SlideShare a Scribd company logo
1 of 7
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
«Балалар мен жасөспірімдер сарайы» КМҚК
Темирова Беибут Шугаевна
қосымша білім педагогы
ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
«Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге
сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені хақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар
әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа
қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер.
Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап
алып, орнымен пайдалана білсек нұр үстіне нұр болар еді»
М.Ғабдуллин.
Халқымыз қашан да бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Адам
тәрбиелеу - ұлы міндет. Ұлы міндет қашаннан ұлы күреспен ғана жүзеге
асырылады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030–стратегиялық бағдарламасының
«Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде көрсетілген еліміздің
тұтастығын, оның тыныштығын мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да
болмасын ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі жастарымызды
отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді. Ендеше,
жас ұрпақты Отанды сүюге, ол үшін аянбай еңбек етуге тәрбиелеу - әр
педагогтың басты міндеттерінің бірі.
Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі - ұлтжандылық,
елжандылық, отаншылдық «патриоттық» қасиеттер. Осы патриоттық сезім
және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы оқушының Отанға деген
сүйіспеншілігі артып, оның қуаты тәуелсіз болуы үшін жауапкершілікті
сезінуі тиіс. Патриот Отанын сүюші, оның қуатын арттырушы, отаншыл, өз
халқына берілген, ол үшін жанын қиып, Отан қорғау үшін ерлік көрсететін
адам екенін де естен шығармауы керек.
Патриотизм ұғымына енетіндер:
- адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі,
- Отанның мүддесін қорғау, азаматтық көрсету және Отанға адалықты
сақтау;
- елінің әлеуметтік және мәдени салаларда жеткен жетістіктеріне мақтану;
оның ар - намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау ;
- өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын салт-дәстүрлерін құрметтеу,
- Отан игілігі үшін еңбек ету.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытуға арналған
мемлекеттік бағдарламасындағы белгіленген міндеттерінде: «Қазақстандық
патриотизмге, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын
құрметтеуге тәрбиелеу» делінген. Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап-
міндеттер бүгінде жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үрдісі әр
отбасынан бастау алып, білім беру жүйелерінде үздіксіз, кешенді
жүргізілуін талап етеді.
Патриоттық сезім тәрбие арқылы қалыптасып, жетіліп, патриоттық
сана түріне айналады. Сонда ғана жеке адам өз ұлтына тән ерекшеліктерді
түсініп, сезініп өз ұлтының бабаларының қасиеттерін бойына сіңіреді.
Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік тәлім-тәрбие
дәстүрлерін, әдістері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі оқушы
тұлғасын тәрбиелеуде оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды қолдану – уақыт
талабы.
Жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ол үшін
патриоттық іс-әрекет ұйымдастыру, оқу-тәрбие процесінде патриоттық
тәрбие беру қажеттілігі туындап отыр. Олай болса, жастарға патриоттық
тәрбие беруде - өткені мен бүгінгі күнді және болашағын байланыстыру
қажет.
Педагогика пәні «Тәрбие теориясы, заңдылығы мен принциптері»,
«Тәрбие құрылымдары», «Тәрбиенің әдіс–тәсілдері» т.б. тақырыптары
бойынша оқушыларға жан-жақты білім берумен қатар, олардың бойына
