O slideshow foi denunciado.
Seu SlideShare está sendo baixado. ×

Ата ана тренинг.docx

Anúncio
Anúncio
Anúncio
Anúncio
Anúncio
Anúncio
Anúncio
Anúncio
Anúncio
Anúncio
Anúncio
Anúncio
Carregando em…3
×

Confira estes a seguir

1 de 5 Anúncio

Mais Conteúdo rRelacionado

Semelhante a Ата ана тренинг.docx (20)

Mais recentes (20)

Anúncio

Ата ана тренинг.docx

  1. 1. Тақырыбы: «Бақытыңды балаңнан ізде» Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету. Қажетті құрал-жабдықтар: Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, доп, ватман, маркерлер және т.б. Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, ситуациялық сұрақтар ТРЕНИНГ БАРЫСЫ: Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің : «Бақытыңды балаңнан ізде» атты тренинг-сабағыма хош келдіңіздер! Ата- ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, оқу мен еңбектегі табыстары. Баланы жастан бақпасаң, Жамандықтан қақпасаң, Қадірден жұрдай қасқа боп, Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйсінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана. 1. «Танысу» жаттығуы: Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек. Мысалы: Мен бақытты – Бақытгүлмін; Мен көңілді – Қуанышпын; Мен дарынды – Дидармын. М95ал3м келесі сұрақтарды қояды: — Сізге кімнің өзін таныстыруы өте айқын, есте қалатындай әсерін тигізді? — Сіз үшін қандай танысу өте ерекше, әрі күтпеген танысу болды? — Кімнің өзін таныстыруы Сізге бірден жақын адам екенін сездірді? — Кімнің айтқан ойы Сізге түсініксіз немесе таң қалатындай болды? — Мүмкін, сол адамға Сіздің қоятын сұрағыңыз бар шығар? Бұл сұрақтардың көмегімен қатысушылардың тілдік белсенділігін шақырып, олардың ойындарға, жаттығуларды орындауға қызығушылыгы
  2. 2. бар ма, жоқ па екенін анықтап алуға мүмкіндік туады. Әрбір бала- дара тұлға. Бала тәрбиесінде ата-ана балаға қысым көрсетуден, бала көзінше дөрекі сөйлеуден, жат қылықтар көрсетуден аулақ болып, үлгі болу керек. Сонда ғана білімді, жан- жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Ата-аналарға қорапша ұсынылады. Қорапша ішінде жазылған сөздер арқылы топқа бөлінеді. 1 топ «Күн» 2 топ «Шуақ» 3 топ «Мейірім» 2. Жүректен жүрекке » тренингі Ата-аналарға балалары жазған хаттар үлестіріледі. Сол хатқа өздері жауап жазады. Мақсаты : Сіздің балаңызға беретін жауабыңыз қандай ? сұраққа жауап беру керек. Біз бүгін сіздермен ең қымбатты бала жаны жайлы ой бөлістік. Ол маңызды,өйткені ол енді ғана өмір деген ұзақ жолға сапарын бастады. Бұл жол - оны рухани байлыққа бастайтын таза және негізгі жол. Бұл жолды барлық нәрсенің басы болып табылатын үлкен әріппен жазылған МАХАББАТТАН бастау керек.Бала ата-ана өмірінің жалғасы. Сергіту сәті: Караоке «Жан ана» 3. Ситуациялық сұрақтар. Ата-аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді. 1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз? 2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады?…..деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба? 3. Сізге тәрбиешілер «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз? 4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», — деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
  3. 3. 5. Балаңыз балабақшаға барғысы келмесе не істейсіз? 6. Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз? 7. Балаңыз балабақшадағы бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз? 8. Сіздің балаңыз топтағы балалармен жиі тіл табыса алмай жатса, балаңызға қандай кеңес бересіз? 9. Балаңыздың сабағы, тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрасыз. Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз? 10.Биыл сіздің балаңыздың достарының бәрінде планшет бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады, мектепке барғысы келмейді. Сіз жұмыссызсыз, не істейсіз? 11.Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз? 12. Сіз қандай ата-анасыз? 3. «Сіз балаңызды қаншалықты танисыз» сауалнама 1. Балаңыздың туған күні? 2. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді? 3. Бүгін сабактан балаңыз қандай жетістікке жетті? 4. Балаңыздың сүйікті асы қандай? 5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді? 6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді? 7. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз? 8. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі. Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық. Тренинг соңында ата-аналарға құпия хат таратылады. 4.«Ашығын айтсам ». Сабақтың жүргізілген күні————- Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады ————-
  4. 4. Мұғалімге ұсыныс——— Маған ең пайдалы, құнды болған———- Маған ұнамағаны————— Келесі тренингіде мен келесі жайттарды білгім келеді——————- Тренингті қорытындылау————————— Қолы———————————— Бүгінгі тренингке өз уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен рахмет! Амандықта , жақсы күндерде жолығайық! Сау болыңыздар!
  5. 5. «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп- мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тақырыбы: «Бақытыңды балаңнан ізде» Ата-аналарға арналған тренинг 5 сыныптар Психолог: Сәлім .Г.К 2022-2023 оқу жылы

×