SlideShare uma empresa Scribd logo
1 de 32
Baixar para ler offline
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті
«Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту»
бағдарламасы бойынша шығарылды

¡îÿííû¤
¢àëû¤äûµû
Ертедегі бір елде, шалғыны мол көк белде шағын ауыл болыпты. Ауылдың ауасы
тәтті, алмасы шырын, тұрғындары еңбекқор екен. Осындағы бір үйде анасы мен
қызы өмір сүріпті. Бір күні олардың бақшасына белгісіз бір ұрылар түседі. Сөйтсе,
ұры дегендері қарапайым қояндар екен! Тап берген үй иелерінен қорыққан
қояндар жан-жаққа қашады. Тек арасындағы үлкен қоян
ғана орнынан қозғалмай тұрып қалыпты.

2
Кенет, күтпеген жерден: «Маған
қалыңдық боласың ба, сүйкімді қыз? Егер
келіссең, бақшаңа тиіспеймін, бауырларыма да
тыйым саламын» деп, қоян сайрап қоя жөнеліпті.
Таң қалған қызы мен анасы бұл ұсынысқа күліп жібереді. «Қандай ақылға сыймайтын ақымақтық! Мен
әлі кішкентаймын. Оның үстіне, қыздың қоянға тұрмысқа шыққанын қайдан көрдің?!» – дейді қыз. Тек алған
бетінен қайтпаған қоян: «Мен сенің жауабыңды күтемін»
деп, орамжапырақтың ортасына кіріп, жоқ болады!

3
Осыдан кейін бақша иелері күзетті күшейтіп, егістікті күнде
тексереді. Сөйтіп жүргенде, жалғыз тұратын көрші кемпірдің
үйіне қонаққа немере ұлы келеді. Өзі сондай сымбатты да
сыпайы екен. Ол бақша күзеткен сүйкімді қызбен тез танысып, түрлі ойындар ойнап, тіпті сыр бөлісетін болады. Бірде
қыз оған қоян туралы оқиғаны айтып берді.
– Қоянды неге ұнатпадың? – деп қызықтай сұрайды бала.
– Мен қоянға емес, ханзадаға тұрмысқа шығамын, ал қояндардың иісі маған ұнамайды! – деді қыз
бұртиып.

4
– Жарайды, онда ертең екеуміз бақшаны қояндардан
қорғайтын қоршау жасайық.
Баланың бұл ұсынысы қызға ұнайды. Ертеңіне балалар
ерінбей еңбектеніп, нәтижесінде мықты қоршау дайын
болады. Сүйкімді қыз сүйсіне қарап, қуанып тұр.
– Енді қояндар бақшаға кіре алмайды! Саған
үлкен рақмет. Жүр, үйге кір, – дейді қыз досын
қонаққа шақырып.

5
Екеуі асқа отыра бергенде, қыз баладан қоянның киімін киіп, билеп беруін өтінеді.
– «Доспын» дейсің, өзің мені қоянға айналдырып, келеке еткің келеді! – деп ренжиді бала.
– Сені мазақтағым келген жоқ. Осылайша қояндардан өшімді алсам деп едім, – дейді
қыз.
Өкпелеген бала үйіне кетіп қалады.
Достар бірін-бірі бірнеше күн
көрген жоқ.

6
Бір түні ұйықтай алмаған қыз бақшаға шықса, баяғы үлкен қоян тағы келіпті. Қыз оған ашуланып, ұрысады. Қоян:
«Менің қалыңдығым бол» деп, орамжапырақтың
ортасына кіріп, жоқ болады.

7
Таңертең анасы мен қызы бақшаны айналып,
қоянның кіретін жерін іздейді. Бірақ қоршау бұзылмаған, саңылау да жоқ. Қыз баладан көмек сұрайды.
Сөйтіп қайта татуласқан достар бірге
жүріп, қоян кіретін інді табады.
Түнде қыз іннің тұсына қақпан қояды
да: «Енді арсыз ұры бақшаға тағы
кіретін болса, қақпанға түседі!» деген оймен төсегіне келіп жатады. Ұйықтап жатып ол түс көреді.
Түсінде бір сұлу ханзадамен билеп жүр екен. Сол
кезде қатты дауыстан қыз шошып оянады. Жүгіріп
бақшаға келсе, қақпанға қоян
түсіпті.