ұлтжандылық, отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, кәсіби
шеберліктерін шыңдап, келешекте өз тәжірибелерінде жүзеге асыруға
негізделе отырып, оқу-тәрбие процесінің мақсаты мен міндеттері мына
бағытта көзделеді.
1. Оқушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру.
2. Оқушыларға қазақ халқының халықтық педагогикасындағы ұлттық
құндылықтар арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу мүмкіндік жасау.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге үйрету.
4. Қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін үйретуге оны дамытуға
ынталандыру.
Батыр бабалар дәстүрлерінше патриоттық, ерлік, қаһармандық
рухында тәрбиелеу.
Төмендегідей бағытпен оқушылардың саяси мәдениетін
қалыптастыру нәтижесінде, ақпарат құралдарындағы материалдарды талдай
отырып, саяси санасын жетілдіреміз.
Қазақстан республикасының
мемлекеттік биліктері туралы
әңгіме
«АҚШ – тың әскери
бөлімдерінің орталық Азия
мемлекеттеріне орналасуына
сенің көзқарасың» атты
тақырыпқа пікір алысу
«Қазақстан Республикасының
әлеуметтік саясаттағы
жетістіктері мен кемшіліктері»
тақырыбына диспут
Оқушылардың ақпарат
құралдарындағы
материалдарды талдай отырып,
саяси санасының қалыптасуы
Қазақстандық патриотизм,
ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс
қабылдауы
Біздің мемлекетіміздің саяси
жүйесін нақты мысалдармен
түсіндіру
«Қазақстанда оппозициялық
топтардың болуы пайдалы
ма?» тақырыбына пікірталас
Оқушылардың саяси мәдениетін
қалыптастыру
Оқушылардың «Қазақстан –
тәуелсіз мемлекет» түсінігін
терең және жан-жақты білуі
Қазақстандағы саяси партиялар
мен қоғамдық қозғалыстар
туралы әңгімелер өткізу
Президенттің әр жылғы
Қазақстан халқына жолдауын
оқушыларға жас ерекшеліктеріне
қарай түсіндіріп отыру
«Қазақстан – 2030» стратегиялық
бағдарламасы бойынша жұмыс
Қазақ этнопедагогикасы да патриоттық тәрбие беру міндеттерін жүйелі
жүзеге асыруда маңызды роль атқарады.
Осы тұрғыдан алғанда, қазақтың ақындары мен ұлы ойшылдарының
кемеңгерлік ой-пікірлерін оқу-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып,
батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін насихаттау, билер мен
шешендердің өнегелі тәлім-тәрбиесіне негізделген жан-жақты тәрбие жүйесін
құру қажеттілігі қазақстандық білім саласының маңызды проблемаларының
бірі және әрбір тәрбиеші -ұстаздың басты парызы болып табылады.
Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген
ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы
тақырыпты үнемі арқау еткен. Халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды
елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлген.
Мысалы: жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері Ақтамберді Сарыұлы:
Жауға шаптым ту байлап,
Жанды жүрек, қан қайнап.
Шепті бұздым айғайлап,
Ел-жұртты қорғайлап
Дұшпаннан көрген қорлықтан
Өлімге жүрміз бас байлап, - деп елінің бас бостандығы үшін жаумен жан
аямай, кескілесе күресуге шақырса, ұлтжандылық тақырыптарына ой
толғаған жауынгер-жазушы, қазақ халқының бір туар ұлдарының бірі
Б.Момышұлы: «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу- сатқындықтың
белгісі», - деп байыпты баға берген. Ал ұлттық тәрбие жүйесінің негізі
ретінде М.Шахановтың мына бір өлең жолдары дәлел:
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала
Әр адамның өз анасынан басқа
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы айбыны,
Туған тілі - сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы еске алуға қаншама...
Демек, «Қазақ патриотизмі – рухы биік жеке тұлғаны
қалыптастырудағы ата-бабаларымыздың қаһармандық, батырлық, ерлік,
