4. • Оның немересі Ирдан би (1774 жылы өлген) тұсында
жүргізілген соғыстардың нәтижесінде Қоқан хандығының
құрамына Әндіжан, Наманган, Маргелан иеліктері
қосылды. 1758 жылы Бұхар хандығы оны мүлде дербес
мемлекет деп қарады. 19 ғасырдың 1-жартысындағы
билеушісі Әлім хан (1800 – 1809), Омар (1809 – 1822) және
Мұхаммед Әлі (1822 – 1842) тұсында Қоқан хандығы
дәуірлеп тұрды, саяси жағынан нығайып, территориясы
ұлғайды. Ташкент, Ходжент, Қаратегін, Дарбаза, Куляб,
Алайды өзіне қаратып алды. 1808 – 1815 жылдары Қоқан
хандығы жойқын ұрыстардың нәтижесінде Абылай хан
тұқымының қарамағындағы Шымкент, Түркістан
қалаларын жаулап алды.
5. • Түркістан қаласын жаулап алуы Қоқан хандығы мен Бұхара
әмірі арасындағы қарымқатынасты одан әрі ушықтыра
түсті. Түркістаннан қашқан Тоқай төре Бұхара әміріне
барып паналады. 19 ғасырдың 20-жылдары қоқандықтар
Ұлы, Орта және Кіші жүз қазақтары қоныстанған Арал
тенізінен Шу, Іле өзендеріне дейінгі аралықты жаулап
алды. Соның нәтижесінде Қоқан хандығы ның шекарасы
батыста Хиуа, Бұхар хандықтарымен, шығысында Шығыс
Түркістанмен, оңтүстікте Қаратегін, Дарбаза және Кулябпен
шектесіп жатты, солтүстікнде Шудың орта ағысын бойлай
отырып Балқашқа дейін жетті. Қоқан хандығы билеушілері
Сырдария бойында Дінқорған, Қошқорған, Жаңақорған,
Күмісқорған, Шымқорған, Ұлытау, Иткешу бекінісін
салдырды.
6. 1826 жылы Әулиеата бекінісінің негізі қаланды. Қоқан бекіністері
төңірегінде көшіп-қонып жүрген қазақ қауымдары жылына түндік басы
6 қой, 24 қап көмір, 4 өгіз арба сексеуіл, 100 бау қамыс тапсыруға
міндетті болды. Ал егіншілер егіс өнімінің үштен бірін Қоқан хандығы
қазынасына төлеуге тиісті еді. Оның үстіне соғыс кезінде қару ұстауға
жарайтын әрбір қазақ Қоқан бектерінің қол астында әскери қызмет
атқаратын. Осындай езгіге қарсы қазақ халқы талай рет бас көтерді.
8. • Насрулла жаулап алған Ташкент пен Ходжентті қайтарып алды.
Шерәлі ханның мирасқорлары Худаяр (үзілісімен 1845 –
1875және Малля (1858 – 1862) хандар тұсында Қоқан хандығы
ның ішкі жағдайы барынша әлсіреді. 19 ғасырдың 2-жартысында
Ресей әскерлерінің Орта Азия хандықтарын бағындыруға
бағытталған шабуылы басталды. Орынбор ген.-губернаторы
Перовский ұйымдастырған Хиуа экспедициясының (1839)
сәтсіздігінен кейін, Ресей өкіметі Қоқан хандығы н жаулап алуға
кірісті. Бұхар мен Хиуа хандықтарына қарсы болашақ
жорықтарда патша өкіметі Қоқан хандығын өте қолайлы
плацдарм деп қарады. Іштей әлсіреген Қоқан хандығы жақсы
қаруланған Ресей әскеріне айтарлықтай қарсылық көрсете
алмады. 1864 жылы маусым айының 4(17) күні полковник М.Г.
Черняев басқарған орыс әскері Қоқанға қарасты Әулиеата
қаласын басып алды. Қоқан билігіне қарсы Байзақ датқаны
қоқандықтар 1864 жылы тамыз кезінде Шымкентте зеңбірек
аузына байлап атады. Ресей әскері 1865 жылы 17 мамырда
Ташкентті, 1866 жылы 24 мамырда Ходжентті алды.
9. • Хандығының едәуір бөлігінен айырылған Хұдаяр хан алым-
салық мөлшерін көбейтті. Мұның өзі халықтың наразылығын
туғызды. 1873 – 1876 жылдары болған көтеріліс Қоқан хандығы
н одан әрі әлсіретті. Көтерілісті өз күшімен баса алмайтынын
білген Хұдаяр хан Түркістан генерал-губернаторынан көмек
сұрады. Ол Ресей әскерлерінің келуін күтпестен, 1875 жылы
шілдеде Ташкентке барып, ондағы патша әкімшілігіне паналады.
Патша өкіметі Насреддин бекті Қоқан хандығы ның ханы деп
жариялады. Көтерілісті басып-жаныштау мақсатымен патша
әкімшілігі жазалаушы отрядтар жарақтап, оларды көтеріліс
шыққан аудандарға жіберді. 1876 жылы ақпанда Әндіжан мен
Наманган арасында болған ұрыста көтерілісшілердің негізгі күші
талқандалды. Сол жылғы 18 ақпанда Қоқан хандығы жойылып,
оның орнына Түркістан генералгубернаторлығына бағынатын
Ферғана облысы құрылды.