5. Ой қозғау
.
-Табиғат бейнесін адам өміріменен
байланыстырып, қағаз бетіне
түсіріңіздер?
-Жыл мезгілдеріне байланысты
мақал- мәтелдер?
6. Абай Құнанбаев
(1845-1904)
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба
әдебиетінің және әдеби тілінің негізін
салушы – Абай (Ибрахим)
Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс
Қазақстан облысы (бұрынғы Семей
уезі) Абай ауданында (бұрынғы
Шыңғыстау облысы) Шыңғыс
тауының бауырында дүниеге келді.
Абай атақты Тобықты руының
Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол
ауыл молдасынан оқып жүрген
кішкентай кезінен-ақ зеректігімен
көзге түседі. Кейін ол Семей
қаласында 3 жылдық медресе
тәрбиесін алады.
7. І топ «Абай Құнанбаевтың өлеңдері»
ІІ топ «Абай Құнанбаевтың қара сөздері»
ІІІ топ «Абай Құнанбаевтың әндері»
8. Жаз
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
9. Мал ішінен айналып,
Көңілі жақсы жайланып,
Бай да келер ауылға,
Аяңшылы жылпылдап;
Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып,
Жасы үлкендер бір бөлек
Кеңесіп, күліп сылқылдап.
Жалшы алдаған жас бала,
Жағалайды шешесін
Ет әпер деп қыңқылдап.
Көлеңке қылып басына,
Кілем төсеп астына,
Салтанатты байлардың
Самаурыны бұрқылдап.
10. Білімділер сөз айтса,
Бәйгі атындай аңқылдап,
Өзгелер басын изейді,
Әрине деп мақұлдап.
Ақ көйлекті, таяқты
Ақсақал шығар бір шеттен
Малыңды әрі қайтар деп,
Малшыларға қаңқылдап.
Бай байғұсым десін деп,
Шақырып қымыз берсін деп,
Жарамсақсып, жалпылдап.
11. Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
12. Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
13. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз
қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
14. Шығармашылық тапсырма
4 жолды өлең құрастырып жазу:
.. ....................................................... жетпес,
.......................................................... кетпес.
.......................................................... жанның,
.......................................................... кетпес.
15. 1 топ Өлеңде ақынның көңіл – күйі
2 топ “Талаптың мініп тұлпарын”,
Тас қияға өрледің”
деген бейнелі сөздердің мағынасын
қалай түсіндіңіз?
3 топ -Әбдірахман туралы не білдіңіз?
Ой толғаныс
16. Топпен жұмыс
1-топ:
Табиғатты сурет-
теудегі жаңаша із-
деністері қай өлең-
інде көрінеді?
2-топ:
Абай қара сөз-
дерінің тәрбиелік
мәні неде?
3-топ:
Абайдың бір
өлеңін
жатқа айту.
17. Ой шақыру
Әр топ елін
сүйген ер- азамат
туралы
3 мақалдан
айту
«Нағыз
азамат»
қандай
болу керек?