отансүйгіштік тәлім-тәрбие беру идеалдарының жиынтығы»- деп
айтуымызға болады.
Оқу орындарында оқу- тәрбие жұмыстарын талапқа сай жоспарлап,
дөңгелек стол, мақал-мәтелдердің мәнін ашу, ұлылар ұлағатын оқып
үйрену, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні, ырым-тыйымдар,
ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған тәрбие
сағаттары, ғылыми жоба қорғау, кездесулер, жарыстар, пікірсайыс т.б. іс-
шаралар ұйымдастыру арқылы белгіленген мақсат-міндеттерді жүзеге
асыруға болады. «Желтоқсан тағылымы» тақырыбында өткен тәрбие
сағатынан мысал:
Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы
бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді, осы
тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен
шейіт болғандарын көрерменге ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын
кеңейту. Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау; тәуелсіздік бастауы –
ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін түсіндіру; жас ұрпақ бойында еліне,
жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру,
желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке,
әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін білуге тәрбиелеу.
Міндеті: - Желтоқсан оқиғасына өзіндік баға беру;
- Жас ұрпақты патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Өзектілігі: Үш ғасыр бойы өзге елдің боданында жүрген еліміз
үшін қазіргі таңда әлем картасында белді орынға ие болып, қуатты
елдермен терезесі тең болуына өз септігін тигізген 1986 жылғы
Желтоқсан оқиғасын зерттеу қазіргі таңдағы ең көкейтесті мәселелердің
бірі.
Түрі: тарихи кеш
Әдісі: сахналық көрініс, әдеби монтаж, әңгімелеу, тарихи
дәйектемелер, ән, т.б.
Қорыта айтқанда, ұлттың салт-дәстүріне құрметпен қарау, оның тілі мен
ділін сыйлау, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану- қоғамның
әрбір мүшесінің міндеті. Баланың сана-сезіміне ұлттық құндылықты сіңіре
білсек, еліміздің ертеңі ашық, келешегі жарқын да нұрлы болмақ. Демек,
Жаңа Қазақстан жаңа ғасырда ұлттық құндылығымен және білімді
ұрпағымен ерекшеленбек. Олай болса, ұрпағымызды парасатты да білікті,
мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы
адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық
намысы бар, елін, жерін сүйетін ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық
өмірдің өзегін келешек ұрпақ тәрбиесіне, соның ішінде ұлттық
құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағыттауымыз қажет.
«Елін қорғайтын ер болайық,
Ерін қолдайтын ел болайық».
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Ізденіс» Ғылыми журнал № 2, 2004 ж.
2. «Ұлт тағылымы» ғылыми-педагогикалық басылым №1,51999ж.
№2, 2001 ж.
3. «Білім. Образование» ғылыми-педагогикалық журнал №3, 2002 ж.
4. «Білімдегі жаңалықтар»Ақпаратты-әдістемелік журналы.
№2,3,2007 ж, № 4 2006 ж.
5. Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова. Педагогика. Астана, 2007 ж.
6. А. Мұсырманов «Тәрбие жұмысының модульдік
технологиясының моделі» Алматы-2007ж.
7. Ә.Табылдиев «Қазақ этнопедагогикасы». Алматы-2001ж.
8. С.Г.Губашева, А.Ж.Отарбай «Тәрбие жұмысының әдістемесі»
Астана-2007 ж.
2. «Ұлт тағылымы» ғылыми-педагогикалық басылым №1,51999ж.
№2, 2001 ж.
3. «Білім. Образование» ғылыми-педагогикалық журнал №3, 2002 ж.
4. «Білімдегі жаңалықтар»Ақпаратты-әдістемелік журналы.
№2,3,2007 ж, № 4 2006 ж.
5. Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова. Педагогика. Астана, 2007 ж.
6. А. Мұсырманов «Тәрбие жұмысының модульдік
технологиясының моделі» Алматы-2007ж.
7. Ә.Табылдиев «Қазақ этнопедагогикасы». Алматы-2001ж.
8. С.Г.Губашева, А.Ж.Отарбай «Тәрбие жұмысының әдістемесі»
Астана-2007 ж.

