10. * Өмірбаян анықтамалығы
* Ғабдуллин Нығмет (1927–2005) - 26 желтоқсанда Көкшетау облысы, Рузаев ауданы,
Шұқыркөл деген ауылда туған.
1950 жылы Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін
үздік бітірген.
1950–1962 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде,
«Жұлдыз» журналында істеген.
1964–1966 жж. «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, 1966–1969 жж.
Бас редакторы болды. 1969 жылдан бастап Қазақтың Абай атындағы педагогика
институтында ұстаздық еткен. Профессор.
1964 жылы «Ғабит Мүсіреповтің драматургиясы» деген тақырыпта кандидаттық, 1972
жылы «Қазіргі қазақ прозасында жаңа адамды бейнелеу проблемалары» деген
тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
Орыс тілінде жазушының «Жаңа таныстар» (1957), «Өмірдің бұралаң жолдары» (1967)
прозалық кітаптары басылып шықты. Ол Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесін,
Г.Марковтың екі кітаптан тұратын «Жер құты» романын, М.Шагиняннің «Ульяновтар
семьясы» атты кітабын, В.Быковтың «Альпі аңызы», «Атар таңға аман жетсе»
повестерін қазақшаға аударған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
(1996).
14. Мен де адаммын жаралған сүйек –еттен,
Арым бар, намысым бар жан тербеткен.
Қазақтың қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен.
Балаларыма айтар тілегім: « Отан сүйер ұлан
болыңдар! Өз Отаныңа лайықты азамат болып
өсіңдер!»
Бауыржан
Момышұлы