағы Жаманшұбар деген
жерде туған.
Бала кезінде - ата-анасынан ерте
жетім қалып, қой бағып, балалық
шағын байға жалданумен өткізген.
14-15 жасынан өлең-жырды ауызша
да, жазып та шығара бастады.
Ауыл молдасынан хат танып,
болашақ жазушының дарыны ерте
кезден білінеді. Жерлестері оны
«жыршы бала», «ақын бала»
атандырады.
Сәбит Мұқановтың
шығармашылығы
1915 жылы Ұлы Абай мен Ғабдолла Тоқайдың өлеңдерімен
танысады,
шығыс классиктерінің поэмаларын оқи бастайды.
1918-1919 жылы Омскідегі мұғалімдер курсында оқып,
ауылда мұғалім болып еңбек етеді. Кеңес үкіметінің саясатын
жүргізеді. Ақмола, Көкшетау губерниялары бойынша
партияның өкілі, нұсқаушысы болады.
1922 жылы Орынбордағы рабфакқа (жұмысшылар
факультетіне) түсіп, оны 1926 жылы бітіреді.
1926-1928 жылы Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас
редакторы болды.
1928 жылы Ленинград университетінің филология
факультетіне оқуға түсіп, аз уақыттан соң отбасы жағдайына
байланысты Петропавл қаласына келіп‚ «Кеңес ауылы»
газетінің редакторы және жазушылар бөлімінің жетекшісі
болды.
1936–1937, 1943–1951 жылдары Қазақстан Жазушылар
одағын басқарды.
1937-1941 жылы ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) профессор
болып, қазақ әдебиетінен дәріс береді.
Сәбит Мұқановтың еңбектері
• 1924 жылы өлеңдер мен мақалалардан және аударма шығармалардан тұратын
«Совет өкіметі һәм қазақ әйелі» атты тұңғыш кітапшасын шығарған.
• 20 жасынан поэма жаза бастады: «Балбөпе», «Жетім қыз», «Батырақ», «Қанды
көл», «Жүйткі, қара айғырым».1926-1927 жылдары «Кешегі жалшы мен бүгінгі
жалшы», «Октябрьдің еткелдері» поэмалары, «Ақбөпенің сыры».1928 жылы
«Сұлушаш» дастаны, 1931 жылы «Адасқандар» романы.
• 30-жылдары «Майға сәлем» (1933), «Сөз - Советтік армия» (1934) атты өлеңдері,
«Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938), «Теміртас» (1935),
«Есіл» (1937) романдары, «Достар» (1937) повесі, «Ботагөз» (1938) романы
жарыққа шықты.
• 40-жылдары «Менің мектептерім» романын, «Балуан Шолақ» повесін,
«Сырдария» романын, «Поэзия маршалы», «Майданға хат», «Жеңімпаз Қызыл
Армия», «Фашизмнің ажалы», тағы басқа прозалық жөне поэзиялық
шығармаларын жазды.
• 50 жылдары «Шоқан Уәлиханов» драмасын, «Тындағы толқындар» романын
жазды. «Саяхаттар», «Туған жердің тыңында», «Тыңда тұнған байлық»,
«Алыптың адымдары», «Адам-Атаның шоқысында» кітаптарын шығарған,
«Шоқан Уәлиханов» пьесасы жарық көрді.
• 1961 жылы өлеңмен жазылған «Замандас туралы аңыз» атты шығармасын
жариялады.
• Сәбит Мұқанов өмірінің соңғы жылдарында Шоқан өмірінен «Аққан жұлдыз»
романын жазып, оның екі кітабын шығарған. Жазушы 4 том ретінде
жоспарлаған бүл роман аяқталмай қалған.
«Ботагөз» романы
• «Ботагөз» романында Қазақстандағы 1910-
1920 жылдардағы күрделі оқиғаларды
бейнелеген. 1-дүниежүзілік соғыс, 1916
жылғы көтеріліс, Ақпан революциясы,
Қазан төңкерісі, Азамат соғысы,
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, тағы
басқа ірі тарихи оқиғалар роман сюжетіне
аркау болған. Романдағы басты тақырып -
қазақ халқының, Қазақстанның тарихи
тағдыры.