More Related Content

What's hot

тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016oquzaman
 
ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУАйбек Қуандықұлы
 
Развитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образования
Развитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образованияРазвитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образования
Развитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образованияakkemir
 
Қазақ қыздар гимназиясы – ұлттық тәрбие жүйесінің моделі
Қазақ қыздар гимназиясы – ұлттық тәрбие  жүйесінің моделі Қазақ қыздар гимназиясы – ұлттық тәрбие  жүйесінің моделі
Қазақ қыздар гимназиясы – ұлттық тәрбие жүйесінің моделі Айбек Қуандықұлы
 
тұрлыбай б.с. макала
тұрлыбай б.с.  макалатұрлыбай б.с.  макала
тұрлыбай б.с. макалаAsem Sarsembayeva
 
Тәрбие жоспары
Тәрбие жоспарыТәрбие жоспары
Тәрбие жоспарыRauan Ibraikhan
 

What's hot (6)

тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016
 
ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
 
Развитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образования
Развитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образованияРазвитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образования
Развитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образования
 
Қазақ қыздар гимназиясы – ұлттық тәрбие жүйесінің моделі
Қазақ қыздар гимназиясы – ұлттық тәрбие  жүйесінің моделі Қазақ қыздар гимназиясы – ұлттық тәрбие  жүйесінің моделі
Қазақ қыздар гимназиясы – ұлттық тәрбие жүйесінің моделі
 
тұрлыбай б.с. макала
тұрлыбай б.с.  макалатұрлыбай б.с.  макала
тұрлыбай б.с. макала
 
Тәрбие жоспары
Тәрбие жоспарыТәрбие жоспары
Тәрбие жоспары
 

Similar to темирова б.ш. баяндама елжандылыққа тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар, жезқазған қ.

Мәңгілік ел қырандары
Мәңгілік  ел  қырандарыМәңгілік  ел  қырандары
Мәңгілік ел қырандарыRauan Ibraikhan
 
мәңгілік ел қырандары
мәңгілік  ел  қырандарымәңгілік  ел  қырандары
мәңгілік ел қырандарыRauan Ibraikhan
 
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнеге
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнегеҰятты қыз, намысты ұл болу –өнеге
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнегеRauan Ibraikhan
 
DOC-20220928-WA0024..pptx
DOC-20220928-WA0024..pptxDOC-20220928-WA0024..pptx
DOC-20220928-WA0024..pptxssuser18cb911
 
Жастар ұйымы бізге не береді?
Жастар ұйымы бізге не береді?Жастар ұйымы бізге не береді?
Жастар ұйымы бізге не береді?Bilim All
 
методичка умбетова г.
методичка умбетова г. методичка умбетова г.
методичка умбетова г. Asem Sarsembayeva
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛРУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛssuser16ee1a
 
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлауМектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлауErjan Beisenhojaev
 
Өркениет
ӨркениетӨркениет
ӨркениетGaukhar07
 
тәрбие сағаты.ppt
тәрбие сағаты.pptтәрбие сағаты.ppt
тәрбие сағаты.pptAina981874
 
Ұлттық тәрбие.pptx
Ұлттық тәрбие.pptxҰлттық тәрбие.pptx
Ұлттық тәрбие.pptxAkbopeZhumabek1
 
иманбаева д.с. мақала
иманбаева д.с. мақалаиманбаева д.с. мақала
иманбаева д.с. мақалаAsem Sarsembayeva
 
школьный музей выступление (1)
школьный музей выступление (1)школьный музей выступление (1)
школьный музей выступление (1)botatileubay
 
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнатуМәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнатуRauan Ibraikhan
 
баяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эмибаяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эмиAsem Sarsembayeva
 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...ssuserddef11
 

Similar to темирова б.ш. баяндама елжандылыққа тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар, жезқазған қ. (20)

жұмыс сабырова с
жұмыс сабырова сжұмыс сабырова с
жұмыс сабырова с
 
Мәңгілік ел қырандары
Мәңгілік  ел  қырандарыМәңгілік  ел  қырандары
Мәңгілік ел қырандары
 
мәңгілік ел қырандары
мәңгілік  ел  қырандарымәңгілік  ел  қырандары
мәңгілік ел қырандары
 
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнеге
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнегеҰятты қыз, намысты ұл болу –өнеге
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнеге
 
искакова а.а ашық сабақтар
искакова а.а ашық сабақтарискакова а.а ашық сабақтар
искакова а.а ашық сабақтар
 
DOC-20220928-WA0024..pptx
DOC-20220928-WA0024..pptxDOC-20220928-WA0024..pptx
DOC-20220928-WA0024..pptx
 
Ұлттық тәрбие
Ұлттық тәрбиеҰлттық тәрбие
Ұлттық тәрбие
 
Жастар ұйымы бізге не береді?
Жастар ұйымы бізге не береді?Жастар ұйымы бізге не береді?
Жастар ұйымы бізге не береді?
 
