O slideshow foi denunciado.

Ынтымақ, бірлік

345 visualizações

Publicada em

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

Ынтымақ, бірлік

Расында, мақтау-мадақтарға Аллаһ лайық! Біз Оны дәріптейміз, әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынамыз. Нәпсіміздің жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздың кесірінен Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімді Аллаһ тура жолға бастаса, оны ешкім де адастыра алмайды. Ал Ол адастырғанды тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Ол – Жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы, әрі елшісі екеніне куәлік береміз.

Әссәләму ‘аләйкум! Біз сіздермен қайта дидарласқанымызға аса қуаныштымыз! Бүгін бақыттың құрамдас бөлігі болып есептелетін бір мәселені әңгіменің өзегі етпекпіз. Бұл мәселе жалпы қоғамның дамып, жетістікке жетуіне себеп болатын өте маңызды тақырып. Бақыт кілтінің үлкен тістерінің бірі – бірлік. Аллаға иман келтірген пенделер, мұсылмандар ақиқаттың айналасында бірігіп, ынтымақта болып, әрі бөліну мен араздасудан алыс болуы керек.

Publicada em: Educação
  • Seja o primeiro a comentar

  • Seja a primeira pessoa a gostar disto

Ынтымақ, бірлік

  1. 1. Ынтымақ, бірлік
  2. 2. Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен! Ынтымақ, бірлік Расында, мақтау-мадақтарға Аллаһ лайық! Біз Оны дәріптейміз, әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынамыз. Нәпсіміздің жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздың кесірінен Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімді Аллаһ тура жолға бастаса, оны ешкім де адастыра алмайды. Ал Ол адастырғанды тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Ол – Жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы, әрі елшісі екеніне куәлік береміз. Әссәләму ‘аләйкум! Біз сіздермен қайта дидарласқанымызға аса қуаныштымыз! Бүгін бақыттың құрамдас бөлігі болып есептелетін бір мәселені әңгіменің өзегі етпекпіз. Бұл мәселе жалпы қоғамның дамып, жетістікке жетуіне себеп болатын өте маңызды тақырып. Бақыт кілтінің үлкен тістерінің бірі – бірлік. Аллаға иман келтірген пенделер, мұсылмандар ақиқаттың айналасында бірігіп, ынтымақта болып, әрі бөліну мен араздасудан алыс болуы керек. Құрметті қандастар, Аллаһ бізді мұсылман қылғанына сансыз шүкірлер айтамыз. Мұсылман дегеннің мағынасы Алланың әміріне шын берілген мойынсұнушы дегенді білдіреді. Мұсылман немесе муслим – өз-өзін Аллаға толықтай шын жүректен тапсырып, Жаратушының әміріне құлай берілген бойұсынушы деген. Аллаһ Тағала бізге Исламды дін етіп бергеніне разымыз. Ислам – жалғыз Жаратушыға ғана беріліп, Оның бұйрықтарына бойұсынып, Оған ғана сиынып құлшылық қылу дегенді білдіреді. Ислам – күллі елшілер мен пайғамбарлардың ұстанған діні. Адам ата, Нұх пайғамбар, Ибраһим пайғамбар, Мұса пайғамбар, Иса пайғамбар мен Мұхаммед пайғамбардың тұтынған жолы осы, олардың барлығына Алланың игілігі мен сәлемі болсын. Аллаһ бізге Өз Сөзі Құранды түсіргеніне де шүкір етеміз! Қасиетті Құран кәрім – жүректерге нәр, тура жолға бастаушы, мейірім. Аллаһ жер шары тұрғындарының барлығына адамдардың ішіндегі ең жақсысы, ең абзалы, ең мейірімдісі, ең соңғы елші әрі пайғамбар Мұхаммедті (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жібергеніне де шүкір етеміз! Ендеше, біз өзімізді мұсылман деп санайтын болсақ, Исламның аса маңызды