8
– Сүйкімді қыз, аяғым ауырып барады. Мені қақпаннан босата
гөр, әйтпесе қазір жан тапсырамын, – деп жалынады қоян.
Қыз оны аяп кетеді. Қақпанның ауызын ашқаны сол екен,
есінен тана құлайды. Ал қоян қашып кетеді.

9
Күн сәулесі көзіне түсіп, шұғылаға
шомылып оянған қыз кешегі
оқиғаны «түсім» деп ойлайды. Және досына айтқанша
асығып, көршінің үйіне қарай
жүгіреді. Келсе, бала төсек
тартып жатып қалыпты. Жабырқаған қыз жасқана қарап:
– Саған не болды? –
деп сұрайды.
– Шатырды жөндеймін
деп құлап қалдым, енді
бірнеше күн жүре
алмайтын шығармын.

10
– Саған қандай көмек керек?
– Орамжапырақты аяғыма байласаң, тез жазыламын.
Қыз жүгіріп бақшасына келеді. Қараса, тапа-тал түсте
бақшада қояндар жүр. Қыз ашуланады.
Қояндар ханзадаларының ауырып қалғанын, жазылу үшін орамжапырақ керек екенін айтады.
– Жарайды, алыңдар, – дейді қыз.
Қояндар қызға орамжапырақты өзі алып
баруы керектігін айтады, бірақ қыз «бармаймын» деп бас тартады.

11
Қыз орамжапырақтың біреуін үзіп алып, досына қайта
оралады да, оған болған жайды айтып береді. «Қояндардың
ханзадасы қандай болады екен? Мүмкін оның құлағы өзгелерден ұзын, үлпілдек кеудесінде тұмары бар шығар»
деп достар мәз-мейрам болады.

12
Күн артынан күн, түн артынан түн өтіп жатады. Қыз бен
баланың достығы арта түседі. Бала емделіп жазылған соң,
екеуі қайта бірге ойнайды. Бірде бала:
– Біздер есейген соң, маған қалыңдық боласың ба? – деп
сұрайды.
– Мен тек ханзадаға тұрмысқа шығамын! Ал сен
менің жай досымсың ғой, – дейді қыз күліп.
Осылайша ұзақ уақыт қонақ болған баланың
өз үйіне қайтатын күні де келіп жетеді.

13
Достар қимай қоштасады. Қыздың көңілі қатты құлазиды.
Күні бойы бақшада анасына көмектесіп, досымен кездесетін
келесі жазды асыға күтеді. Осы кезде оны баяғы қояндар қайта
іздеп келеді:

14
– Сұлу қыз, біздің ханзаданың
қалыңдығы болшы! Біз сені патшалыққа алып кетеміз!
– Сендер неге мені жайыма қалдырмайсыңдар? «Ешқашан қоянға тұрмысқа шықпаймын» деп айттым емес
пе?! Мен үшін әлемдегі ең қымбат жан
– өзімнің досым! – дейді қыз налып.

15
Қояндар тағы кетіп қалады. Ал қыз ән салып жүріп,
бақшаны бабына келтіреді. Қиялдаған сайын алыстағы
арман жақындай түскендей. Бойжеткен кезін ойласа,
үлкен үйдегі бақытты өмірі елестейді. Сол кезде
бір қоян орамжапырақтың ортасынан атып
шығып, ханзаданың қалыңдығы болса, хан
сарайында тұратынын, бал жеп, сәбіз шырынын ішетінін айтады.

16
Қыз: «Маған ондай ханзаданың қажеті жоқ!» деп
оны қуып жібереді. Дегенмен, қояндар өз дегенінен
қайтпаған екен. Бір күні аспанды қара бұлт басып, түн
қоюлана түскенде, қалың ұйқыда жатқан қызды
ұрылар қапқа салып, алып қашады. Қатты
бұлқынып, қаптан босап шыға алмаған қыз,
енді ұрыларға жалына түседі. Бірақ қояндар
орманнан ұзап, қызды үйінен жыраққа
алып кете барады.