методичка умбетова г.
методичка умбетова г. методичка умбетова г.
методичка умбетова г.
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛРУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
 
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлауМектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
 
Өркениет
ӨркениетӨркениет
Өркениет
 
тәрбие сағаты.ppt
тәрбие сағаты.pptтәрбие сағаты.ppt
тәрбие сағаты.ppt
 
Мен - Қазақстан азаматымын
Мен - Қазақстан  азаматымынМен - Қазақстан  азаматымын
Мен - Қазақстан азаматымын
 
Ұлттық тәрбие.pptx
Ұлттық тәрбие.pptxҰлттық тәрбие.pptx
Ұлттық тәрбие.pptx
 
иманбаева д.с. мақала
иманбаева д.с. мақалаиманбаева д.с. мақала
иманбаева д.с. мақала
 
школьный музей выступление (1)
школьный музей выступление (1)школьный музей выступление (1)
школьный музей выступление (1)
 
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнатуМәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
 
баяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эмибаяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эми
 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
 

More from Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдAsem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

темирова б.ш. баяндама елжандылыққа тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар, жезқазған қ.

  • 1. Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы «Балалар мен жасөспірімдер сарайы» КМҚК Темирова Беибут Шугаевна қосымша білім педагогы ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР «Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені хақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек нұр үстіне нұр болар еді» М.Ғабдуллин. Халқымыз қашан да бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Адам тәрбиелеу - ұлы міндет. Ұлы міндет қашаннан ұлы күреспен ғана жүзеге асырылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030–стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде көрсетілген еліміздің тұтастығын, оның тыныштығын мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да болмасын ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі жастарымызды отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді. Ендеше, жас ұрпақты Отанды сүюге, ол үшін аянбай еңбек етуге тәрбиелеу - әр педагогтың басты міндеттерінің бірі. Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі - ұлтжандылық, елжандылық, отаншылдық «патриоттық» қасиеттер. Осы патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы оқушының Отанға деген сүйіспеншілігі артып, оның қуаты тәуелсіз болуы үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Патриот Отанын сүюші, оның қуатын арттырушы, отаншыл, өз халқына берілген, ол үшін жанын қиып, Отан қорғау үшін ерлік көрсететін адам екенін де естен шығармауы керек. Патриотизм ұғымына енетіндер: - адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі, - Отанның мүддесін қорғау, азаматтық көрсету және Отанға адалықты сақтау; - елінің әлеуметтік және мәдени салаларда жеткен жетістіктеріне мақтану; оның ар - намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау ; - өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын салт-дәстүрлерін құрметтеу, - Отан игілігі үшін еңбек ету. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы белгіленген міндеттерінде: «Қазақстандық
