1. Рыскалиева Аягоз Жумажановна
Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы
Коучинг: «Жеке тұлғаның бойынақұзіреттілікті қалыптастырудағы
мұғалім мен ата-ананың рөлі»
(«Өрлеу» шығармашылық тобының апталығы аясында
ата-аналармен өткізілген коучинг)
Коучинг
сессияның
тақырыбы:
Жеке тұлғаның бойына құзіреттілікті қалыптастырудағы мұғалім
мен ата-ананың рөлі
Мақсаты:
Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңаша тәсілдерін пайдалану
арқылы мұғалім мен ата-ананың рөлін арттыру.Тұлғаның дамуына қолдау
көрсету, ата-ананың мектеппен тығыз байланысын орнату.Құзіретті
тұлғаны қалыптастыруда туындайтын мәселелерді анықтау. Психо-
педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі
тәжірибесін арттыру
2. Әр отбасының, мұғалімнің бала тәрбиесіне белсене қатысуының
маңызын көрсету.
Міндеттері:
1.Оқушылардың оқуға деген саналы көзқарасын, жауапкершілігін
арттыру.
2.Оқушыларды өмірлік жетістіктерге жетуге ұмтылдыру.
3.Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру
4. Оқу- тәрбие үрдісінде мектептің, ата-ананың тығыз байланысты
үйлесімді жүргізу.
Күтілетін нәтиже:
Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңаша тәсілдерін ұғынады,
тиімділігіне көз жеткізеді. Оқушының тұлғалық қасиеттерін
қалыптастыруда ата-ананың міндетін, ұстаздық жауапкершілікті түсінеді.
Сабақта
туындаған негізгі
идеялар:
Құзіретті тұлғаны қалыптастырудағы нақты мәселелерді анықтау.
Тапсырмалар:
«Шаңырақ»
тренингі
(3мин)
«Тұлғаны тану»
жәрмеңкесі»
Бүгінгі коучингімізді «Шаңырақ» тренингінен бастайық. Ортаға ата-
аналар, мұғалімдер шеңбер құрайды. Шеңберіміз - көктегі жылу беретін
күн тәрізді дөңгелек. Шеңберге тұрып біз- бір-бірімізге жылылық,
жақсылық сыйлайық.Ата-аналар есімдерін айтып, өзіне қарама-қарсы
тұраған ата-анаға тілек айтып гүлді ұсынады.
Еркін атмосфера орнату , жақынырақ танысу, мұғалім мен ата-ананың
жеке тұлғаның қасиеттерін тану, білу мақсатындағы қарым- қатынас
мәдениетін орнықтыру.
Берілген суреттер арқылы топқа бөлініп отырады.
Абайдың «Он тоғызыншы қара сөзін» видеодан тамашалау, тыңдау:
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып
ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені
көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқанын ескеріп жүрген кісі
өзі де есті болады» деген ақын мұрасының өміршеңдігі замана озған
сайын маңызы арта түседі.
Бүгінгі күні жеке тұлғаны дамытуға бағдарланған ізгілікті, шынайы бүкіл
2. Ой шақыру.
Практикалық
жұмыс
Ой жалғау
тренингі
Шығармашылық
жұмыс
адамзаттық құндылықтарды алға шығаратын білім беру жүйесін
қалыптастыруда ірі-ірі қадам жасалынуда Қазақ халқының тұңғыш
ғалымы Ш.Уәлиханов : «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең
алдымен азаттық пен білім қажет» деген болатын. Білімі мен тәрбиесі
ұштасқан құзіретті тұлға қалыптастыруда мұғалім мен ата-ана рөлі қандай
болмақ?
Топтарға жалпы тапсырма:
-Құзіретті тұлға деген кім?
- Құзіретті тұлғаға қандай қасиеттертән? Тұлға қасиетін ашатын сөздер
тауып жазады. Сол сөздерден кластер құрастырады. (қабілетті, өмір
сүруге бейім, коммуникативті, мәдениетті, мақсатшыл, қызығушылығы
жоғары, іскер, білімді, төзімді, ұстамды)
Құзіреттілікті қалыптастыруға арналған бейнеролик көрсетіледі.
Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау оқушының «мен» менталитетін
және белгілі бір құзіреттілікті қалыптастыруға негізгі субъект болмақ.
Құзіреттілік -белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар, білгір деген
мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді
түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді – деп көрсетеді.
Топтық тапсырма:
Осы сөздердерді негізге ала отырып, құзіретті тұлға қасиеттерін ашу.
1- топ. Құзіретті тұлға қалыптастыруда мұғалімнің рөлі қандай?
2- топ. Құзіретті тұлға қалыптастыруда ата-ананың рөлі қандай? деген
сұрақтарға ой бөлісіп, постер құрастырады. Тұжырымды ойларын
ортағасалады.
Әр топқа суреттер сұлбасы беріледі.
А) суретті бояу,
Ә) тақырып қою;
Б) тақырыпты ашатындай нақыл сөздер келтіру;
В) Топтан «шебер әңгімеші» шығып қорғайды.
(Топ жұмысын формативті бағалау)
2 жұлдыз,тілек әдісі бойынша әр топ бірін-бірі бағалайды.