  3. 3. бұйрығының бірі – шынайы иманның айналысында жиналып, бірлік пен ынтымақта болу әміріне бойұсынуға міндеттіміз. Мұсылмандар бір-бірін жақсы көруге міндетті. Мұсылманның бірінің басына нәубет келіп, қиыншылыққа жолықса, басқалары оған қол ұшын созып, жәрдем беруге тиіс. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Өзіне тілеген нәрсені бауырына да тілемеген кісі шынайы иман келтірмеген» - деген. Осы қысқаша сөздің мағынасы өте зор. Осы хадис өзге мұсылмандармен қандай қарым-қатынас жасау қажет деген мәселенің мән-жайын ашып, қағиданы қадап айтып береді. Өз жүрегіңізге қараңызшы! Қоршаған ортаға, мұсылман бауырларыңызға өзіңізuе тілегенді тілей ме екенсіз? Дәл сол сияқты өзіңізге қауіптенген нәрсені бауырыңызға да қауіптене ме екенсіз? Немесе бауырыңызға уайым-қайғы келгенде іштей қуанып, мырсылдап күліп, мысықтілеуленіп тұрсыз ба? Егер солай болса, сіз шынайы иман келтірмегенсіз. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Махаббатында, мейірімі мен жанашырлығында мүміндер бір-біріне біртұтас дене тәрізді. Дененің бір бөлігі ауырса, қалған бөлігі ұйқысыздыққа шалдығып, қызуланады» - деген. Біздің дініміз бауырмашылдық пен достыққа, өзара көмек пен құрметке, махаббат пен ілтипатқа негізделген. Егер біз шынайы мұсылман болсақ, бір-бірімізді бағалап, жақсы көріп, жанымыз ашып, қам жеп, қамқорлық қылуға тиіспіз. Бір-бірімізге тірек, кішіге аға, үлкенге іні болуымыз қажет. Тартысып қалғандар болса, достассын, бір-біріне деген реніштерін ұмытып, кешірсін! Аллаһ Тағаланың мына сөзіне құлақ асыңызшы: «Түп- түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер» (Әли ‘Имран сүресі, 103-аят). Аллаһ Тағала тағы былай дейді: «Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандыққа қарсы жақсылық қыл. Сол уақытта сенімен дұшпан болған кісі өте жақын достай болып кетеді» (Фуссилат сүресі, 34-аят). Бір-бірімізге деген өшпенділіктен, дұшпандықтан құтылайық! Жүректерімізді көреалмаушылықтан, қызғаныштан тазалайық! Бұл дін бәрімізді ақиқат пен тура жолдың аясында біріктіруге келген. Егер Алланың Кітабы Құран мен пайғамбардың жолы Сүннетті, әрі әуелгі мұсылмандардың таза сенім жүйесі мен қағидаларын бәріміз бір адамдай ұстанып, сахабалар мен тура жолдың имамдарына ерер болсақ, қайта жетістікке жетіп, күш-қуатымыз артып, еңсемізді тіктеп, шаттыққа бөленіп, бұрынғыдай басқаларға үлгі болып, таңдай қақтырар халыққа айналар едік, осы дүние мен о дүниеде бақытты болар едік. Бақытты болудың басқа жолы бар ма, бауырлар?! Бізді жаратқан Аллаһ бізге ненің зиян, ненің пайда екенін білмей ме?! Асыл дініміз Алланың берген ұлы нығметі, жарық жұлдыз, адамзат болмысына қажет әрбір нәрсенің бүге-
  4. 4. шігесіне дейін қарастырып айтып кеткен тура жол, кем-құтығын түзейтін рухани азық. Бұны түсінетіндер де аз. Бұны түсінген, ақылға келген сол азшылыққа Алланың мейірімі жаусын! «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер! Сондай- ақ Алланың сендерге берген нығметін еске алыңдар. Өйткені, бір-біріңе дұшпан едіңдер, Ол жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның игілігімен бауырға айналдыңдар. Оттың бір шұңқырының ернеуінде едіңдер, Ол сендерді одан құтқарды» (Әли ‘Имран сүресі, 103-аят). Берекелі жаңбыр өлі жерге жауып, ол жанданып, өсіп-өніп, гүлдендіргені секілді Алланың осы сөзінен кейін де жүректерге нәрленгеніне назар салыңызшы! «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер!» - дейді Раббымыз. Ал қазіргі күні не болып жатыр? Халық бірін-бірі жек көретін, бірінің-бірі етін жеуге дайын әрқилы партиялар мен топтарға, ағымдар мен секталарға жіктеліп кеткен. Туған ағайындылар жылдар бойы бір-бірімен сөйлеспейді. Қызы анасымен, ұлы әкесімен қарым-қатынасын үзген. Ерлі- зайыптылар бір-бірімен ата жау тәрізді, бір-бірімен ұрысып керісіп, не үшін шу көтергендерін де түсінбейтін жағдаяттарға кезігіп жатыр. Алланың берген осы қысқа ғана бес күндік пәни дүниесінде көршілерімен, туысқандарымен салғыласып, тартыстып өткізеді. Қоғамда қызғаныш пен зұлымдықтың, өшпенділік