  • 2. патриотизмге, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу» делінген. Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап- міндеттер бүгінде жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үрдісі әр отбасынан бастау алып, білім беру жүйелерінде үздіксіз, кешенді жүргізілуін талап етеді. Патриоттық сезім тәрбие арқылы қалыптасып, жетіліп, патриоттық сана түріне айналады. Сонда ғана жеке адам өз ұлтына тән ерекшеліктерді түсініп, сезініп өз ұлтының бабаларының қасиеттерін бойына сіңіреді. Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік тәлім-тәрбие дәстүрлерін, әдістері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі оқушы тұлғасын тәрбиелеуде оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды қолдану – уақыт талабы. Жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ол үшін патриоттық іс-әрекет ұйымдастыру, оқу-тәрбие процесінде патриоттық тәрбие беру қажеттілігі туындап отыр. Олай болса, жастарға патриоттық тәрбие беруде - өткені мен бүгінгі күнді және болашағын байланыстыру қажет. Педагогика пәні «Тәрбие теориясы, заңдылығы мен принциптері», «Тәрбие құрылымдары», «Тәрбиенің әдіс–тәсілдері» т.б. тақырыптары бойынша оқушыларға жан-жақты білім берумен қатар, олардың бойына ұлтжандылық, отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, кәсіби шеберліктерін шыңдап, келешекте өз тәжірибелерінде жүзеге асыруға негізделе отырып, оқу-тәрбие процесінің мақсаты мен міндеттері мына бағытта көзделеді. 1. Оқушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру. 2. Оқушыларға қазақ халқының халықтық педагогикасындағы ұлттық құндылықтар арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу мүмкіндік жасау. 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге үйрету. 4. Қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін үйретуге оны дамытуға ынталандыру. Батыр бабалар дәстүрлерінше патриоттық, ерлік, қаһармандық рухында тәрбиелеу. Төмендегідей бағытпен оқушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру нәтижесінде, ақпарат құралдарындағы материалдарды талдай отырып, саяси санасын жетілдіреміз.
  • 3. Қазақстан республикасының мемлекеттік биліктері туралы әңгіме «АҚШ – тың әскери бөлімдерінің орталық Азия мемлекеттеріне орналасуына сенің көзқарасың» атты тақырыпқа пікір алысу «Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаттағы жетістіктері мен кемшіліктері» тақырыбына диспут Оқушылардың ақпарат құралдарындағы материалдарды талдай отырып, саяси санасының қалыптасуы Қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдауы Біздің мемлекетіміздің саяси жүйесін нақты мысалдармен түсіндіру «Қазақстанда оппозициялық топтардың болуы пайдалы ма?» тақырыбына пікірталас Оқушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру Оқушылардың «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет» түсінігін терең және жан-жақты білуі Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар туралы әңгімелер өткізу Президенттің әр жылғы Қазақстан халқына жолдауын оқушыларға жас ерекшеліктеріне қарай түсіндіріп отыру «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы бойынша жұмыс
  • 4. Қазақ этнопедагогикасы да патриоттық тәрбие беру міндеттерін жүйелі жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. Осы тұрғыдан алғанда, қазақтың ақындары мен ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-пікірлерін оқу-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін насихаттау, билер мен шешендердің өнегелі тәлім-тәрбиесіне негізделген жан-жақты тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық білім саласының маңызды проблемаларының бірі және әрбір тәрбиеші -ұстаздың басты парызы болып табылады. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау еткен. Халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлген. Мысалы: жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері Ақтамберді Сарыұлы: Жауға шаптым ту байлап, Жанды жүрек, қан қайнап. Шепті бұздым айғайлап, Ел-жұртты қорғайлап Дұшпаннан көрген қорлықтан Өлімге жүрміз бас байлап, - деп елінің бас бостандығы үшін жаумен жан аямай, кескілесе күресуге шақырса, ұлтжандылық тақырыптарына ой толғаған жауынгер-жазушы, қазақ халқының бір туар ұлдарының бірі Б.