17
Қояндар ұзақ жүріп, қызды өз патшалығына алып келеді. Қаптан шығарып, бір
бөлмеге кіргізеді. Қараса, сол бөлмеде қолаяғы байланған досы отыр екен. Сол кезде
қояндардың бірі:
– «Досымнан артық қымбат жан
жоқ» деген едің. Енді ол аман болсын десең, біздің ханзадаға тұрмысқа
шығасың! – дейді.
Қояндар баланы бірнеше күн бойы
қамауда ұстап отырған екен. Қоянға

18
қалыңдық болғысы келмеген қыз жылап жібереді, бірақ бәрінен
бұрын ол досы үшін қайғырады.
Ешқандай да ханзада қажет емес, тек досы жанында болса
жеткілікті екенін де енді түсінген сияқты.
Осылай қояндар қызға қатаң шарт қойып, бөлек қамап қояды.
Ертесіне бір қоян той көйлегін алып келіп:
– Мына көйлекті ки! Күн ұясына батқан кезде, сен ханзада
қоянның қалыңдығы боласың! – дейді.
Досын құтқаруды ойлаған қыз амалсыз келіседі.
– Қазір ас үйге барамыз. Сен орамжапырақ қайнатып, тойға ас әзірлейсің. Ал мен тойға қонақтарды
шақырайын, – дейді қоян.

19
Сөйтіп қоян қызды жұмысқа салады.
– Ханзаданың өзі қайда? Кімнің қалыңдығы болғанымды
көрсем деп едім, – дейді қыз.
Сонда қоян:
– Ол – қояндардың арасындағы ең сұлу да сымбаттысы! Екеуің бақытты боласыңдар! Оның құлағы
бәрінен де ұзын! Өзі әрі батыл, әрі күшті, – деп
тамсанады.
– Сен ойыңды бөлмей, тағам
әзірле. Мен тезірек той
қамына кірісейін.

20
Қыз жылап жүріп ас әзірлейді. Дастарқан дайын болған соң, той көйлегін
киеді. Айнаға қараса, әдемілігі одан сайын арта түсіпті. Әсем көйлек өзін
одан әрі құлпыртып жібергендей. Басқа кез болса, мұндай сыйға
тек қуанар еді. Бірақ мына жағдайда оның көңілін жаңа
көйлек те көтере алмады. Осы кезде бір қоян кіріп,
қонақтардың жиналғанын айтады да, қалыңдықты
той алаңына ертіп шығады. Тойға патшалықтағы
бар қоян жиналыпты. Некелерін қию қарғаға
жүктеліпті. Куәгері – түлкі. Ханзада дегені
сол баяғы үлкен
қоян екен.

21
Сонымен не керек, үлкен қоян мен қыз некелеседі. Қонақтар қол соғып,
қуаныштарын білдіріп әлек. Тек қыздың көзінен жас тыйылар емес.
– Неге жылайсың? «Ханзадаға тұрмысқа шықсам» деп армандаған өзің
едің ғой! – дейді қоян қалыңдығына қарап.
– Маған ханзада керек емес, досымды босатыңдар! – дейді жас
қалыңдық қайғыға булығып.
Қыздың бұл көңіл-күйі қоянға ұнамайды. Сондықтан
ол көңілсіз қалыңдығын қайта қамап, өзі той тойлауға
шығып кетеді.

22
Ал сүйкімді қыз, ең бастысы – досының аман
қалғанын ойлап, өзін жұбатумен отырады. Кенет
есік сықырлап ашылғандай болады. Қараса,
досы байлауды амалын тауып шешіп, қашып
шығып, қызды іздеп келіпті.
– Сені әрең таптым ғой! Қояндар көрмей
тұрғанда, тезірек қашып кетейік! – дейді бала
құшақтай алып.
Қызға патшалық та, ханзада да керек емес екен. Әсем көйлекті көргісі жоқ! Қуанған ол өз көйлегін киіп, досы екеуі қол
ұстасқан күйде үйлеріне
қарай жүгіре жөнеледі.