пен кекшілдіктің елесі кезіп жүр. Отандастар, қандастар бір-бірін тұқыртып, қыспаққа алып, жыртқыш аңдар еттің майлы жерін тістеп қалу үшін арасында болатын ырылдасу секілді алауыздық, дүрдараздыққа жол береді. Бұл қай уақытта дейін жалғаспақ, бауырлар?! Егер біреу мұны қауіпті емес деп есептейтін болса, ол оңбай қателескені. Арамыздағы талас-тартыс Алладан болған берекеден құр қалдырып, азапқа, қайғы-қасіретке душар етеді. Бұл менің сөздерім емес, бұл жасырын мен жарияның барлығын Білуші Алланың сөзі: «Аллаға және Елшісіне бой ұсыныңдар, өзара жанжалдаспаңдар, әйтпесе үрейленіп, құттарың қашады және сабырлы болыңдар. Расында, Аллаһ сабырлылармен бірге» (Әнфал сүресі, 46-аят). Бөлінушілік, жанжалдасудың соңы неге алып баратынын Аллаһ айтып тұр: «әйтпесе үрейленіп, құттарың қашады». Міне, араздасудың нәтижесі осы. Сүйікті Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бір- бірлеріңді жек көрмеңдер, бір-біріңді қызғанбаңдар, бір-бірлеріңнен бет бұрмаңдар! Әй, Аллаһтың құлдары, бір-біріңе бауыр болыңдар!» - деді. Тағы да Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылман мұсылманға бауыр! Оған қысым көрсетуге де,
  5. 5. сатқындық жасауға да болмайды» - дейді. Яғни, мұсылман мұсылманға бауыр! Оған опасыздық қылуға да, өтірік айтуға да, оны көмексіз қалдыруға да болмайды. Пайғамбарымыз сөзін жалғастырып: «Әрбір мұсылман басқа мұсылманның абыройына, дүние-мүлкі мен өміріне құл сұғуына болмайды» - дейді. Неткен ғажап хикмет, неткен керемет өсиет! Бірақ соған құлақ асар біреу бар ма екен?! Аллаһ Тағала екі мұсылманға үш күннен артық ренжісуге тыйым салды. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылман кісіге өз бауырымен үш күннен артық ренжісуге рұқсат етілмейді. Үш күн бойы олар кездесіп қалса бір-бірінен бет бұрады. Сол екеуінің жақсысы бірінші болып бауырына сәлем бергені», - деген. Аллаһ Тағала бір-бірімен ренжісіп қалған бауырларға үш-ақ күн берген, осыған көңіл бөліңіздерші! Аллаһ Тағала аса Мейірімді, Ол сіздің әлсіз адам екеніңізді біледі. Ашуланған кезде өз нәпсіңізді ұстай алмай қалатыныңызды да жақсы біледі. Бірден барып қарым- қатынасыңызды жөндеуге шамаңыз жетпейтінін біліп, бізге мейірім етіп, достасуды кейінге қалдырып, мерзімін ұзартты. Үш күн берді, осы үш күннен артық ренжісіп жүруді тиым салды. Үш тәулік өткеннен соң достасу қажет. Әрине, бірінші күні ішіңіз өртеніп, реніш басылмай жатады, ол кезде достасу сіз үшін қиын. Ал екінші күні ашу-ыза, реніш кішкене басылып тынышталады. Ал үшінші күні болған оқиғаға өкініп, қарым-қатынасты түзеп, қалай достассам екен деп ойлана бастайсыз. Осы үш күннен кейін жанжалды доғарып, қайта татуласуға міндеттісіз. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Жәннаттың есігі әрбір дүйсенбі мен бейсенбі күндері ашылып, Аллаһ Тағала Өзіне серік қоспаған әрбір мүміннің күнәларын кешіреді, тек жек көріп бауырымен қарым-қатынасын үзгендерден басқа. Сонда Аллаһ [періштелерге] былай дейді: «Бір-бірімен татуласпайынша мына екеуін күте тұрыңдар!»” - деген. Дүйсенбі мен бейсенбі күндері Жәннаттың есіктері ашылып, пенделердің ізгі амалдары Алланың құзырына көтеріледі. Осы уақытта Аллаһ Тағала Өзіне ғана құлшылық қылып, Оған ғана дұға тілейтін, Оған ешкімді серік қоспайтын, басқа ешкімге құлшылық қылмайтын әрбір мүміннің күнәларын кешіреді. Және бір-бірімен жанжалдасып, дауласқан кісілер ғана Алланың мейіріміне құр қалып, күнәлары кешірілмейді. Аллаһ Тағала періштелерге: «Мына екеуі бір-бірімен татуласпайынша күте тұрыңдар» - дейді. Бұл нені білдіреді, бауырлар? Бұл дегеніміз дереу татуласу қажет екенін білдіреді. Қастық, күншілдік, жауласу секілді сипаттардан арылып, өз нәпсіңізді, эгоңызды, өзіндік “меніңізді” жеңіп езгілеп тастау керек. Міне, осы кезде ұлы сауапқа ие болып, Алланың қаһарынан аман қаласыз. Егер өзіңіз барып жарасып кете алмасаңыз, біреуді ортаға салып бітістіріп жіберсеңіз деп өтініш қылуға
