1. Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 2-сынып
Сабақтың тақырыбы: Бала Тұрар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Тұрар Рысқұловтың балалық шағының бір сәтінен мағлұмат беру,
қазақтың жазықсыз жазаға ұшыраған зиялылары туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Әңгімені мәнерлеп оқу және танымдық білімін арттыру, өз ойларын дұрыс
жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру; қабілетін, білімін, тіл байлығын, ой-
өрісін жан-жақты жетілдіру: сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жақсы - жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: Т. Рысқұлов суреті, оқулық, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Оқушыларды үш топқа бөліп, тапсырмалар беру:
а) Өлеңнен Біржанның қандай қасиеттерін байқадыңдар?
ә) Өлеңді жазған кім? Ол кісі туралы не білесіңдер? Жалған жаланың құрбаны болды дегенді қалай
түсінесіңдер?
б) С.Сейфуллиннің тағы қандай шығармаларымен таныссыңдар?
2. Жалпы класқа сұрақ:
а) Сал деген сөзді қалай түсінесіңдер?
ә) Ағызған қызыл тілден шекер балды деген өлең жолының мағынасын қалай түсіндіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ
Мектебі: Ақтөбе қаласы
№ 30 орта мектеп
Пәні: Әдебиет
Мұғалім: Жилкибаева Зауре Тулеугалиевна
Бастауыш класс мұғалімі
2. 1. - Сендер 1-кластан бастап жазықсыз жалаға ұшыраған ата-ағаларыңмен таныссыңдар. Сондықтан мына
сөзжұмбақты бәріміз бірлесе отырып шешейік.
1. "Байлық" әңгімесінің авторы. Д У Л А Т О В
2. Абайды әлемге танытқан адам. М Ұ Х Т А Р
3. Торғай даласында тұңғыш мектеп ашып, қоңырау соққан адам. Ы Б Ы Р А Й
4. Қазақ ғалымы кім? Ш О Қ А Н
5. Киіз үйдің сүйегі. К Е Р Е Г Е
- "Тұрар" сөзі шықты. Ол кісі туралы естігендерің бар ма?
2. Кіріспе әңгіме.
Рысқұлов Тұрар (1894-1943). Мектепті үздік бітіріп, Бішкек орман шаруашылығы техникумына түседі.
Ташкентке келіп мұғалімдер институтына түседі. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысады. Осы
көтерілісте ұсталып, түрмеге түседі. 1917 жылы Әулиеатаға келіп, большевиктер партиясына өтеді. Шерхан
Мұртазаның "Қызыл жебе" романынан алынып оқулыққа енгізілген үзінді "Бала Тұрар" деп аталады. Өздеріңе
таныс Мұхтар Әуезовтың "Қараш-қараш" оқиғасы фильмі Рысқұлов өміріне арналған.
3. Оқулықтағы Шерхан Мұртазаның "Бала Тұрар" әңгімесін оқып беру, мазмұнын түсіндіру.
4. Оқушылардың кезектесіп оқуы. Тыңдап отырған оқушылар өздеріне түсініксіз сөздері мен сөз тіркестерін
қарындашпен белгілеп отырады. Сөздік жұмысы осылай жүргізіледі. Оқушылардың тапқан сөздері
түсіндіріледі. селсоқ - немқұрайлы
тұрқы - сырт пішіні
ебедейсіз - икемсіз
Сергіту сәті
5. Тауып оқу.
1. Тұрардың бейнесі суреттелген тұсты тауып оқы.
2. Айбаровтың бейнесі суреттелген тұсты тауып оқы.
3. Ұстазы мен Тұрардың сөздерін тауып, екі балаға оқыту.
4. Ұстазы мен Айбаровтың сөздерін тауып, екі балаға оқыту.
5. Ұстазының Ломоносов жайлы әңгімесін тауып, оқыту.
6. Тұрар мен Айбаровты бірден төмендегідей салыстыру.
Тұрар Атамырза
Қабілетті, алғыр, оқуға құштар. Селсоқ, ебедейсіз
Байсалды, ақылды, есті. Қырсық, ақылы аз, мақтаншақ, ашуланшақ.
Кедей баласы Бай баласы
IV. Бекіту
- Өзіңді өзгеден артық санама. Ең әуелі өз мініңді тап, сонан кейін өзгені түзе. Атамырза сияқты болмау
керек. Адамды киіміне қарап бағалауға болмайды. Осыған ұқсас аңызды еске түсіру.
1. "Қожанасырдың тойға баруы."
2. Жақсы - жаман қасиеттер туралы мақал-мәтелдер айту.
V. Қорытынды
-Киімі жыртық, кедейден шыққан Ломоносов та әлемге әйгілі ғалым болды. Тұрар қазақ халқының
білімді азаматы, күрескері болып танылды.
VI. Үйге тапсырма
Үйге: "Бала Тұрар" әңгімесі.
VII. Бағалау