23
Ал тойдан қайтқан ханзада түнделетіп үйіне келсе, қалыңдығы
қашып кетіпті. Ол құлағын қасып тұрып:
– Ханшайым болғысы келген қыз қоянға да тұрмысқа шығады,
бақытты болғысы келген ару сүйгенімен бірге болады, – деп
күбірлейді.
Қоян қыздың өзін ұнатпағанына өкінеді. Ешкімді де
қинап қалыңдық етуге болмайтынын түсінеді. Сөйтіп бұл оқиғаны тез ұмытуға тырысқан ол достарымен бірге қайта көңіл көтеруге аттанады.

24
ендір
кест
Сәй

Әр айсысыны көле келерін тап.

2

а

ə

3

б

4

в

5

г

Жауабы: 1-г, 2-в, 3-а, 4-ә, 5-б.

1

25
ог құр
иал
Д

26
тап
лығын
машы
Айыр

27
ямақ
Бо

28
Ғажайып нүктелер
Н ктелерді бір-бірімен сызы ар ылы ос,
шы ан суретті боя.

1
47
2

4

46

3
5

45
6

44

7
41

42

43

8

40

9
39

10

38

11
12

37

13

36

16

17

35

14
15

34
18
33
19
20
32

21

31

25
22

26

24

23

27

30

28
29

29
тап
лерді
пкер
Кейі

30
сан
Жұп

Әр оянны алдында анша
орамжапыра тан бар?
Жауаптарын жаз.

31
бақ
зжұм
Сө
2

Қ

3

Х

4

О

Б

Қ
Қ Ы З

Қ

Қ

О

Р Ш

А

У

6

А

5

1

Ы
Л

А

М
Ж
Н

Р
А

Х

Я

О

Қ

Жауабы:

З
Н

А Д

А

32

Көлдене інен:
2. ры;
3. К йеу жігіт;
4. ызды көмекшісі;
5. ыз бен бала жаса ан зат;
6. Ертегіні басты кейіпкері.

А
П

Т
Тігінен:
1. Ба ша өнімі.
1

Б

Сөзж мба ты шеш:

Mais conteúdo relacionado

Mais de Ernur Esenjolov

Mais de Ernur Esenjolov (8)

The walking dead_120_rus
The walking dead_120_rusThe walking dead_120_rus
The walking dead_120_rus
 
Naruto
NarutoNaruto
Naruto
 
Ertegi gulliverdin sayahati
Ertegi gulliverdin sayahatiErtegi gulliverdin sayahati
Ertegi gulliverdin sayahati
 
Ertegi maugli
Ertegi maugliErtegi maugli
Ertegi maugli
 
Ertegi shoshakai shelpek
Ertegi shoshakai shelpekErtegi shoshakai shelpek
Ertegi shoshakai shelpek
 