Момышұлы: «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу- сатқындықтың белгісі», - деп байыпты баға берген. Ал ұлттық тәрбие жүйесінің негізі ретінде М.Шахановтың мына бір өлең жолдары дәлел: Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала Әр адамның өз анасынан басқа Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада Болу керек құдіретті төрт ана: Туған жері – түп қазығы айбыны, Туған тілі - сатылмайтын байлығы. Туған дәстүр, салт-санасы тірегі, Қадамына шуақ шашар үнемі. Және туған тарихы еске алуға қаншама... Демек, «Қазақ патриотизмі – рухы биік жеке тұлғаны қалыптастырудағы ата-бабаларымыздың қаһармандық, батырлық, ерлік, отансүйгіштік тәлім-тәрбие беру идеалдарының жиынтығы»- деп айтуымызға болады. Оқу орындарында оқу- тәрбие жұмыстарын талапқа сай жоспарлап, дөңгелек стол, мақал-мәтелдердің мәнін ашу, ұлылар ұлағатын оқып үйрену, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні, ырым-тыйымдар, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған тәрбие сағаттары, ғылыми жоба қорғау, кездесулер, жарыстар, пікірсайыс т.б. іс- шаралар ұйымдастыру арқылы белгіленген мақсат-міндеттерді жүзеге
  • 5. асыруға болады. «Желтоқсан тағылымы» тақырыбында өткен тәрбие сағатынан мысал: Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау; тәуелсіздік бастауы – ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін түсіндіру; жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін білуге тәрбиелеу. Міндеті: - Желтоқсан оқиғасына өзіндік баға беру; - Жас ұрпақты патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Өзектілігі: Үш ғасыр бойы өзге елдің боданында жүрген еліміз үшін қазіргі таңда әлем картасында белді орынға ие болып, қуатты елдермен терезесі тең болуына өз септігін тигізген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын зерттеу қазіргі таңдағы ең көкейтесті мәселелердің бірі. Түрі: тарихи кеш Әдісі: сахналық көрініс, әдеби монтаж, әңгімелеу, тарихи дәйектемелер, ән, т.б. Қорыта айтқанда, ұлттың салт-дәстүріне құрметпен қарау, оның тілі мен ділін сыйлау, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану- қоғамның әрбір мүшесінің міндеті. Баланың сана-сезіміне ұлттық құндылықты сіңіре білсек, еліміздің ертеңі ашық, келешегі жарқын да нұрлы болмақ. Демек, Жаңа Қазақстан жаңа ғасырда ұлттық құндылығымен және білімді ұрпағымен ерекшеленбек. Олай болса, ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар, елін, жерін сүйетін ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін келешек ұрпақ тәрбиесіне, соның ішінде ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағыттауымыз қажет. «Елін қорғайтын ер болайық, Ерін қолдайтын ел болайық». Пайдаланылған әдебиеттер 1. «Ізденіс» Ғылыми журнал № 2, 2004 ж.
  • 6. 2. «Ұлт тағылымы» ғылыми-педагогикалық басылым №1,51999ж. №2, 2001 ж. 3. «Білім. Образование» ғылыми-педагогикалық журнал №3, 2002 ж. 4. «Білімдегі жаңалықтар»Ақпаратты-әдістемелік журналы. №2,3,2007 ж, № 4 2006 ж. 5. Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова. Педагогика. Астана, 2007 ж. 6. А. Мұсырманов «Тәрбие жұмысының модульдік технологиясының моделі» Алматы-2007ж. 7. Ә.Табылдиев «Қазақ этнопедагогикасы». Алматы-2001ж. 8. С.Г.Губашева, А.Ж.Отарбай «Тәрбие жұмысының әдістемесі» Астана-2007 ж.
  • 7. 2. «Ұлт тағылымы» ғылыми-педагогикалық басылым №1,51999ж. №2, 2001 ж. 3. «Білім. Образование» ғылыми-педагогикалық журнал №3, 2002 ж. 4. «Білімдегі жаңалықтар»Ақпаратты-әдістемелік журналы. №2,3,2007 ж, № 4 2006 ж. 5. Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова. Педагогика. Астана, 2007 ж. 6. А. Мұсырманов «Тәрбие жұмысының модульдік технологиясының моделі» Алматы-2007ж. 7. Ә.Табылдиев «Қазақ этнопедагогикасы». Алматы-2001ж. 8. С.Г.Губашева, А.Ж.Отарбай «Тәрбие жұмысының әдістемесі» Астана-2007 ж.