2. Жоспар:
Тәрбие үрдісі туралы жалпы ұғым.
Тәрбие үрдісінің өзіндік ерекшеліктері.
Тәрбие үрдісінің мәні және заңдылықтары.
Тәрбие принциптері.
Ұлағатты сөздер
Глоссарий
Қорытынды
3. Тәрбие – жеке адамды мақсатты бағытта, жүйелі түрде
қалыптастыру. Аға ұрпақтардың тәжірибесін беру және
игеру, сананы қалыптастыру, тәрбиеленушілердің сезімін
дамыту және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру,
оларды өмір мен еңбекке даярлау тәрбие процесінде жүзеге
асырылады. Жалпы алғанда, бұл процеске балаларды күту
және олардың дене күшін дамыту; белгілі бір идеологияны,
мінез-құлық белгілерін қалыптастыру; мәдени мұраға тарту,
көркемдік талғамды дамыту енеді.
Осы негізгі қызметтерді есепке ала отырып, тәрбие
қызметінің бағыттарын анықтаймыз.
Тәрбие процесін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің
мақсатты бағыттағы және өзара байланысты қызметі,
олардың осы қызмет процесінде жеке адам мен коллективтің
қалыптасуы мен дамуына себепші болатын қарым-
қатынастары ретінде анықтауға болады.
5. Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік
ерекшеліктері.
«Жас бала – жа а ркен жай ан жасыл а ашң ө ғ ғ
т різді» - дейді хал ымыз. Жерге отыр ыз ан жасә қ ғ ғ
к шет те ашан тамыры тере деп, жапыра ыө қ ң ғ
жай алып, саялы а аш болып лкейгеншеқ ғ ү
м пелеп к тіп, збей т рбиелеуді керек етеді.ә ү ү ә
Т рбие кездейсо о и а емес, ол о амныә қ қ ғ қ ғ ң
пайда болуына т н асиет.ә қ
Т рбие жеке т л аны санасына, мінез –ә ұ ғ ң
л ыны д рыс алыптасуына сер ететін рал.құ қ ң ұ қ ә құ
Т рбие – халы ты асырлар бойы жина тап,ә қ ң ғ қ
іріктеп ал ан озы т жірибесі мен ізгі асиеттерінғ қ ә қ
жас рпа ты бойына сі іру, оларды айналаменұ қ ң ң ң
арым – атынасын, мірге к з арасын ж неқ қ ө ө қ ә
со ан сай мінез – л ын алыптастыру ралы.ғ құ қ қ құ
6. Тәрбиелеу –
халықтар бойына
білімге негізделген
этикалық ізгіліктер
мен өнерлерді
дарыту.
(Әл – Фараби).
7. «Тәрбие – біз кімдерді
тәрбиелейміз, солардың
жүрегіне ықпал ету...
Тәрбие – бізге мәлім
адамгершілік әдет –
ғұрыптарын меңгеруді
мақсат көздеп, бір
адамның екінші адамға
ықпал етуі».
(Л.Н.Толстой)
8. «Тәрбие – кең
мағынасында – бұл
рухани жағынан үнемі
жетілу және баюда
көпсалалы процесс»
(В.А.Сухомлинский).
9. «Тәрбие, кең
мағынасымен алғанда,
қандай да болса бір жан
иесіне тиісті азық беріп,
сол жан иесінің дұрыс
өсуіне көмек көрсету
деген сөз. Ал енді,
адамзат туралы
айтылғанда, адамның
баласын кәмелеттік жасқа
толып, өзіне - өзі қожа
болғанша тиісті азық
беріп, өсіру деген
мағынада жүргізіледі»
(М.Жұмабаев).
10. «Тәрбие – бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам
табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар» (Иммануил Кант).
«Тәрбие – тұлғаны мақсатты түрде дамуын басқару процесі»
(Х.Й.Лийметса).
Олай болса, тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі
мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние
танымының дамуына, ерік – жігері мен моральдық бейнесінің
қалыптасуына оң ықпал етеді.
Сонымен қатар тәрбие – адамдарды қоғамда еңбекке және
басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік
қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылық процесі.