Kot vasilij
Kot vasilijKot vasilij
Kot vasilij
 
Domik dlja zajchika
Domik dlja zajchikaDomik dlja zajchika
Domik dlja zajchika
 
Abdusamat qasym
Abdusamat qasymAbdusamat qasym
Abdusamat qasym
 

Ertegi koyannin kalindigi

  • 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды ¡îÿííû¤ ¢àëû¤äûµû
  • 2. Ертедегі бір елде, шалғыны мол көк белде шағын ауыл болыпты. Ауылдың ауасы тәтті, алмасы шырын, тұрғындары еңбекқор екен. Осындағы бір үйде анасы мен қызы өмір сүріпті. Бір күні олардың бақшасына белгісіз бір ұрылар түседі. Сөйтсе, ұры дегендері қарапайым қояндар екен! Тап берген үй иелерінен қорыққан қояндар жан-жаққа қашады. Тек арасындағы үлкен қоян ғана орнынан қозғалмай тұрып қалыпты. 2
  • 3. Кенет, күтпеген жерден: «Маған қалыңдық боласың ба, сүйкімді қыз? Егер келіссең, бақшаңа тиіспеймін, бауырларыма да тыйым саламын» деп, қоян сайрап қоя жөнеліпті. Таң қалған қызы мен анасы бұл ұсынысқа күліп жібереді. «Қандай ақылға сыймайтын ақымақтық! Мен әлі кішкентаймын. Оның үстіне, қыздың қоянға тұрмысқа шыққанын қайдан көрдің?!» – дейді қыз. Тек алған бетінен қайтпаған қоян: «Мен сенің жауабыңды күтемін» деп, орамжапырақтың ортасына кіріп, жоқ болады! 3
  • 4. Осыдан кейін бақша иелері күзетті күшейтіп, егістікті күнде тексереді. Сөйтіп жүргенде, жалғыз тұратын көрші кемпірдің үйіне қонаққа немере ұлы келеді. Өзі сондай сымбатты да сыпайы екен. Ол бақша күзеткен сүйкімді қызбен тез танысып, түрлі ойындар ойнап, тіпті сыр бөлісетін болады. Бірде қыз оған қоян туралы оқиғаны айтып берді. – Қоянды неге ұнатпадың? – деп қызықтай сұрайды бала. – Мен қоянға емес, ханзадаға тұрмысқа шығамын, ал қояндардың иісі маған ұнамайды! – деді қыз бұртиып. 4
  • 5. – Жарайды, онда ертең екеуміз бақшаны қояндардан қорғайтын қоршау жасайық. Баланың бұл ұсынысы қызға ұнайды. Ертеңіне балалар ерінбей еңбектеніп, нәтижесінде мықты қоршау дайын болады. Сүйкімді қыз сүйсіне қарап, қуанып тұр. – Енді қояндар бақшаға кіре алмайды! Саған үлкен рақмет. Жүр, үйге кір, – дейді қыз досын қонаққа шақырып. 5
  • 6. Екеуі асқа отыра бергенде, қыз баладан қоянның киімін киіп, билеп беруін өтінеді. – «Доспын» дейсің, өзің мені қоянға айналдырып, келеке еткің келеді! – деп ренжиді бала. – Сені мазақтағым келген жоқ. Осылайша қояндардан өшімді алсам деп едім, – дейді қыз. Өкпелеген бала үйіне кетіп қалады. Достар бірін-бірі бірнеше күн көрген жоқ. 6
  • 7. Бір түні ұйықтай алмаған қыз бақшаға шықса, баяғы үлкен қоян тағы келіпті. Қыз оған ашуланып, ұрысады. Қоян: «Менің қалыңдығым бол» деп, орамжапырақтың ортасына кіріп, жоқ болады. 7
  • 8. Таңертең анасы мен қызы бақшаны айналып, қоянның кіретін жерін іздейді. Бірақ қоршау бұзылмаған, саңылау да жоқ. Қыз баладан көмек сұрайды. Сөйтіп қайта татуласқан достар бірге жүріп, қоян кіретін інді табады. Түнде қыз іннің тұсына қақпан қояды да: «Енді арсыз ұры бақшаға тағы кіретін болса, қақпанға түседі!» деген оймен төсегіне келіп жатады. Ұйықтап жатып ол түс көреді. Түсінде бір сұлу ханзадамен билеп жүр екен. Сол кезде қатты дауыстан қыз шошып оянады. Жүгіріп бақшаға келсе, қақпанға қоян түсіпті. 8
  • 9. – Сүйкімді қыз, аяғым ауырып барады. Мені қақпаннан босата гөр, әйтпесе қазір жан тапсырамын, – деп жалынады қоян. Қыз оны аяп кетеді. Қақпанның ауызын ашқаны сол екен, есінен тана құлайды. Ал қоян қашып кетеді. 9