  6. 6. болады. Мұсылмандар біртұтас ғимарат тәрізді болуға тиіс. Бірде пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мүміндер өзара бір бөлігі екінші бөлігіне демеу болып тұратын ғимарат тәрізді» - деп екі қолының саусақтарын біріктірді. Ғимараттың іртегасы, қабырғасы, діңгегі, шатыры бірін- бірі демеп тұратыны сықылды мүміндер де бірін-бірі сүйеп, жәрдемдесу керек. Аллаһ Тағала осындай болғанымызды қалайды, осыған разы болады. Араздық пен өшпенділік, дұшпандық пен кекшілдік, түсініспеушілік пен келіспеушілік, көреалмаушылық пен қызғанышқа келер болсақ, бұлардың барлығы Ислам ғимаратын бұзады. Мұсылмандардың бірімен, жұбайыңызбен, көршіңізбен, туыстарыңызбен жанжалдасасыз, сөйтіп Ислам ғимаратына зиян тигізесіз. Өзге біреу де солай жасайды, ол да Ислам ғимаратына зиян тигізеді. Солайша көпшілік істей берсе, ғимараттың шаңырағы ортаға түсіп, ғимараттың күл-талқаны шығады. Ешкім дұшпандық пен кекшілдіктің, талас- тартыс пен күнәнің таралуына түрткі болмасын. Бәріміз таза, әдемі кигенді ұнатамыз. Бірақ, денеміздің сұлу болғанына қарағанда жүректің тазалығы аса маңызды, соған баса назар аудару керек. Таза тақуалық, пәк иман, Аллаға деген мінсіз махаббат, мұсылмандарға жақсылық қалау, сабыр, адалдық, ар-ұят, шүкіршілік секілді тап-таза кіршіксіз киіммен жүректі киіндіруіміз қажет. Алламен ант етейін, арамызда болып жатқан дүрдараздықтың кесірінен тым төменге түсіп кеттік, қиын жағдайға тап болдық. Ата-бабамыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған осы жерде жүріп алып, бір-бірімізбен қырқысып, салғыласып, топ-топқа бөлініп жүрміз. Әрбір топ көрпені өзіне тартып, жүректер бір-бірінен алшақтап жатқан жайымыздан дос қайғыға батып, дұшпан бөркін аспанға лақтырып қуанышқа кенеледі. Егер біз шынымен Сүннет пен жамағатты ұстанушы (әһлю-Сунна уал-жама’а) болсақ, бір-бірімізді қадірлеп құрметтейік, тілімізбен тырмалап бір-бірімізді жараламайық! Раббымыз бір, пайғамбарымыз бір, Құранымыз бір, Сүннетіміз бір, Қыбламыз бір емес пе, бауырлар?! Ислам бөлінбейді, бауырлар! Аллаһ Тағала былай дейді: «Аллаға бой ұсынып, Одан қорқыңдар, намазды орындаңдар. Әрі серік қосушылардан болмаңдар. Олар сондай өз діндерін бөлшектеп, топтарға бөлініп, әрбірі өз алдындағыларға мәз болғандар!» (Рум сүресі, 31-32-аяттар). Бұл ұлы аят. Аллаһ бізге Өзіне ғана құлшылық қылуға бұйырып, Алладан өзге біреуге табынатын серік қосушылардан болуға тыйым салып, әрі сол серік қосатындар секілді
  7. 7. болмауымызға әмір етті. Ол серік қосушылар тура жолдан ауытқып, әртүрлі топтар мен ағымдарға бөлшектеніп кетті, әрі әрбір топ өз адасушылығына мәз болысады. Жоқ, біз Құран мен Сүннеттің және сахабалар мен имамдардың жолының айналасында бірігуге бұйырылғанбыз. Ислам мүміндерді бөлу үшін емес, тұтастай бір болуымыз үшін келді. Уа Аллаһым, бізге разы бола гөр, бізді ақиқаттың айналасында біріктіріп, берекелі ынтымақ пен бейбітшілікте ғұмыр кешуімізді нәсіп ет, елбасшымыз бен жетекшілерімізге әрдайым Өзің разы болатын дұрыс шешім жасауға жәрдем беріп, оларды жамандықтан сақтай гөр, олардың барлық ізгі бастамаларына береке, табыс бере гөр, сондай-ақ Өз өсиеттеріңе сәйкес амал қылуын нәсіп ет, даналықпен, көрегендікпен, тақуалықпен, шын жүректен амал қылуын нәсіп ет, әрі оларға ізгі, ықыласты кеңесшілер беріп, олардан залым, қанағатсыз, пайдакүнем кісілерді аулақ ете гөр, шайтанның азғыруынан сақтай гөр! “БАҚЫТ КІЛТІ” атты мақалалар сериясынан (толығымен оқу үшін мұнда басыңыз) Дерек көзі: Ханифия форумы

×