Сабақтың тақырыбы:
Құлақтың құрылысы, естудің маңызы.
Сабақтың мақсаттары:
• Құлақтың құрылысын сипаттау;
• Құлақтың қызметін түсіндіру
• Естудің бұзылуы мен гигиенасын түсіндіру
Бағалау критерийлері:
• Құлақтың құрылысын сипаттайды;
• Құлақтың құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты
түсіндіреді;
• Естудің бұзылуы мен алдын алу жолдарын сипаттайды.
Есту мүшесінің қызметі
• Дыбыс – ауа толқындарын қабылдау
• Гравитациялық, вибрациялық стимулдарға
жауап қайтару
• Сызықтық және бұрыштық қимылдарды
қабылдауды жүзеге асыру
6
СЫРТҚЫ ҚҰЛАҚ
7
Оның негізгі қызметі ауадағы дыбысты қабылдап, дыбыс өткізу жолына
бағыттау.
1- құлақ қалқаны
2- сыртқы дыбыс жолы
3- дабыл жарғағы
ОРТАҢҒЫ ҚҰЛАҚ
8
Ортаңғы құлақ қуысы Евстахии түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Бұл
дабыл жарғағының екі жағындағы ауа қысымын теңестіреді.
4-балғашық
5-төс
6-үзеңгі
ІШКІ ҚҰЛАҚ
Ішкі құлақта дыбыс
қабылданады.
Онда дыбыс рецепторы
орналасқан.
9
8- иірім өзекшелері
9– ұлудене
10 – есту жүйкесі
Құлақ арқылы дыбыстың өту жолы.
Дыбыс толқынының таралу жолы:
Дыбыс толқыны — дабыл жарғағының тербелісі — есту сүйекшелерінің тербелісі —
ұлуденедегі сұйықтықтың тербелісі — есту рецепторының тітіркенуі — жүйке қозу
толқынының пайда болуы.
Есту мүшесінің күтімі
• Құлақты үнемі жуу
• Құлақты үшкір, қатты нәрсемен шұқымау
• Айқайлап сөйлемеу
• Теледидар дыбысын қатты шығармау
• Наушникте музыканы қатты тыңдамау
• Ұзақ уақыт бойы наушникте музыка
тыңдамау
• Қатты шулы ортада ұзақ болмау
• Құлаққа суық желдің кіруінен сақтану
11