  • 10. Күн сәулесі көзіне түсіп, шұғылаға шомылып оянған қыз кешегі оқиғаны «түсім» деп ойлайды. Және досына айтқанша асығып, көршінің үйіне қарай жүгіреді. Келсе, бала төсек тартып жатып қалыпты. Жабырқаған қыз жасқана қарап: – Саған не болды? – деп сұрайды. – Шатырды жөндеймін деп құлап қалдым, енді бірнеше күн жүре алмайтын шығармын. 10
  • 11. – Саған қандай көмек керек? – Орамжапырақты аяғыма байласаң, тез жазыламын. Қыз жүгіріп бақшасына келеді. Қараса, тапа-тал түсте бақшада қояндар жүр. Қыз ашуланады. Қояндар ханзадаларының ауырып қалғанын, жазылу үшін орамжапырақ керек екенін айтады. – Жарайды, алыңдар, – дейді қыз. Қояндар қызға орамжапырақты өзі алып баруы керектігін айтады, бірақ қыз «бармаймын» деп бас тартады. 11
  • 12. Қыз орамжапырақтың біреуін үзіп алып, досына қайта оралады да, оған болған жайды айтып береді. «Қояндардың ханзадасы қандай болады екен? Мүмкін оның құлағы өзгелерден ұзын, үлпілдек кеудесінде тұмары бар шығар» деп достар мәз-мейрам болады. 12
  • 13. Күн артынан күн, түн артынан түн өтіп жатады. Қыз бен баланың достығы арта түседі. Бала емделіп жазылған соң, екеуі қайта бірге ойнайды. Бірде бала: – Біздер есейген соң, маған қалыңдық боласың ба? – деп сұрайды. – Мен тек ханзадаға тұрмысқа шығамын! Ал сен менің жай досымсың ғой, – дейді қыз күліп. Осылайша ұзақ уақыт қонақ болған баланың өз үйіне қайтатын күні де келіп жетеді. 13
  • 14. Достар қимай қоштасады. Қыздың көңілі қатты құлазиды. Күні бойы бақшада анасына көмектесіп, досымен кездесетін келесі жазды асыға күтеді. Осы кезде оны баяғы қояндар қайта іздеп келеді: 14
  • 15. – Сұлу қыз, біздің ханзаданың қалыңдығы болшы! Біз сені патшалыққа алып кетеміз! – Сендер неге мені жайыма қалдырмайсыңдар? «Ешқашан қоянға тұрмысқа шықпаймын» деп айттым емес пе?! Мен үшін әлемдегі ең қымбат жан – өзімнің досым! – дейді қыз налып. 15
  • 16. Қояндар тағы кетіп қалады. Ал қыз ән салып жүріп, бақшаны бабына келтіреді. Қиялдаған сайын алыстағы арман жақындай түскендей. Бойжеткен кезін ойласа, үлкен үйдегі бақытты өмірі елестейді. Сол кезде бір қоян орамжапырақтың ортасынан атып шығып, ханзаданың қалыңдығы болса, хан сарайында тұратынын, бал жеп, сәбіз шырынын ішетінін айтады. 16
  • 17. Қыз: «Маған ондай ханзаданың қажеті жоқ!» деп оны қуып жібереді. Дегенмен, қояндар өз дегенінен қайтпаған екен. Бір күні аспанды қара бұлт басып, түн қоюлана түскенде, қалың ұйқыда жатқан қызды ұрылар қапқа салып, алып қашады. Қатты бұлқынып, қаптан босап шыға алмаған қыз, енді ұрыларға жалына түседі. Бірақ қояндар орманнан ұзап, қызды үйінен жыраққа алып кете барады. 17
  • 18. Қояндар ұзақ жүріп, қызды өз патшалығына алып келеді. Қаптан шығарып, бір бөлмеге кіргізеді. Қараса, сол бөлмеде қолаяғы байланған досы отыр екен. Сол кезде қояндардың бірі: – «Досымнан артық қымбат жан жоқ» деген едің. Енді ол аман болсын десең, біздің ханзадаға тұрмысқа шығасың! – дейді. Қояндар баланы бірнеше күн бойы қамауда ұстап отырған екен. Қоянға 18