Түйінді ой
Кері байланыс
Қорытынды:
«Түсінісу теоремасы»
Қазіргі кезеңнің ең басты қажеттілігі – адамдар арасындағы сыйластық,
бірін-бірі қадірлеу, бірін-бірі құрметтей білу мен бағалай алуы, яғни
адамдардың өзін-өзі, қоршаған ортаны, әлемді тани білуі. Ендеше келесі
кезекте «Отан – отбасынан басталады» атты бейнефильмді тамашалауға
шақырамыз
-Бүгінгі коучингтен қандай ой түйдіңіз? -
- Жиналыста айтылған мәселелердің сізге пайдасы бар ма?
Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза, асыл жан. Оның ойының тазалығы,
арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы
ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де
солай ашылмақ.
Сондықтан, қымбатты ата-аналар, баланың өзіндік «Менін»
қалыптастыру, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, қазіргі заман
талабына сай өзіндік ой-көзқарасы қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеп
шығару мектеп пен отбасының тәрбиесі ұштасып, ортақ бір мүддеге
бағытталғанда ғана жан-жақты, толыққанды жүзеге асады
3. Ақпан айының 18 күні «Жеке тұлғаның бойына құзіреттілікті қалыптастырудағы мұғалім мен
ата-ананың рөлі» атты коучинг өткізілді.
Коучингтің мақсаты: Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңаша тәсілдерін пайдалану
арқылы мұғалім мен ата-ананың рөлін арттыру.Тұлғаның дамуына қолдау көрсету, ата-
ананың мектеппен тығыз байланысын орнату.Құзіретті тұлғаны қалыптастыруда туындайтын
мәселелерді анықтау. Психо-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала
тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру
Күтілетін нәтиже: Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңаша тәсілдерін ұғындыру,
тиімділігіне көз жеткізу. Оқушының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда ата-ананың міндетін,
ұстаздық жауапкершілікті түсінуге шақыру болатын.
Еркін атмосфера орнату , жақынырақ танысу, мұғалім мен ата-ананың жеке тұлғаның
қасиеттерін тану, білу мақсатындағы қарым- қатынас мәдениетін орнықтыру мақсатында
коучингімізді «Шаңырақ» тренингінен бастадық. Ортаға ата-аналар, мұғалімдер шеңбер құрап,
өзіне қарама-қарсы тұраған ата-анаға тілек айтып гүл ұсыну арқылы бір-бірімен жақынырақ
танысты.
Қатысушыларға ой салу үшін Абайдың «Он тоғызыншы қара сөзін» тыңдатқыза отырып,
білімі мен тәрбиесі ұштасқан құзіретті тұлға қалыптастыруда мұғалім мен ата-ана рөлі
қандай?
-Құзіретті тұлға деген кім?, Құзіретті тұлғаға қандай қасиеттер тән? Сынды сұрақтарға
жауап бере отырып, тұлға қасиетін ашатын сөздер тауып жазды. Сол сөздерден кластер
құрастырды. (қабілетті, өмір сүруге бейім, коммуникативті, мәдениетті, мақсатшыл,
қызығушылығы жоғары, іскер, білімді, төзімді, ұстамды)
Адамдардың өзін-өзі, қоршаған ортаны, әлемді тани білу деңгейін анықтау мақсатында
келген ата-аналар «Менің өзімді – өзім бағалауым қандай?» атты тест орындап,
қорытындыларымен толықтай келісетіндіктерін жеткізді. Тест жұмысынан соң 1997 жылы
Лючинда Бассет ұсынған «Ата-аналар үшін өзін – өзі бағалауды көтерудің сегіз рецептісін»
таратылды.
4. Коучингтің негізгі бөлімінде «Жердегі жұлдыздар» фильмінен үзінді көрсетіліп,
1- топ- Құзіретті тұлға қалыптастыруда мұғалімнің рөлі қандай?
2- топ- Құзіретті тұлға қалыптастыруда ата-ананың рөлі қандай? деген сұрақтарға ой бөлісіп,
тұжырымды ойларын ортаға салды.
«Түсінісу теоремасы» атты қорытынды бөлімінде «Отан – отбасынан басталады» атты
бейнефильмді тамашалау арқылы қазіргі кезеңнің ең басты қажеттілігі – адамдар арасындағы
сыйластық, бірін-бірі қадірлеу, бірін-бірі құрметтей білу мен бағалай алуы туралы ата-аналар
қазіргі кезеңдегі жұмысбастылыққа байланысты бала мен ата-ана арасындағы
түсініспеушіліктер туралы пікірлерін жақсы жеткізе білді.
Ата-аналармен кері байланысқа түсу үшін
-Бүгінгі коучингтен қандай ой түйдіңіз? -
- Жиналыста айтылған мәселелердің сізге пайдасы бар ма? Атты сұрақтар бере отырып,
қолдарындағы суреттерге өз пікірлерін жазып, айтып берді.
Коучинг нәтижесінде келген ата-аналар баланың өзіндік «Менін» қалыптастыру,
адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, қазіргі заман талабына сай өзіндік ой-көзқарасы
қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеп шығару мектеп пен отбасының тәрбиесі ұштасып, ортақ бір
мүддеге бағытталғанда ғана жан-жақты, толыққанды жүзеге асатынын түсіне білді деп
ойлаймын.