Н.К.Крупская «Тәрбие» атты мақаласында (1929ж.): «Тар
мағынада алып қарағанда, «тәрбие» деген сөз арқылы балалар
мен жеткіншектердің мінез – құлқына әдетте ересек
адамдардың алдын ала ойластырылған және жүйелі түрде
жасайтын белгілі бір ықпалы», ал кең мағынасында «...
қоғамдық мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл
қоғамдық құрылыс тәрбиелейді» - деп түсіндіреді.
12. Осы жағдайға байланысты К.Д.Ушинский «... мектеп, тәрбиеші және
ұстаздар – адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша
күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері: табиғат,
отбасы, қоғам, халық ... және оның тілі болады», - деген осы мәселеге
қатысты тұжырымдамасы тәрбие жайындағы ұғымның мәні зор екенін
дәлелдейді.
Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер және жұртшылық
болып айналысқан жағдайда ғана ол нәтижелі болмақ. Соған сай тәрбие
туралы ұғымға тар мағынада емес, кең мағынасында, бір жақты емес, кең
көлемде, яғни табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата –
аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде
ықпалы, өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жөн.
Сондықтан да тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы,
белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке
адам үшін – оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым –
қатынас жасай білуге үйрету.
Олай болса тәрбие процесі деп – қоғамның талап – тілектеріне сай
әрбір жеке тұлғаның ақыл – ойын, сана сезімін, ерік – жігерін, мінез –
құлыұ ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы
тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.
14. Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік
ерекшеліктері бар.
Тәрбие қоғамдық құбылыс. Себебі қоғамның материалдық
жағдайының өсуі, идеологиясының өзгеруімен байланысты
тәрбиенің мақсат – міндеттері, мазмұны мен ұйымдастыру
тәсілдері де толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып
отырады. Әрине адам жеке тұлға болғанымен, қоғамнан тыс
өмір сүрмейді. Ал қоғам дегеніміз – адамдардың тіршілік ету,
өмір сүру үшін топтасқан ортасы.
Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты
өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс
береді. Оны тәрбиеші – лердің өз қалауымен анықтауға
болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл
– ауқаты және оның саясатымен әрқашан тығыз байланысты
болады.
Тәрбие – біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде
тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін
қалыптастыру жеке – дара атқарылмайды, керісінше бір
мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені
тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.
15. Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның
қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам
баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің
ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін - өзі тәрбиелеу
процесімен жалғасып отырады.
Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың
нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені
әрбір жеке тұлғаның мінез- құлқында дара ерекшеліктері,
қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды.
Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері
мол.
Тәрбие - көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп
тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі
қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп
пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты.
Дегенмен де ата – аналар мен жұртшылық әрекетін
қадағалап, бағыт – бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі
жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол
– ұстаздар тобы. Оның орталығы – мектеп.
16. Тәрбиенің заңдылықтары
Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы,
бұл – табиғи заңдылық;
Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның
сыртқы орта мен табиғи қарым – қатынасынан тыс
тәрбиенің болмауы жағдайы;
Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара
байланыстылығы;
Тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің бірлігі және
өзара байланыстылығы;
Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және
оны қолдану мүмкін еместігі;
Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір
сүріп отырған әрбір жеке адамның күш - қуатымен
өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде,
сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.
18. Принцип деген ұғым латын тілінде
«бастапқы»,«негізгі» деген түсінікті білдіріп,
белгілі бір әрекет барысында басшылық ету
идеясын көздейді.
Олай болса тәрбие принциптері – деп тәрбие
процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері
мен формаларын жүзеге асыруда тәрбие-
ленушілердің қолданатын басты тәрбие
идеяларының жиынтығын айтамыз. Болмаса кейбір
педагогикалық әдебиеттерде «негізгі талаптар»
немесе «ережелер жүйесі» деп те түсіндіреді.
Тәрбие принциптері
19. Тəрбие принциптері –бұл тәрбие үрдісінің мазмұнына,
әдістеріне, ұйымдастыру жолдарына қойылатын негізгі талаптарды
айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары, сонымен қатар педагогтарға
нақты педагогикалық міндеттерді шешуде бағыт – бағдар береді.
Тәрбие процесіне арқау болар принциптер өз алдына жүйеге бірігеді.
Тәрбие жұмысының принциптері:
1. Тәрбиенің мақсаттылығы;
2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен
байланыстылығы;
3. Еңбек арқылы тәрбиелеу;
4. Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі;
5. Балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу;
6. Тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз
ету;
7. Жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;
8. Тәрбие процесінде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетінің
бірлігі болуы.
9. Ізгілендіру принципі -оқушының жеке басын мойындауға;
оның бірегейлігі мен өзгешелігін сыйлауға негізделген.
20. 10. Тәрбиелеу арқылы оқыту принципі –оқушыларды тұлға ретінде
дамыту, өзін-өзі қалыптастыруға, өзін-өзі дамытуға деген оң
мотивацияны қалыптастыру, сондай-ақ оқудан тыс шығармашылық-
практикалық қызметке бағдарлауға негізделген.
11. Демократияландыру принципі – тәрбие жұмысында субъектілердің
теңдігін және әлеуметтік серіктестікті, өзін-өзі басқару жүйесінің
болуын қарастырады.
12. Ынталандыру принципі – оқушыларды оқуда, ғылыми,
шығармашылық, спорт, қоғамдық және басқа да қызмет түрлерінде
көрсеткен жетістіктері үшін моральдық,материалдық тұрғыдан
көтермелеуге негізделген.
13. Тұлғалық бағыт принципі-тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері
мен даралығын, әсіресе жалпы және жеке адами қасиет сапалары мен
мүмкін-діктерін ескеру негізінде іске асырылады. Адами қасиет сапалар
мәні: тұлғаның өмірлік бағыт - бағдары, тіршілік жоспары, құндылықты
бағам- дары, қалыптасқан жандүниелік ұстанымдары, іс-әрекеті мен
мінезіндегі басымды себеп-түрткілер.Тұлғаның осы аталған жетекші
сапаларынан бөлектене қарастырылатын жас не даралық ерекшеліктер
(мінез, темперамент, ерік және т.б.) жоғары дәрежелі кісілік қадір -
қасиеттерді қалыптастыруға бағышталған тәрбиені қамтамасыз ете
алмайды, жас деңгейін, даралық ерекшеліктерді білу маңызды, солай да
болса, жоғарыда аталған сапалардың жетекшілік рөлін тану ғана
баланың жас мүмкіндіктері мен жеке ептіліктерін дұрыс пайдаланудың
көзін ашады.
26. К.А.Гельвецийдің
өзі тәрбиені ұзақ үрдіс
ретінде сипаттай
отырып, шынтуайтқа
келгенде, бүкіл өмірдің
өзі бір ұзақ тәрбие деп
жазды.
27. К.Д.Ушинский тек
педагогикалық ережелерді
жаттап алу тәрбиесі
процесінде оң нәтиже
бермейтіндігін, керісінше
тәрбиенің ғылыми заңды-
лықтарын жете танып
берудің қажеттілігіне баса
назар аударуға кеңес
берген.
29. Глосарий — белгілі бір шығармада кездесетін, сирек
қолданылатын сөздердің түсіндірме сөздігі
Глоссарийлер
Философия ғылымында “заңдылық” деген
ұғымды құбылыстар мен процестер арасында
дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп
түсіндіреді.
Принцип деген ұғым латын тілінде
«бастапқы»,«негізгі» деген түсінікті білдіріп,
белгілі бір әрекет барысында басшылық ету
идеясын көздейді.
“Теория” ұғымы грек тілінде “зерттеймін” деген
түсінікті білдіреді.
30. Қорытынды
Адамзат баласы болғаннан бастап, тәрбие үрдісі бірге
келеді. Әрбір ұлт өкілі, әрбір адамзат ұрпағының
болашағы туралы ойлағанда оның тәрбиеге байланысты
болатынын түсінді.
Тәрбие үрдісі – жеке адамды мақсатты бағытта жүйелі
түрде қалыптастыру. Талай ғасырлар бойы өмір сүрген ата
бабаларымыздың өмірдегі іс -тәжірибесін, әдет
ғұрыптарын тіршілік болмасын кәсібін игеру және өзіне
тән ұлттық сананы, ұлттық идеяны қалыптастыру болып
табылады.
Адам тәрбиесі мен даму бірлігінің өзара байланыстылығы
– тәрбие үрдісінің заңдылықтарының бірі. Тәрбие беру
үрдісі – педагогикалық процестің өте маңызды және
өзіндік ісі бағдары бар бөлігі.