  • 19. қалыңдық болғысы келмеген қыз жылап жібереді, бірақ бәрінен бұрын ол досы үшін қайғырады. Ешқандай да ханзада қажет емес, тек досы жанында болса жеткілікті екенін де енді түсінген сияқты. Осылай қояндар қызға қатаң шарт қойып, бөлек қамап қояды. Ертесіне бір қоян той көйлегін алып келіп: – Мына көйлекті ки! Күн ұясына батқан кезде, сен ханзада қоянның қалыңдығы боласың! – дейді. Досын құтқаруды ойлаған қыз амалсыз келіседі. – Қазір ас үйге барамыз. Сен орамжапырақ қайнатып, тойға ас әзірлейсің. Ал мен тойға қонақтарды шақырайын, – дейді қоян. 19
  • 20. Сөйтіп қоян қызды жұмысқа салады. – Ханзаданың өзі қайда? Кімнің қалыңдығы болғанымды көрсем деп едім, – дейді қыз. Сонда қоян: – Ол – қояндардың арасындағы ең сұлу да сымбаттысы! Екеуің бақытты боласыңдар! Оның құлағы бәрінен де ұзын! Өзі әрі батыл, әрі күшті, – деп тамсанады. – Сен ойыңды бөлмей, тағам әзірле. Мен тезірек той қамына кірісейін. 20
  • 21. Қыз жылап жүріп ас әзірлейді. Дастарқан дайын болған соң, той көйлегін киеді. Айнаға қараса, әдемілігі одан сайын арта түсіпті. Әсем көйлек өзін одан әрі құлпыртып жібергендей. Басқа кез болса, мұндай сыйға тек қуанар еді. Бірақ мына жағдайда оның көңілін жаңа көйлек те көтере алмады. Осы кезде бір қоян кіріп, қонақтардың жиналғанын айтады да, қалыңдықты той алаңына ертіп шығады. Тойға патшалықтағы бар қоян жиналыпты. Некелерін қию қарғаға жүктеліпті. Куәгері – түлкі. Ханзада дегені сол баяғы үлкен қоян екен. 21
  • 22. Сонымен не керек, үлкен қоян мен қыз некелеседі. Қонақтар қол соғып, қуаныштарын білдіріп әлек. Тек қыздың көзінен жас тыйылар емес. – Неге жылайсың? «Ханзадаға тұрмысқа шықсам» деп армандаған өзің едің ғой! – дейді қоян қалыңдығына қарап. – Маған ханзада керек емес, досымды босатыңдар! – дейді жас қалыңдық қайғыға булығып. Қыздың бұл көңіл-күйі қоянға ұнамайды. Сондықтан ол көңілсіз қалыңдығын қайта қамап, өзі той тойлауға шығып кетеді. 22
  • 23. Ал сүйкімді қыз, ең бастысы – досының аман қалғанын ойлап, өзін жұбатумен отырады. Кенет есік сықырлап ашылғандай болады. Қараса, досы байлауды амалын тауып шешіп, қашып шығып, қызды іздеп келіпті. – Сені әрең таптым ғой! Қояндар көрмей тұрғанда, тезірек қашып кетейік! – дейді бала құшақтай алып. Қызға патшалық та, ханзада да керек емес екен. Әсем көйлекті көргісі жоқ! Қуанған ол өз көйлегін киіп, досы екеуі қол ұстасқан күйде үйлеріне қарай жүгіре жөнеледі. 23
  • 24. Ал тойдан қайтқан ханзада түнделетіп үйіне келсе, қалыңдығы қашып кетіпті. Ол құлағын қасып тұрып: – Ханшайым болғысы келген қыз қоянға да тұрмысқа шығады, бақытты болғысы келген ару сүйгенімен бірге болады, – деп күбірлейді. Қоян қыздың өзін ұнатпағанына өкінеді. Ешкімді де қинап қалыңдық етуге болмайтынын түсінеді. Сөйтіп бұл оқиғаны тез ұмытуға тырысқан ол достарымен бірге қайта көңіл көтеруге аттанады. 24
  • 25. ендір кест Сәй Әр айсысыны көле келерін тап. 2 а ə 3 б 4 в 5 г Жауабы: 1-г, 2-в, 3-а, 4-ә, 5-б. 1 25
  • 29. Ғажайып нүктелер Н ктелерді бір-бірімен сызы ар ылы ос, шы ан суретті боя. 1 47 2 4 46 3 5 45 6 44 7 41 42 43 8 40 9 39 10 38 11 12 37 13 36 16 17 35 14 15 34 18 33 19 20 32 21 31 25 22 26 24 23 27 30 28 29 29
  • 31. сан Жұп Әр оянны алдында анша орамжапыра тан бар? Жауаптарын жаз. 31
  • 32. бақ зжұм Сө 2 Қ 3 Х 4 О Б Қ Қ Ы З Қ Қ О Р Ш А У 6 А 5 1 Ы Л А М Ж Н Р А Х Я О Қ Жауабы: З Н А Д А 32 Көлдене інен: 2. ры; 3. К йеу жігіт; 4. ызды көмекшісі; 5. ыз бен бала жаса ан зат; 6. Ертегіні басты кейіпкері. А П Т Тігінен: 1. Ба ша өнімі. 1 Б Сөзж мба ты шеш: